Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде


Сыныптар Зертханалық жұмыс саны



бет158/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Сыныптар

Зертханалық жұмыс саны

Модельдеу саны

ЖМБ 10 сынып

8

4

ҚГБ 10 сынып

5

1

ЖМБ 11 сынып

13

3

ҚГБ 11 сынып

7

2

Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны дербес зерттейді.


Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) қарастырылған. Төменде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген


81-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны

ЖМБ 10 сынып

2

3

3

3

ҚГБ 10 сынып

2

3

3

3

ЖМБ 11 сынып

2

3

3

3

ҚГБ 11 сынып

2

3

3

3

«Химия» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған "Химия" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген.
Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген.
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру.
Негізгі міндеттері:
1) заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар);
2) зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру тәжірибелерін қалыптастыру;
3) жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа әдісін қалыптастыру;
4) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, "Химия" пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік құзіреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
«Химия» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
Жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады:

  • заттардың бөлшектері;

  • химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;

  • химиялық реакциялардың энергетикасы;

  • химия және қоршаған орта;

  • химия және өмір.

«Заттардың бөлшектері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: атомдар, иондар және молекулалар; атом құрамы мен құрылысы, атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы; химиялық байланыстың түрлері.
«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: периодтық заң мен периодтық жүйе; заттар массасының сақталу заңы; стандартты электрондық потенциалдар.
«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар; химиялық реакцияның жылдамдығы; химиялық тепе-теңдік; қышқылдар мен негіздер теориялары. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер.
«Химия және қоршаған орта» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: Жер химиясы; көміртек және оның қосылыстары.
«Химия және өмір» бөлімі «Биохимия» бөлімшесінен тұрады.
«Химия» оқу пәнінің жаңартылған бағдарламасына келесідей жаңа бөлімдер енгізілді:
Аналитикалық әдістер
Қышқыл және негіздер теориясы
Кешенді қосылыстар
Жаңа заттарды және материалдарды өндіру
Сонымен қатар төмендегі тақырыптар тереңірек оқытылады:

  • Атом құрылысы

  • Периодтық заң

  • Химиялық байланыс

  • Кинетика

  • Термодинамика

  • Химиялық тепе-теңдік

  • Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама ерекшеліктерінің бірі – теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақта өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу. Жаңартылған бағдарламада қауіпсіз зертханалық сынақтар, тәжірибелік жұмыстар, көрсетілімдер, үйдегі химиялық ғылыми тәжірибелерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы зерттеу дағдыларын және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қарастырылған.
Төменде 81-кестеде химия бойынша практикалық, зертханалық жұмыстар мен демонстрациялар тізімі берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет