ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет24/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



7-сыныпта  физиканы  сапалы  меңгеру  6-сыныпта  математикадан,  7-

сыныпта алгебра және геометриядан алған білімдеріне негізделетініне назар 

аудару қажет. 

Физика  және  химия  пәндерінде:  атом,  молекула,  физикалық  және 

химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық күйі тәрізді көптеген ортақ 

ұғымдар  зерттеледі.  Осы  шамаларды  және  оларды  қолдану  мен  түсіндіруде 

бірдей анықтаманы қолдану қажет. 

Физика мен биологияның өзара байланысы ретінде жалпы және ішінара 

пайымдау,  табиғаттың  біртұтастығын  түсіну  қабілеті  және  физика 

заңдарының әсері туралы білім алушылардың биологиядан алған білімдерін 

кеңейтуіне 

көмектеседі. 

Ол 

биологияның 



әдістерін 

физикамен 

байланыстырып пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.  

Физика  пәні  сабақтарының  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  физикалық 

шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, 

көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау.  

Физика  пәнінің  негізі  физикалық  шамаларды  тәжірибе  жүзінде 

анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және 

нәтижені  талдау.  Сондықтан  білім  алушылар  тәжірибелерді  жасап  қана 

қоймай,  мәліметтерді  жинақтау,  талдау,  градиентті  тәуелділігі  мен  табуға 

қатысты  кестені  құрастыру,  тәжірибені  өткізуге  әсер  ететін  факторларды 

анықтау  және  оның  нәтижесін  көре  білуі  керек.  Сондағана  білім  алушы 

зерттеу  жолын  жеке  меңгереді  және  қандай  да  болмасын  физика 

заңдылығына  қатысты  қорытынды  жасай  алады.  «Орындалуға  міндетті 

практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  тізімі»  білім  алушыларға  пән 

бойынша  жаңа  білім  алып,  зерттеу  дағдыларын  дамытуға  мүмкіндік 

беретіндей етіп іріктелген. 

7-сыныпқа  «Сырғанау  үйкеліс  күшін  зерттеу»,  «Жазық  фигураның 

массалар  орталығын  анықтау»  атты  екі  зертханалық  жұмыс  қосылды. 

Барлығы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыс қамтылған.  

8-сыныпта  үш  бөлім  яғни  «Жылу  физикасы»,  «Электр  және 

магнетизм», «Геометриялық оптика» оқытылады. 

9-сыныпта 

«Кинематика 

негіздері», 

«Астрономия 

негіздері», 

«Динамика  негіздері»,    «Сақталу  заңдары»,  «Тербелістер  және  толқындар», 

«Атом  құрылысы.  Атомдық  құбылыстар»,  «Атом  ядросы.  Ядролық  өзара 

әрекеттесу», «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімдері оқытылады. 

9-сыныпта  4  10  зертханалық  жұмыс  және  6  практикалық  жұмыс 

қамтылған. 

Қолданбалы  материалды  теориялық  зерделеу  кезiнде  оның  мазмұны, 

негiзiнен,  адамзат  қоғамындағы  жаратылыстану  ғылымдарының  рөлiн 

көрсетуге,  білім  алушылардың  ғылым  жетiстiктерiн  әртүрлi  көзқарас 

тұрғысынан  бағалай  алуға,  ғылыми-техникалық  прогреске  байланысты 

туындайтын 

экологиялық 

проблемаларды 

түсiнуге 

бағытталатыны 

қарастырылады. 

Физикалық  заңдарды  тұжырымдау  мен  оларды  түсіндіруде 

математикалық  аппаратты  қолдануына  назар  аударылады.  Математиканың 



188 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



физикамен  байланысының  айқын  мысалының  бірі  –  физикалық  шамалар 

арасындағы функциялық тәуелділікті және функциялар графигін пайдалану. 

Физика  мұғалімі  білім  алушылардың  есептеу  шеберліктері  мен  дағдыларын 

ойдағыдай  қалыптастыру  мақсатында  алдынала  математика  мұғалімдерімен 

бірігіп, ортақ әдістерді қолдануға болады.  

«Физика»  мен  «Химия»  ғылым  ретінде  бір-бірін  өзара  толықтырып 

отырады.  Өйткені,  бұл  екі  ғылым  табиғаттағы  құбылыстар  мен  процестерді 

өз  тұрғыларынан  қарастырады.  Физика  мен  химия  үшін  өте  маңызды  ортақ 

ұғымдардың  қатарына  зат,  масса,  салмақ,  энергия  ұғымдары,  сондай-ақ 

энергияның,  электр  зарядының,  электр  өрісінің  сақталу  және  айналу  заңы, 

молекулалық-кинетикалық және электрондық теория жатады.  

Физика  мен  химияның  пәнаралық  аса  маңызды  теориялық 

байланыстары  екеуінде  бірдей:  атом  құрылысы  теориясын  оқып  үйренуде 

айқын көрініс алады. 

Сабақта жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, 

ақпарат  көздері)  пайдалануға  бағытталған  оқу-жобалау  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының 

белсенділігін 

арттыру 

ұсынылады. 

Технология, 

медицина, 

ауыл 

шаруашылығы,  өнеркәсіп  пен  энергетиканың  әртүрлі  саласындағы 



жетістіктер  ғылыми  идея  мен  ғылыми  прогресс  дамуының  жарқын 

мысалдары болып табылады. 

Мысалы оған төмендегідей мақсаттар берілген: 

-  техникада  және  тұрмыста  жылу  беру  түрлерінің  қолданылуына 

мысалдар келтіру; 



-   әртүрлі  температураларда  тірі  ағзалардың  бейімделуіне  мысалдар 

келтіру; 



-  жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау; 

-  жылу  машиналарының  қоршаған  ортаның  экологиясына  әсерін 

бағалау; 



-   Қазақстанда  және  дүниежүзінде  электр  энергиясын  өндірудің 

мысалдарын  келтіру. 

Білім алушылардың базалық білімдерін практикада бекіту зертханалық 

және практикалық жұмыстарды орындау кезінде жүзеге асырылады. 

8-сыныптыңзертханалық  жұмысында  №3«Ауаның  ылғалдылығын 

анықтау»зертханалық  жұмысы  алынып  тасталып,  оның  орнына  №  6 

«Өткiзгiштердi  тiзбектей  және  параллель  қосуды  зерделеу»  зертханалық 

жұмысы  екіге  бөлініп,  №5  «Өткiзгiштердi  тiзбектей  қосуды  зерделеу» 

зертханалық  жұмысы  және  №6  «Өткiзгiштердi  параллель  қосуды 

зерделеу»зертханалықжұмысы  берілген.  Барлығы  10  зертханалықжұмыс 

және 30 практикалық жұмыс қамтылған.  

Физика  пәнінің  мұғалімдерінеғылыми  тілді  қалыптастыру  мақсатында 

білім  алушылардың  сөздік  қорын  байыту,  үш  тілдегі  физикалық 

терминдермен  таныстыру  бойынша  жүйелі  жұмыстар  жүргізу;физикалық 

процестерге  диаграммалар,  сызбалар,  жалпылама  және  талдау  кестелерін 

жасай  білу  дағдыларын,  баяндау,  сипаттау,  салыстыру,  графикті  талдау, 



189 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қорытынды  жасау  және  жалпылама  қорыту  (жазбаша  және  ауызша) 

дағдыларын  қалыптастыру;есептердің  шешімін  сауатты  ресімдеуге  назар 

аудару;жүргізілген  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар  бойынша 

кеңейтілген  жазбаша  есептерді  немесе  ауызша  баяндамаларды  дайындай 

білуді дамыту; білім алушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, 

олардың  пікірлерінің  қисындылығы  және  дәлелдермен  түйінделу  дәрежесін 

арттыру  ұсынылады.  Ол  үшін  сабақты  жоспарлау  кезінде  белгілі  бір 

біліктілік,  дағдыларды  қалыптастырытын  қолайлы  тақырыптарды  таңдау 

қажет. 

Зертханалық  және  практикалық  жұмыстың  қажетті  көлемін  орындау 



үшін  ақпараттық  және  компьютерлік  технологияларды  (виртуалды  жұмыс) 

пайдалану ұсынылады. 

Зертханалық  және  практикалық  жұмыстарды  әзірлеу  кезінде 

эксперименттік деректер мен қортындыны жасауға басты назар аудару қажет. 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  мұғалімдерге 

көмек ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (7-9-сыныптар)оқу 

пәнін  оқыту  бойынша  әдістемелік  ұсынымдамалар  әзірледі.  Әдістемелік 

ұсынымдамаларды Академияның сайтынан (www.nao.kz) алуға болады. 

 

 

 


190 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Физика» пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

49 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны 


 

Сынып 


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

7-сынып 




8-сынып 




9-сынып  







 

 

 «География»  

 

«География» пәнінің мазмұныкелесі жүйелі-әрекеттік нәтижелерге қол 

жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс:  

-  функционалдық  білім  мен  білік,  жоспарлау  дағдылары,  талдау  мен 

өңдеу,  түсіндіру,  жүйелеу,  алгоритм  бойынша  жұмыс  істеудің  қалыптасуы; 

зерттеушілік, тәжірибе-эксперименттік дағдыларды жетілдіру;  

-  бағалау  мен  қорытынды  жасауды  тиянақтау;  әлемнің  заманауи 

ғылыми-жаратылыстану 

бейнесінің 

негізін 


қалаушы 

түсініктерді, 

заңдылықтарды,  теориялар  мен  принциптерді,  табиғатты  танудың  ғылыми 

әдістері,  табиғатты,  экономиканы  және  қоғамды  кешенді  зерделеу  негізінде 

адамзаттың жаһандық және жергілікті проблемаларын түсіну;  

-  экологиялық  мәдениеттің,  ғылыми,  жобалық  және  кеңістіктік 

ойлаудың дамуы;  

-  патриоттық  сезімді,  қоршаған  ортаға  жауапкершілікпен  қарауды 

тәрбиелеу;  

-  білім  алушылардың  ғылыми-жаратылыстану  бағыттары  бойынша 

кәсіптік бағдарын жүзеге асыру. 

Бағдарламаның  шиыршықты  құрылымына  байланысты  8-сыныптағы 

пән  мазмұны  білім  алушылардың  өткен  оқу  жылында  алған  білімдері  мен 

дағдыларын одан әрі тереңдетеді және дамытады. 

«Географиялық  зерттеу  әдістері»  бөлімінде  географиялық  ақпаратты 

визуалдау, өз зерттеулерінде далалық, картографиялық, теориялық әдістерді 

қолдану,  сандық  және  сапалық  деректерді  өңдеу  мен  талдау,  еліктемелік 

(иммитациялық),  графиктік,  мәтіндік,  математикалық  және  басқа  да 

модельдер  құрастыру,  жұмыс  нәтижесін  түрлі  формада  ұсыну  дағдыларын 

одан әрі дамытуға көңіл аудару қажет. 

«Картография  және  географиялық  деректер  базасы»  бөлімінде  білім 


191 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



алушыларды  тақырыптық  карталарды  жіктеуді  және  оқуды,  сонымен  қатар 

оларды  қосымша  сипаттайтын  профиль,  диаграмма,  график,  кесте  тәрізді 

элементтерін  құрастыруды  үйрету  қажет.  Географиялық  номенклатура 

нысандарымен жұмыс істеу  дағдалырын  дамытуды жалғастыру ұсынылады. 

Білім  алушылар  тілдік  дағдыларын  дамытуларымен  қатар,  сәйкес 

түсініктемелер  бере  отырып  географиялық  нысандарды  картадан  батыл 

көрсетуді  де  үйренулері  тиіс.  Егер  7-сыныпта  бұл  бөлім  бойынша 

географиялық  деректердің  кесте  түріндегі  қарапайым  базасын  жасау 

қарастырылған  болса,  8-сыныпта  тиісті  оқыту  мақсаттарына  қолжеткізуде 

АКТ біртіндеп қолдану қарастырылған. 

7-сыныпта  «Литосфера» бөлімі бойынша  жер  қыртысының құрылысы, 

ірі геотектуралар оқытылады. 8-сыныпта тақырып жер бедері түрлерінің, тау 

жыныстары 

мен 


минералдардың, 

пайдалы 


қазбалардың 

таралу 


заңдылықтарын  оқумен  жалғастырылады.  Бұл  бөлімді  жергілікті  жер 

бедерінің тұрғындардың тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға 

берумен қорытындылау ұсынылады. Білім алушылардың өз ойларын дәлелді 

жеткізулеріне көңіл аудару қажет. 

7-сыныпта  «Атмосфера»  бөлімінде  метеорологиялық  құбылыстар,  ауа 

райы  мен  оның  элементтері  зерделенеді.  8-сыныпта  жер  шарының  түрлі 

бөліктеріндегі  климаттың  ерекшеліктерін  қарастыру  ұсынылады.  Сонымен 

қатар, климатты, атмосфераның ғаламдық циркуляциясы оқытылады.  

7-сыныпта  «Гидросфера»  бөлімндеі  Дүниежүзілік  мұхит  және  оның 

бөліктерін  оқудан  басталады  да,  құрлық  суларын  оқумен  жалғастырылады. 

Бұл  тақырыпты  оқу  барысында  қазақстандық  және  жергілікті  компонентті 

қосымша қамтуға баса назар аударылуы тиіс.  

«Биосфера»  бөлімі  бойынша  7-сыныпта  биосфераның,  топырақтың 

құрамы мен құрылымы, ал 8-сыныпта табиғат зоналары мен Жердің биіктік 

белдеулері оқытылады. Сонымен қатар балалар өсімдік әлемі мен жануарлар 

дүниесін қорғаудың қажеттілігін дәлелдейді, қорғау жолдарын ұсынады. 

«Табиғи-аумақтық  кешендер»  бөлімі  бойынша  өткен  оқу  жылында 

«Табиғи-аумақтық  кешендер»  ұғымы,  олардың  пайда  болу  шарттары  мен 

мысалдары, кеңістіктік рангтары анықталған болатын. Биылғы оқу жылында 

білім  алушылар  географиялық  қабықты  планетарлық  масштабтағы  табиғи-

аумақтық кешен ретінде және оның даму заңдылықтарымен танысады. 

7-сыныпта «Халық географиясы» бөлімі бойынша адамзаттың нәсілдік 

және  діни  құрамы  оқытылады.  8-сыныпта  халық  санының  және 

құрылымының  негізгі  көрсеткіштерін  есептеу  арқылы  дүниежүзіндегі, 

Қазақстан  Республикасындағы  және  өлкедегі  демографиялық  жағдайды 

анықтау бойынша жүйелі әрекет басталады. 

«Табиғи  ресурстар»  бөлімі  бойынша  7-сыныпта  «табиғи  ресурс» 

ұғымы, оларды жіктеудің негізгі тәсілдері мен шоғырлану орындарына көңіл 

аударылады. 8-сыныпта білім алушылар табиғат ресурстарын экономикалық 

және 


экологиялық 

тұрғыдан 

бағалайды, 

дүниежүзінің 

жекелеген 

аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін анықтайды. 

«Әлеуметтік-экономикалық 

ресурстар» 

бөлімінде 

көлік 


және 

192 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



әлеуметтік  инфрақұрылым  туралы  білім  беріледі.  8-сыныпта  сауда  және 

қаржы инфақұрылымы оқытылады. 

«Дүниежүзілік  шаруашылықтың  салалық  және  аумақтық  құрылымы» 

бөлімінде  білім  алушылар  дүниежүзі  шаруашылығын  өнеркәсіп  және  ауыл 

шаруашылығына  жіктеудің  қарапайым  түрімен  танысады.  8-сыныпта 

дүниежүзілік  шаруашылықты  өндіруші,  өңдеуші  және  қызмет  көрсету 

салаларына  жіктеуді,  сонымен  қатар  аталған  салалардың  қызметін 

ұйымдастыру  түрлеріне  сипаттама  беруді,  түрлі  салалардың  өнеркәсіпті 

орналастыру  факторларына  талдау  жасауды,  дүниежүзі  шаруашылығы 

салаларын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді.  

«Елтану  және  саяси  география  негіздері»  бөлімінде  7-сынып  білім 

алушылары  дүниежүзі  елдерінің  географиялық  және  экономикалық-

географиялық  жағдайына  баға  беру  ерекшеліктерін  зерделейді.  8-сыныпта 

дүниежүзінің  саяси  картасын,  оның  негізгі  нысандары  мен  олардың 

ерекшеліктерін,  картадағы  сандық  және  сапалық  өзгерістерді,  дүниежүзі 

елдерінің саяси ынтымақтастығының қажеттілігі мен ерекшеліктерін оқиды.  

Пәннің  үлгілік  оқу  бағдарламасында  шиыршықты  оқу  мақсаттары 

қарастырылған.  Бағдарламаның  бірінші  және  екінші  бөлімдеріндегі 

мақсаттар әр бөлімде қайталанып отырады. Оларды оқу және дамыту екі рет, 

яғни: бірінші рет – бірінші тоқсанда дербес тақырыптар мен сабақтар ретінде, 

екінші  рет  –  келесі  бөлімдердің  барлық  тақырыптарын  оқу  барысында 

шиыршықты  мақсаттар  ретінде  жүзеге  асырылуы  арқылыжүзеге  асыруды 

қамтамасыз етеді. 

Тапсырмалардың  белгілі  бір  бөлігі  оқу  бағдарламасындағы 

«Географиялық  зерттеу  әдістері»  мен  «Картография  және  географиялық 

деректер  базасы»  бөлімдерінің  шиыршықты  мақсаттарын  жүзеге  асыруды 

қарастырады,  сонымен  қатар  барлық  бөлімдердің  оқылатын  тақырыбының 

мақсаттарын толықтырады. Бұл мақсаттар бойынша әр сабақтың тәжірибеге 

бағытталуын  қамтамасыз  ететін  зерттеушілік  және  картографиялық 

дағдыларды  қалыптастыруға  арналған  тапсырмаларды  әзірлеуді  қарастыру 

қажет. 

8-сыныпта  материктердің  ерекшеліктері  зерделенеді.  Оқытудың 



стандарттық,  ақпараттық  тәсіліне  қарағанда,  жаңартылған  мазмұндағы 

үлгілік оқу бағдарламасы оқытудың белсенді мақсаттары арқылы планетаның 

материктерін  әрекетті  зерделеуді  талап  етеді.  Бұл  білім  алушылардың  әр 

түрлі  ақпарат  көздерін  және  салыстыру,  талдау,  бағалау  және  жинақтау 

тәрізді ойлау операцияларын қолдана отырып, әрбір материктің ерекшелігін 

анықтайды. 

«Туған  жер»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында  үлгілік  оқу 

жоспарында  қазақстандық  және  өлкетанулық  материалдарды  қамту 

қарастырылған. 

9-сыныпта 

Қазақстан 

географиясы 

оқытылады, 

бағдарламада 

Географиялық  зерттеу  әдістері.  Зерттеу  және  зерттеушілер.  Қазақстандық 

географтардың  зерттеулері,  Картография  және  географиялық  деректер 

базасы,    Физикалық  география.  Литосфера.  Қазақстан  аумағының 


193 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



геологиялық  тарихы  және  тектоникалық  құрылымы.  Қазақстанның  басты 

орографиялық  нысандары.  Қазақ  оронимдері,  Әлеуметтік  география.  Халық 

географиясы. Қазақстан халқының ұлттық және діни құрамы, Экономикалық 

география.  Табиғи  ресурстар.  Қазақстанның  табиғи-ресурстық  әлеуеті, 

Елтану  және  саяси  география  негіздері.  Дүниежүзі  елдері.  Елдердің 

экономикалық  даму  деңгейі  бойынша  топтастырылуы.  Халықаралық 

ұйымдардың  деңгейлері  мен  мақсаттары.  Қазақстан  Республикасының 

әлеуметтік,  экономикалық,  саяси-географиялық  жағдайы.  Қазақстандағы 

саяси-әкімшілік хоронимдер оқытылады. 

Мұғалімнің 

білім 

алушылардың 



танымдық 

қызығушылық 

ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  неғұрлым  қызықты  және  шығармашылық 

тапсырмаларды таңдау мүмкіндігі бар.  

Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың 

ішінен  қажетті  ақпаратты  табу,  оны  талдау  және  түсіндіру,  бағалау  және 

қойылған мақсатқа жету үшін қолдану тәрізді жұмыс түрлерін істеуге үйрету 

маңызды болып табылады. 

Негізгі оқу материалы сабақта меңгерілуі тиіс екеніне көңіл аударамыз. 

Оқылмаған  материалды,  сонымен  қатар  географиялық  номенклатура 

нысандарын  үйде  оқуға  тапсыру  мүмкін  емес.  Үй  тапсырмасының  басты 

қызметі – сабақта меңгерілген білім мен біліктерді бекіту болып табылады. 

 

7-сыныпқа  арналған «География»  оқу пәнінің «Физикалық 



география»  бөліміне  өлкетану  бойынша  екі  тақырып  енгізілді: 

«Туған  өлкенің  флорасы  мен  фаунасы»  және  «Менің  өлкемнің 

визит  карточкасы:өлкетанулық  деректер  қорын  дайындау». 

Аталған  тақырыптарды  оқыту  кезінде  өзінің  туған  өлкесіне  тән  өсімдіктер 

мен  жануарларды  зерттеу  бойынша  ұжымдық  жұмыстарды,  оларды  қорғау 

жөнінде 


іс-шараларды 

ұйымдастыру, 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау ұсынылады. 



 

«География» пәні бойынша жиынтық бағалау  

рәсімдерінің саны  

 

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 



бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан  сайын 1 рет тоқсандық 

жиынтық  бағалау  (ТЖБ)  өткізу  қарастырылған.  Төменде  оқу  пәнінен 

бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ)  рәсімдерінің  нақты 

саны көрсетілген. 

50 кесте - Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің 

саны 


 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны  

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

7-сынып 






194 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



8-сынып 



9-сынып 





 

«Биология»  оқу  пәнін  оқытуда  оқу  процесін  ұйымдастырудағы 



ерекшеліктер 

 

Биологиялық  ғылымдар  тірі  организмдердің  құрылымы  мен 

функцияларын,  олардың  дамуы  мен  тіршілік  ортасымен  өзара  қарым-

қатынасын  зерттейді.  Қазіргі  заманғы  көзқарастар  бойынша  өмір  –  бұл  ірі 

органикалық  молекулалардан  тұратын  және  энергия  мен  қоршаған  ортамен 

заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына 

келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.  

«Биология»  пәнінің  мақсаты  –  білім  алушылардың  бойында 

органикалық  дүниенің  көптүрлілігітуралы,  ондағы  болып  жатқан  процестер 

мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам 

оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру. 

Оқу пәнінің міндеттері: 

1)  жер  бетіндегі  барлық  тірі  ағзалардың  құндылығын  түсіну  үшін 

өмірдің  құрылымды-функционалды  және  генетикалық  негіздері  туралы,  тірі 

табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, 

биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру; 

2)  экологиялық  этика  нормалары  мен  ережелерін,  табиғатқа 

жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 

3)  генетикалық  сауаттылықты  қалыптастыру  –  салауатты  өмір  салты 

негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 

4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін 

практикада 

қолдануға 

ұмтылу, 


медицина, 

ауыл 


шаруашылығы, 

биотехнология,  экологиялық  менеджмент  және  қоршаған  ортаны  қорғау 

саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу. 

 

«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:  



1) 

7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  

2) 

8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 



3) 

9-сыныпта  –  аптасына  2  сағатты,  оқу  жылында  68  сағатты 

құрайды.  

 Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды: 

1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 

2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; 

3) ағза мен қоршаған орта; 

4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар  

Жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасына  жаңадан  қосылған 

тақырыптар: 

• 

Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану; 



• 

Аэробты және анаэробты тыныс алу 

• 

Дүниежүзілік Тұқым қоры; 



195 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет