ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін


«Қҧқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Pdf көрінісі
бет20/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48

«Қҧқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны  

  

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 



бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. 

Тӛменде  63-кестеде  оқу  пәнінен  бӛлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.  

 

 



 

171 


 

63-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны  

 

Сынып 


Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-тоқсан 

2-тоқсан 

3-тоқсан 

4-тоқсан 

9-сынып 




 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультатив курсы 

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбында 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  

15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері» 

факультативтік курсы оқытылады. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті 

түрде оқыту үшін  9-сыныпта үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті 

есебінен  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бӛлінеді.  Курсты 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бойынша  біліктілікті  жетілдіру 

курсынан ӛткен, сертификаты бар «тарих» пәнінің  мұғалімдері жүргізеді. 

Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мәні және маңызы оның 

қазіргі қоғам қажеттілігі мен тұрақтылығының ғылыми тұғырнамасы ретіндегі 

ӛзектілігінен,  қоғам  тарихы,  мәдениеті  мен  рухани  құндылығын  анықтайтын 

бастаулардан тұрады. «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы жалпы орта 

білім  жүйесіндегі  әлеуметтік-гуманитарлық  және  қоғамтанулық  білімнің 

құрамдас бӛлігі болып табылады. 

2019-2020  оқу  жылында  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы 

бойынша оқу процесін ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламасы қолданылады:  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  15 

шілдедегі  №281  бұйрығымен  бекітілген  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  9-

сыныбына  арналған  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсының  оқу 

бағдарламасы. 

Бұл курсты ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі 

№  281  бұйрығымен  бекітілген  үлгілік  оқу  бағдарламасы  бойынша  біліктілікті 

арттыру курсынан ӛткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді.  

Білім  беру  ұйымдарының  жетекшілеріне  осы  курсты  жүргізетін  тарих 

пәні  мұғалімдерінің  мамандандырылуын  тереңдетіп,  басқа  мұғалімдердің 

ауыстырылуына жол бермеу ұсынылады.  

 «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын 

оқытудың мақсаты: 

-  білім алушыларды  «зайырлылық»  принципін  құндылық,  яғни  мемлекет 

баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 

аясында тануға үйрету;  

-  діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 

қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 

тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;  

-  білім  алушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 

идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 



 

172 


 

негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 

дүниетанымын қалыптастыру.  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын 

оқытудың міндеттері: 

1)  білім  алушыларға  діннің  мәні,  тарихы  және  оның  қазіргі  қоғамдағы 

рӛлі жӛнінде жүйелі білім беру; 

2)  зайырлылықты  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі  ретінде  таныта 

отырып, осы бағытта білім беру; 

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни 

тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;  

4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдениеттану  және  адамгершілік  мәнін 

түсіндіру; 

5)  білім  алушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге, 

толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық 

принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру; 

6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 

нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез 

бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу

7)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 

құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 

принципіне,  қоғам  тұрақтылығына  тӛндіретін  қауіп-қатерін  түсіндіре  отырып, 

зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу; 

8)  құқықтық  сауаттылықтың  қоғам  ӛміріндегі  маңызын  түсіндіру,  осы 

тұрғыдағы білімін арттыру. 

Бағдарламада  берілген  оқу  материалын  меңгеру  аясында  «Қазақстан 

тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Адам.  Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті» 

пәндерімен  және  «Абайтану»  курстарымен  пәнаралық  байланыс  пен 

сабақтастық принципін орнату қарастырылған.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі 

Бағдарламада  дін  тарихын,  оның  жекелеген  бағыттары  мен  ағымдарын 

егжей-тегжейлі сипаттау міндеті қойылмайды, тек жалпы мәліметтер беріледі.  

Бағдарламада  діни  нанымдар  мен  діндердің  пайда  болуы,  нығаюы  және 

дамуы бойынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет және дін, зайырлық 

этикасы  негіздері,  адамның  рухани  ӛмірі  мен  қоғамдағы  діннің  рӛлі,  діни 

бірлестіктер  мен  ағымдар,  жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі  діни  жүйелердің 

танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-қайшылықтар 

диллемасы тақырыптары қамтылған.  

Білім 


алушылардың 

жоғары 


рухани-адамгершілік 

қасиеттерін 

қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 

сияқты  кӛрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 

мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 

Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 

бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 

терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлілігін  білім  алушылардың 

ұғынуына айрықша назар аударылған.  


 

173 


 

«Қазақстан  –  дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 

Республикасының  дін  туралы  заңнамалары.  Зайырлылық  –  ұлттық  қауіпсіздік 

пен  мемлекеттік  жүйенің  іргетасы»  мазмұндық  желілері  курстың  басты  жолы 

болуы тиіс.  

Курстың  мазмұнында  білім  алушылардың  ӛзіндік  зерттеу  әрекеттерін 

ұйымдастыратын  шығармашылық  жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 

жобаларда,  түрлі  нысандағы  ұйымдастырылған  ӛздігінен  жасалынған  зерттеу 

жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 

Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 

мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып кӛрсетеді.  

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда білім алушылар 

ӛмірге қажетті Қазақстан аумағындағы діндер мен діни бірлестіктердің мақсаты 

мен  ерекшеліктері,  Қазақстан  Республикасының  дінге  қатысты  саясатының 

мақсаты  мен  мәнін  түсінетін  мағлұматтар  мен  білімді  меңгереді.  Сонымен, 

жүйелі  түрде  игерілген  білім  кез  келген  білім  алушыға  Қазақстан 

Республикасының толыққанды азаматы ретінде рухани толысуға, ӛз халқының 

рухани  мәдениетін  деструктивтік,  радикалды  діни  бірлестіктердің  зиянды 

әрекетінен  сақтану  және  қорғау  мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

алады, екінші жағынан, адамның қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-

сезім,  басқа  діндерге  кӛзқарас  және  ізгілікті  қарым-қатынас  мәдениетін 

қалыптастырады.  

Бұл 

қурс 


білім 

алушылардың 

гуманистік 

дүниетанымға, 

жалпыадамзаттық  құндылықтарға  және  толеранттыққа  қайшы  келетін 

ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.  



Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық. 

Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу  процесін  келесі  дидактикалық 

принциптерге  сәйкес  ұйымдастыру  ұсынылады:  ғылыми  негізділік  және 

қолжетімділік;  жүйелілік  пен  сабақтастық;  кӛрнекілік  және  абстрактылық; 

зерделілік  және  танымдық  белсенділік;  білімді  меңгерудің  орнықтылығы; 

пәнаралық  және  пәнішілік  байланыс;  табиғи  сәйкестілік  принципі; 

проблемалық  принципі;  саралау  және  даралау;  оқу  тапсырмалары  деңгейінің 

әртүрлілігін қамтамасыз ету. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының  оқу 

процесін ұйымдастыру барысында пікірталас, дӛңгелек үстел, топпен талқылау, 

шағын  жобаларды  қорғау,  рӛлдік  ойын  және  т.б.  оқыту  формаларын  қолдану 

тиімді.  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  аясында  алған  білімдерін 

бекіту  мақсатында  білім  алушыларға  қызықтыратын  тақырыптары  бойынша 

шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.  

Жобаларды  жеке  және  ұжыммен  орындай  алады.  Олардың  саны  алған 

білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.  

Жобалар:  

-  дін  мәселелері  бойынша  ғылыми-кӛпшілік  басылымдар,  журналдар, 

газет  мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша 

ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 


 

174 


 

дәстүрлі 



діндердің 

біртұтас 

платформалары 

мен 


жалпы 

тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

- еліміздегі және ӛңірлердегі діни жағдайларды сараптау;  

- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау; 

толеранттылық  және  дінаралық  келісім  орнаған  еліміздегі 



зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.  

Оқу барысында:  

- мәдени-тарихи, ӛркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның 

қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;  

-  пәнді  оқыту  барысында  қандай  да  бір  діни  бағыттарға  артықшылықтар 

бермеу;  

- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  

-  ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 

заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше кӛңіл бӛлу қажет. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуда  білім  алушының 

құбылыстарды бүтіндей тұтас қабылдауын қалыптастыру үшін білім алушының 

келесі пәндерді зерделеудегі пәнаралық білімін кіріктіріп қолдану ұсынылады:  



«Қазақ тілі», «Орыс тілі»: 

 



білім  алушылардың  сӛздік    қорын  зайырлылық  және  дін  саласына 

қатысты терминдермен толықтыру

 

ұлттық  мәдениетке  және  басқа  халықтардың  рухани  -  мәдени  қайнар 



кӛздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу. 

«Әдебиет»: 

-  дін  қайраткерлерінің  шығармаларын  -  қосымша  кӛркем  әдебиеттерді 

зерделеу,  олардың  жұмыстарын  қазіргі  рухани  құндылықтар  мен  зайырлылық 

тұрғысынан бағалауды іске асыру;  



«Тарих»: 

- зайырлылық пен діндердің пайда болуы, таралуы және даму процестерін 

тарихи негіздеу; 

- қоғамдық  қатынастарға  тарихи  талдау  жасау  арқылы  адам  мен  қоғам 

ӛмінідегі зайырлылық пен діндер рӛлінің мәнін түсіну; 

«География»: 

- діндердің таралуының тарихи-географиялық кеңістігін дұрыс анықтау. 



Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқу  нәтижесінде  білім 

алушылар:  

ғылыми  тұрғыдан  алғанда  негізгі  діни  терминдер  мен 



құбылыстарды; 

зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 



-  мемлекет,  дін  бірлестіктері  және  мәдениет  арасындағы  қарым-

қатынасының мәнін; 

-  діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 

-  қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын; 

-  «Діни 

қызмет 


және 

діни 


бірлестіктер 

туралы» 


Қазақстан 

Республикасының Заңын; 



 

175 


 

-  Әл-Фарабидің,  Қожа  Ахмет  Ясауидің,  Абайдың,  Шәкәрімнің,  Ыбырай 

Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 

-  республикадағы 

мемлекет,  мәдениет  және  діни  бірлестіктер 

арасындағы қарым-қатынастың жайын; 

-  Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

конфессияаралық келісімін, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты 

сақтау,  елдегі  және  халықаралық  қауымдастықтағы  адамдардың  шынайы  діни 

сенімдеріне деген сыйластықты кӛрсету саясатын; 

-  экстремистік, 

террористік, 

теріс 


сипаттағы 

ұйымдардың 

ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 

Сонымен бірге білім алушылар : 

-  зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана 

ұғымдарының ара жігін ажырату, 

-  экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни  топтар  мен  ағымдар 

идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру; 

-  діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 

пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 

тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 

-  ӛз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық 

деректер нұсқасында  тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі. 

 Оқыту  барысында  мұғалім  білім  алушының  бойында  экстремистік, 

террористік діни топтар және ағымдар идеологиясы мен тәжірибелеріне қарсы 

имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс. 

 

« Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні 



«Ӛзін-ӛзі  тану»  пәні  бойынша  оқу  үдерісінің  басты  міндеті:  тұлғаның 

құндылықтар  жүйесін,  қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді 

шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың 

әлеуметтік  мәнді  бағдарларын,  яғни  адамның  ӛзіне,  қоршаған  әлемге,  жалпы 

адамзатқа  қатысына  себепші  болатын  адамгершілік  тәртіп  негіздерін 

қалыптастыру;  жас  ерекшеліктеріне  қарай,  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет 

субъектісі  ретінде  дамыта  отырып,  әрбір  адамның  табиғатына  салынған 

жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару. 

5-9-сыныптардағы  «Ӛзін-ӛзі  тану»  базалық  мазмұны  тӛрт  тарауды 

қамтиды:  «Таным  қуанышы»;  «Адам  болам  десеңіз  ...»;  «Адам  және  әлем»; 

«Адамзаттың рухани тәжірибесі». 

Оқу  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  кӛлемі:  аптасына  1  сағат,  5-9 

сыныптарда – 34 сағат.  



Оқушылардың  білімін  бағалау.  Рухани-адамгершілік  білім  берудің 

ерекшеліктеріне сәйкес сандық емес, сапалық баға маңызды, сондықтан әрбір 

жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  «Сынақ»  бағасы  қойылады.  Егер 

оқушы Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Ӛзін-ӛзі 

тану"  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасында 

кӛрсетілген  дайындық  деңгейіне  қойылатын  барлық  талаптарды  орындап, 

жоба күнделігін әзірлесе, оқушыға «Сынақ» қойылады. 


 

176 


 

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӚНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Технология  және  ӛнер»  білім  саласы  бойынша  келесі  пәндер 

оқытылады: «Музыка» – 5-6-сыныптар, «Кӛркем еңбек» – 5-9-сыныптар. 

 

«Музыка» оқу пәні 

5-6-сыныптарға  арналған  «Музыка»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 

оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына 

сәйкес жүзеге асырылады. 

Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары 

шығармашылығы,  әлемдік  классика  және  заманауи  музыканың  үздік  үлгілері 

негізінде  білім  алушылардың  музыкалық  мәдениеттілігін  қалыптастыру, 

шығармашылық қабілетін дамыту 

Пәнді  оқытудың  міндеттері:ӛзге  ӛнер  түрлері  мен  оқу  пәніне  музыка 

ӛнерін  кіріктіре  отырып  әлем  тұтастығының  бейнесі  жӛнінде  түсінігін 

қалыптастыру;  музыка  ӛнерінің  жалпы  адамзаттық  қажеттілікті  құбылыс 

ретінде,  оның  адам  ӛміріндегі  рӛлі  мен  маңыздылығы  туралы  түсінігін 

қалыптастыру;  сын  тұрғысынан  ойлауы  мен  музыкаға  жағымды  қарым-

қатынасын,  музыкалық  іс-әрекет  дағдыларын  қалыптастыру;  музыкалық 

шығармалар  мен  тапсырмаларды  талдау,  зерттеу  және  орындаушылық  пен 

импровизациялау,  презентациялау  оқу  пәндік-тақырыптық  білім,  білік,  дағды 

аясында  дамыту;  музыкалық  қабілеттілігін,  белсенді  шығармашылығын, 

орындаушылығы  мен  зерттеушілік  дағдысын  дамыту;  музыка  ӛнері  негізінде 

коммуникация  формалары  жӛнінде  білімін  қалыптастыру;    музыкалық-

шығармашылық  жұмыстарға  идеялар  қосу  негізінде  ӛзін-ӛзі  бағалау,  ӛзін-ӛзі 

тану  және  ӛзін-ӛзі  дамытуын  қалыптастыру  (шығармалар  жазу,  импровизация 

және  ӛңдеу);  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарын  қолдану 

барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін 

қалыптастыру, дамыту. 

«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:  

1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;  

2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.  

«Музыка»  пәнінің  оқу  бағдарламасының  мазмұны  бӛлімдер  бойынша 

ұйымдастырылған.  Бӛлімдер  пән  бойынша  оқыту  мақсаттары  және  оған  қол 

жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бӛлімшелерге бӛлінген.  

Оқу пәнінің мазмұны 3 бӛлімнен тұрады: 

1.  «Музыка  тыңдау,  орындау  және  талдау»  бӛлімі  келесі  бӛлімшелерді 

қамтиды:  «Музыка  тыңдау  және  талдау»;    «Музыкалық  сауаттылық»; 

«Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет». 

2.  «Музыкалық-шығармашылық  жұмыстар  жасау»  бӛлімі  келесі 

бӛлімшелерді  қамтиды:  «Идеялар  және  материалдарды  жинақтау»;  «Музыка 

шығару және импровизация». 

3.  «Музыкалық-шығармашылық  жұмысты  таныстыру  және  бағалау» 

бӛлімі  келесі  бӛлімшені  қамтиды:  «Музыкалық-шығармашылық  жұмысты 

таныстыру және бағалау».  


 

177 


 

«Музыка»  пәнінің  5-сыныпқа  арналған  базалық  мазмұны:  «Қазақ 

халқының  музыкалық  мұрасы»;  «Қазақтың  дәстүрлі  тұрмыс-салт  әндері  және 

заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – 

достық тілі»; «Ӛлкетану: Туған ӛлке симфониясы» бӛлімдерін қамтиды. 

«Музыка»  пәнінің  6-сыныпқа  арналған  базалық  мазмұны:«Классикалық 

музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және 

ӛнер түрлері»; «Музыка – ӛмір тынысы»; «Ӛлкетану: Туған жердің таланттары» 

бӛлімдерін қамтиды. 

Әрбір  бӛлімшелерде  кӛрсетілген  оқу  мақсаттары,  мұғалімге  үш  түрлі  

іс-әрекет  арқылы  (білім  алушылардың  музыкалық  сауаттылықты  зерделеу, 

музыкалық-орындаушылық  және  музыкалық-шығармашылық  іс-әрекеті) 

жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың 

келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.  

Оқу  бағдарламасында  оқу  пәнінің  мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып 

табылатын  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  түрінде  ұсынылған  күтілетін 

нәтижелері  қалыптастырылған.  Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары 

білім  алушыны  ӛзін-ӛзі  оқыту  субьектісі  және  тұлғааралық  қарым-қатынас 

субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. 

«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді.  «Музыка» пәні 

бойынша    жарты  жыл  және  оқу  жылының  соңында  «есептелінді» 

(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 

«Туған  ӛлке  симфониясы»    және  «Туған  жердің  таланттары» 

тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Ӛлкетану» кіріктірілген курсына  

енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады. 

«Музыка»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 

жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 

шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.  



 

«Кӛркем еңбек» оқу пәні 

«Кӛркем 


еңбек» 

оқу 


пәнінің 

5-9-сыныптарға 

арналған 

оқу 


бағдарламасының  мазмұны  оқыту  мақсаттары  жүйесінің  шығармашылық 

әрекет  үдерісі  барысында  тәжірибелік  және  негізгі  білім  қалыптастыруға 

бағытталған үш бӛлім бойынша ұйымдастырылған: 

1) 


«Шығармашылық идеяларды дамыту және зерттеу» бӛлімі; 

2) 


«Шығармашылық жұмыстарды жасау және дайындау» бӛлімі; 

3) 


«Таныстырылым,  талдау  және  шығармашылық  жұмыстарды 

бағалау» бӛлімі. 

  Оқу  бағдарламасының  мақсаты  –  ӛнер  және  еңбек  технологиясы 

саласында 

функционалды 

сауаттылықты 

қалыптастыру, 

шындыққа 

шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту. 

  5,  6,  7,  8,  9  -сыныптарға  арналған  «Кӛркем  еңбек»  пәнінен 

жаңартылған  мазмұндағы  оқу  бағдарламасы  оқу  мақсаттары  жүйесі  арқылы 

ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  

«Кӛркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы: қоршаған ортада ӛнер, дизайн 

мен  технология  туралы  түсінік  пен  білімді  дамытуға;  Қазақстан  және  әлем 



 

178 


 

халықтарының кӛркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге; ӛнер мен дизайнның 

кӛркем  тәсілдері  арқылы  шығармашылық  идеяларды,  технологиялық 

дағдыларды  дамытуға;  зерттеу,  жасау,  талдау,  нысандарды  кӛркем  түрлендіру 

үдерісінде  білім  алушылардың  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлау 

дағдыларын  дамытуға;  оқу  қызметінің  барлық  түрлерінде  ақпараттық-

коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, 

идеялардың  шығармашылықпен  іске  асыру,  жұмыстардың  таныстырылымы); 

жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат кӛздері мен ресурстарының маңыздылығын 

түсіне  отырып,  зерттеу  мен  пайдалануға;  эстетикалық,  еңбекке  баулу, 

экономикалық,  экологиялық,  патриоттық  тәрбиелеу  мен  рухани-ӛнегелік 

құндылықтарын  қалыптастыруға;  уақыт,  материалдың  қасиеті  мен  басқа  да 

факторлардың  әсерін  анықтап  және  оны  ескере  отырып  қызметін  ӛз  бетінше 

жоспарлай алуға; оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру 

(жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған. 

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Кӛркем еңбек» пәнінің ерекшелігі 

әртүрлі  ӛнер  түрлерін  зерделеу,  идеяларын  ӛнер  тәсілдері  арқылы  кӛрсету, 

әмбебап  (тұрмыстық)  және  арнайы  (пәндік)  білімдер  мен  икемділікті, 

материалдар  мен  нысандарды  түрлендіру  және  кӛркем  ӛңдеу  дағдыларын,  үй 

шаруашылығын  жүргізу,  технологиялар  мен  техниканы  қолдану  машықтарын 

иелену болып табылады.  

«Кӛркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:  

-  5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 

-  6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 

-  7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты; 

-  8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды; 

-  9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды. 

Оқу  бағдарламасының  мазмұны  материалдарды  5  ортақ  білім  беру 

бағыттары  арқылы  оқып-үйренуді  қарастырады:  «Визуалды  ӛнер»;  «Сәндік-

қолданбалы  шығармашылық»;  «Дизайн  және  технология»;  «Үй  мәдениеті»; 

«Тамақтану мәдениеті».  

«Визуалды ӛнер» мен «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бӛлімдерінің 

тақырыптары ер балалар мен қыз балалар үшін бірдей. 

«Визуалды  ӛнер»  бӛлімінің  мазмұны  тӛмендегі  бӛлімшелерді: 

классикалық 

және 


заманауи 

ӛнер; 


қазақстандық 

суретшілердің 

шығармашылығы;  бейнелеу  ӛнерінің  жанрлары  мен  түрлері;  сандық  ӛнер 

(фотосурет,  анимация,  медиа  құралдар);  бейнелеу  (визуалды)  ӛнерінің  кӛркем 

тәсілдері;  кӛркемдік  материалдар  және  техникалармен  эксперименттеу 

бӛлімдерін қамтиды. 

«Сәндік-қолданбалы  шығармашылық»  бӛлімінің  мазмұны  тӛмендегі 

бӛлімшелерді:  сәндік-қолданбалы  ӛнер  ерекшеліктері  мен  негізгі  пішіндері, 

Қазақстанның  және  басқа  елдердің  сәндік-қолданбалы  ӛнері;  сәндік-

қолданбалы  ӛнер  материалдары,  технологиялары  мен  құралдары;  Ұлттық  ою-

ӛрнек; Ішкі кӛріністі сәнді безендіру қарастырады.  

«Дизайн  және  технология»  (ер  балалар)  бӛлімінің  мазмұны  тӛмендегі 

бӛлімшелерді:  негізгі  конструкциялық,  табиғи,  жасанды  және  дәстүрлі  емес 


 

179 


 

материалдарды;  материалдарды  ӛңдеу  құралдары  мен  жабдықтарын; 

материалдарды  әртүрлі  тәсілдермен  ӛңдеуді;  әртүрлі  материалдардан  бұйым 

дизайнын; ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын; қазақстандық 

және  әлемдік  сәулет  ескерткіштерін;  макеттеуді;  ішкі  кӛрініс  дизайнын; 

робототехника, кӛлік құралдарын модельдеуді қамтиды.  

«Дизайн  және  технология»  (қыз  балалар)  бӛлімінің  мазмұны  тӛмендегі 

бӛлімшелерді:  негізгі  тоқыма,  табиғи,  жасанды  және  дәстүрлі  емес 

материалдарды;  тоқыма  материалдарын  ӛңдеу  құралдары  мен  жабдықтарын; 

тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен ӛңдеуді; тоқыма материалдарынан 

бұйым  дизайнын;  сән  индустриясын,  стиль  және  образ,  ұлттық  киім 

элементтерін дайындау технологиясын қамтиды. 

«Үй мәдениеті» бӛлімінің мазмұны (ер балалар) тӛмендегі бӛлімшелерді: 

тұрғын  үйдің  экологиясын;  ӛсімдік  шаруашылығы,  сәндік  ӛсімдіктер 

шаруашылығы,  ландшафтты  дизайн  негіздерін;  электр  қуатының  кӛздері 

туралы  жалпы  мәліметтерді,  тұрмыстық  техника  және  электр  құралдарын 

қолдану  мен  жӛндеуді;    тұрмыстық  жӛндеу  жұмыстарын,  ішкі  кӛріністі 

ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.  

«Үй  мәдениеті»  бӛлімінің  мазмұны  (қыз  балалар)  тӛмендегі 

бӛлімшелерді: жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын; ӛсімдік шаруашылығы, 

сәндік  ӛсімдіктер  шаруашылығы,  ландшафтты  дизайн  негіздерін;  киім  күтімі 

мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды. 

«Тамақтану  мәдениеті»  бӛлімінің  мазмұны  тӛмендегі  бӛлімшелерді: 

дұрыс  тамақтану  негізін;  дастарқан  басында  ӛзін-ӛзі  дұрыс  ұстау  ережелерін, 

дастарқанды жабдықтауды; тағам әзірлеу технологиясын; Әлем халықтарының 

тағамдарын қамтиды. 

Жалпы негізгі білім беру жүйесіндегі «Кӛркем еңбек» пәнінің ерекшелігі 

әртүрлі  ӛнер  түрлерін  зерделеу,  идеяларын  ӛнер  тәсілдері  арқылы  кӛрсету, 

әмбебап  (тұрмыстық)  және  арнайы  (пәндік)  білімдер  мен  икемділікті, 

материалдар  мен  нысандарды  түрлендіру  және  кӛркем  ӛңдеу  дағдыларын,  үй 

шаруашылығын  жүргізу,  технологиялар  мен  техниканы  қолдану  машықтарын 

иелену болып табылады.  

Ұзақ  мерзімді  және  орта  мерзімді  жоспарларда  ұсынылатын  әрекет 

түрлері, «Ӛнер» білім саласы бойынша тақырыптар бейнелеу ӛнері мен кӛркем 

еңбек компоненттерінің мәнмәтінінде оқылатындай етіп құрылған. 

Оқу жоспарының мазмұнына сызу және компьютерлік графика мен АКТ, 

сызулар  құру  үшін  технологиялық  құжаттарды  орындау  дағдыларын 

дамытумен  байланысты  оқу  мақсаттарына  жетуге  бағытталған  әрекет  түрлері 

қосылған. 

«Кӛркем  еңбек»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  ӛткізілмейді. «Кӛркем 

еңбек» жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген 

жоқ») деген белгі жазылады. 

«Кӛркем еңбек» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 

және  жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін 

мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет