ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата22.10.2019
өлшемі6,1 Mb.
#50440
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы


«Қазақстан тарихы» оқу пәні 

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  «Қазақстан  тарихы»  оқу  пәнінің 

мазмұны  Қазақстан  тарихының  этникалық,  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 

және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға 

бағытталған.

 

10-


сыныпта  «Қазақстан  тарихы»  пәнін  оқыту  түрлі  тарихи  кезеңдердегі 

Қазақстанның  мәдени-тарихи  дамуының  ерекшеліктері  мен  мәнін  білім 

алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.

 

«Қазақстан  тарихы»  пәні  Қазақстан  тарихындағы  оқиғаларды, 



 

224 


 

құбылыстарды,  процестерді  талдау,  жіктеу,  жүйелеу,  қорытындылау  және 

бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.  

Осы  оқу  пәнінің  аксиологиялық  мақсаты  патриотизмді  қалыптастыру, 

ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру 

болып табылады. 

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

− 

білім  алушылардың  тарихи  оқиғалар,  құбылыстарды  тарихи 



заңдылықтарды  ескере  отырып  зерттеу,  оқиғалар  мен  тұлғаларға  қатысты 

пікірлер  мен  берілген  бағаларды  салыстыру  және  сыни  тұрғыдан  талдау 

дағдыларын  дамыту,  өткен  кезеңмен  қазіргі  уақытқа  қатысты  пікірталастық 

мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру; 

− 

өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын 



дамыту; 

− 

әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және 



жүйелеу дағдыларын дамыту; 

− 

әртүрлі  деректерді  қолдана  отырып,  жобалық,  зерттеу  әрекетін  және 



тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;  

− 

қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 



процестерді  түсіну  үшін  тарихи  білімдерін  қолдана  білу  дағдыларын 

қалыптастыру; 

− 

коммуникативтік  дағдыларды  қалыптастыру,  оның  ішінде,  өз  ойын 



ауызша  және  жазбаша  түрде  анық  білдіру,  командада  жұмыс  істей  алу,  түрлі 

деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады. 



«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесі  қоғамдық-

гуманитарлық 

және 

жаратылыстану-математикалық 

бағыттарда:  

10-


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 

Тұлғаның  танымдық  белсенділігін,  шығармашылық,  жобалық-

зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту  үшін  әр  тақырыптық  бөлімнен  кейін  келесі 

зерттеу жұмысы берілген: 

 

Әлемдік өркениет тарихындағы Ұлы Дала;  



 

Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы; 

 

Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы;  



 

Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.  

Сондықтан осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 

ұсынылады.  Зерттеу  тақырыптары  жалпылама  берілген.  Білім  алушылар  осы 

белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады. 

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


 

225 


 

10-


сынып 



 



«Дүниежүзі тарихы» оқу пәні  

«

Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнінің  мазмұны  адамзаттық  өркениеттің 



этногенез,  политогенез,  культурогенез  негізгі  мәселелері  бойынша 

тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.

 

10-


сыныпта  «Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқыту  білім  алушылардың 

әлемдік  мәдени-тарихи  процестің  мәнін  оның  бірлігі  мен  әртүрлілігін  терең 

түсінуге бағдарланған.

 

 



«

Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы 

оқиғаларды,  құбылыстарды,  процестерді  бағалау  және  жіктеу,  жүйелеу, 

қорытындылау,  талдау  үшін  қажетті  тарихи  ойлау  дағдысын  дамытуды 

қарастырады.  Осы  оқу  пәнінің  аксиологиялық  мақсаты  білім  алушыларды 

ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  құрмет  көрсетуге  тәрбиелеу 

болып табылады. 

«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

− 

әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру; 



− 

оқиғалар  мен  құбылыстарды  тарихи  себептілігі,  салыстырмалылығы 

мен  әртүрлі  көзқарастар,  тарихи  оқиғалар  және  тұлғаларға  баға  беруде  сыни 

тұрғыдан  зерттеу  барысында,  өткен  және  қазіргі  таңдағы  пікірталастық 

мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту; 

− 

тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи 



материалды жіктеу дағдыларын дамыту; 

− 

әртүрлі  деректерді  қолдана  отырып  жобалық,  зерттеу  әрекетін  және 



тарихи реконструкция дағдыларын дамыту; 

− 

қазіргі  кездегі  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 



мәселелерді  ұғыну  үшін  тарихи  білімдері  мен  дағдыларынқолдана  білу 

қабілетін дамыту; 

− 

коммукативтік  дағдыларды  дамыту:  өз  ойын  ауызша  және  жазбаша 



түрде  анық  жеткізе  білу,  топта  жұмыс  жасау,  әртүрлі  деректерден  алынған 

ақпараттарды пайдалану.  



«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

− 

қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу 

жылына 102 сағатты; 

− 

жаратылыстану  -математикалық  бағытта  10-сыныпта  аптасына  

2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 

10-

сыныпта  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәні  бойынша  қоғамдық-

гуманитарлық  бағытта  әр  бөлімнен  кейін  зерттеу  жұмысы  тақырыптары 

берілген: 

 

Әлемдік  тарих  контекстіндегі  өркениеттердің  өзара  әрекеттесу  және 



өзара ықпалдасу тәсілдері; 

 

Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер; 



 

Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары; 

 

Мәдениет  –  адамзаттың  рухани-адамгершілік  құндылықтарының 



 

226 


 

көрінісі ретінде.  

Осы  тақырыптар  көлемінде  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру 

ұсынылады.  



«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


10-

сынып 




 

«Құқық негіздері» пәні  

«

Құқық  негіздері»  оқу  пәнінің  мазмұны  құқықтық  сауаттылықты 



қалыптастыруға,  демократиялық  құқықтық  қоғам  идеалдары  мен 

құндылықтарын түсінуге бағытталған. 

 

10-


сыныпта  «Құқық  негіздері» пәнінің мазмұны  білім  алушыларға  түрлі 

құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.

 

«

Құқық  негіздері»  оқу  пәні  құқық  нормалары,  заңдар  мен  нормативтік 



құқықтық  актілер  арқылы  қамтамасыз  етілетін  процестерді  бағалау,  жіктеу, 

жүйелеу,  қорытындылау,  талдау  үшін  білім  алушылардың  қажетті  құқықтық 

ойлау  дағдысын  дамытуды  қарастырады.  Аталған  оқу  пәнінің  аксиологиялық 

қызметі  құқықтық  сауаттылықты,  құқықтық  сана-сезім  құндылықтарын 

қалыптастыруға негізделген. 

«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

− 

әлеуметтік  және  құқықтық  нормалар  жүйесі:  адам  құқығы,  құқықтық 



мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін 

тереңдету және кеңейту;  

− 

қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының 



негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту; 

− 

құқыққа  деген  оң  қөзқарасты  қалыптастыру  және  заңдарды  білу  мен 



орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну; 

− 

қазақстандық  патриотизм,  жалпыадамзаттық  құндылықтар,  гуманизм 



мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру; 

− 

оқу  және  тәжірибелік  іс-әрекетте  құқықтық  ақпаратты  табу,  талдау 



және қолдану дағдыларын қалыптастыру; 

− 

әртүрлі  өмірлік  жағдайларда  құқықтық  нормаларға  сәйкес  іс-



әрекеттерді  таңдау  кезінде  құқықтық  білім  мен  дағдыларды  қолдана  алу 

біліктерін дамыту; 

− 

қоғамдағы  құқықтық  қатынастармен  байланысты  практикалық 



жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және  бағалау дағдыларын дамыту; 

− 

қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты 



пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту. 

 

227 


 

«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық 

бағытта:  

−  10- 


сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты; 

жаратылыстану -математикалық бағытта: 

−  10-


сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 

Тұлғаның  танымдық  белсенділігін,  шығармашылық,  жобалық-

зерттеушілік  қабілеттерін  дамыту  үшін  қоғамдық-гуманитарлық  бағытта  әр 

тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген: 

 

Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы; 



 

Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы; 

 

Жеке  құқық  –  адамның  табиғи  құқықтары  мен  бостандықтарының 



жүзеге асуының кепілдігі; 

 

Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы; 



 

Адам  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  қазіргі  заманғы  халықаралық 

ұйымдар.  

Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар көлемінде 

зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  ұсынылады.  Зерттеу  тақырыптары 

жалпылама  берілген.  Білім  алушылар  осы  белгіленген  тақырып  шеңберінде 

түрлі мәселелерді қарастыра алады. 

«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны   

Оқу  пәнінен  әр  тоқсан  сайын  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық 

бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 

Төменде  оқу  пәнінен  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  (БЖБ) 

рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 

 

Сынып 



Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны   

1-

тоқсан 



2-

тоқсан 


3-

тоқсан 


4-

тоқсан 


10-

сынып 




 

«Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәндері  бойынша 



оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер 

10-


сыныпта  «Қазақстан  тарихы»  және  «Дүниежүзі  тарихы»  оқу  пәнінің 

базалық  білім  мазмұны:  «Өркениет:  даму  ерекшеліктері»,  «Этникалық  және 

әлеуметтік  процестер»,  «Мемлекет,  соғыс  және  революциялар  тарихынан», 

«Мәдениеттің дамуы» бөлімдерін қамтиды.  

Бөлімдер  сыныптар  бойынша  оқыту  мақсаттарын  қамтитын 

бөлімшелерден  тұрады.Оқу  мақсаттары  әр  бөлімше  ішінде  мұғалім  мен  білім 

алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен 

бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. 

Білім  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  тарихты  оқытуда  –  оқу 

мақсаттарын  анықтау,  оқыту  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  саралау, 

оқытудың тиімді әдістерін дұрыс анықтау ұсынылады.  

Оқу процесінде білім алушыны ынталы, қызығушылығы жоғары, дербес, 

сенімді,  жауапты,  талдау  жасай  алуға  бағыттайтын  оқытудың  түрлі 

формалары ұсынылады: 


 

228 


 

мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы  білім 



алушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 

білім  алушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 



негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  

білім алушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  



білім  алушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 

тапсырмалар құрастыру;  

білім  алушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық 



жұмыс түрлерін ұйымдастыруды қолдану; 

-  


оқу  процесінде  тарихи  құжаттардың  фрагменттерін  талдау,  ақпарат 

жинақтау  және  қорытынды  жасау,  себеп-салдарлық  байланыстарды  орнатуды 

және т.б. талап ететін тапсырмаларды кеңінен қолдану; 

-  


сабақта  білім  алушының  біліміндегі  кемшіліктерді  уақытында 

анықтауға  мүмкіндік  беретін  кері  байланысты  ұйымдастырудың  әр  түрлі 

әдістерін қолдану.  

Жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  білім  алушылардың  жас  және 

танымдық  ерекшеліктеріне  сәйкес  талдау,  бағалау,  зерттеу  және  жоспарлау 

дағдыларын  қалыптастыратын  әдіс-тәсілдер  мен  тапсырмаларды  қолдану 

ұсынылады.  Мысалы,  эссе  және  есеп  жазу,  салыстырмалы  талдау  жасау 

(SWOT, PEST, GAP талдаулары) және т.б.  

Оқу бағдарламасының оқу мақсаттары мен тәсілдерін тиімді түрде жүзеге 

асыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту 

процесін төмендегідей тарихи концептілер (түсініктер) негізінде ұйымдастыру 

ұсынылады:  

өзгеріс пен сабақтастық;  



себеп пен салдар;  

дәлел;  


ұқсастық пен айырмашылық;  

маңыздылық;  



интерпретация.  

Тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен 

маңыздылығын,  үдерістер  мен  оқиғаларды  «тез  түсінуге»  бағытталған,  бұл 

пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.  

Тарихи  түсініктерге  сүйене  отырып,  тарихи  материалдарды  талдауды 

жүзеге  асыру  ұсынылады.  Нәтижесінде,  білімалушылар  тек  қана  пәндік 

материалды  ғана  емес,  зерттеу  процестері,  дағдылар  және  біліктермен 

байланысты  әдістерді  игереді  (материалдарды  жинау  мен  реттеу  әдістері, 

сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасау процесінде мәселені 

қоя  білу  білігі,  сәйкестендіру  әдістері  мен  дереккөздерді  сыни  бағалауы, 

зерттеу  жоспарларын  әзірлеу,  материалдарды  жинақтау  және  нәтижелерді 

тексеру).  

Белгілі  бір  тарихи  концептілерге  негізделген  оқыту  нақты  оқу 

материалының  негізінде  оқушылардың  бойында  тарихи  ойлау  дағдыларын 

қалыптастыруға  және  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  әдіс,  зерттеуге 

негізделген оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.  


 

229 


 

Мұғалімнің  сабаққа  арнайы  әзірлейтін  тапсырмалары  келесі 

өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет: 

− 

түсінікті болуы; 



− 

саралаудың ескерілуі; 

− 

сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беруі; 



− 

 

проблемалық оқытуға негізделуі;  



− 

бағалау мүмкіндіктерінің бар болуы тиіс. 

Картамен  жұмысты  тиімді  деңгейде  күшейту  қажет.  Ол  үшін  тарихи 

карталар мазмұнын талдау бойынша тапсырмаларды пайдалану ұсынылады. 

Білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  презентация, 

интеллект карталар, диаграммалар жасауға тапсырмалар берген дұрыс. 

Пәнді оқыту кезінде барлық сынып білім алушыларының жұмыс жасауы 

және үздік  нәтижелерге  қол  жеткізу  үшін  жеке,  жұптық,  топтық  жұмыстарды 

ұйымдастыру  ұсынылады.  Оқыту  процесін  оңтайландыру  мақсатында  топтық 

жұмысты  ұйымдастыру  өте  тиімді  болып  табылады.  Топтық  жұмысты 

ұйымдастыру  кезінде  әрбір  білімалушының  қабілеттері  мен  психологиялық 

ерекшеліктерін  ескеру,  олардың  топтағы  атқаратын  негізгі  міндеттерін  анық 

түсіндіру қажет.  

«Қазақстан  тарихы»  пәні  бойынша  ұсынылатын  сайттар: 

http://www.tarih-begalinka.kz

http://www.e-history.kz



http://bilimsite.kz/tarih/

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/



.  

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  

http://www.world-history.ru

http://historic.ru



http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



 

«Құқық  негіздері»  оқу  пәні  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастырудағы 

әдістемелік ерекшеліктер 

Оқу  пәнінің  білім  мазмұны  бес  бөлімді  қамтиды:  «Мемлекет  және 

құқық», «Жария  құқық», «Жеке  құқық», «Іс  жүргізу  құқығының  негіздері», 

«

Халықаралық құқық».  



Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды 

көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім 

мен оқушыға  келесі  қадамдары  жөнінде  өзара ой бөлісуге,  оларды  жоспарлау 

мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.  

«Құқық  негіздері»  пәнін  оқытуда  келесі  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді 

қолдану ұсынылады:  

оқу тапсырмаларын шешу барысында нормативтік құқықтық актілердің 



ақпараттық-құқықтық 

жүйесін 


қолдану 

(

http://adilet.zan.kz/



http://online.zakon.kz/

); 



құқықтық  нормалардың  мазмұны  мен  мәнін  түсіндіру  және  анықтау 



арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;  

оқушылар  проблемаларды  анықтауда  өз  ойларын,  пікірлерін  айту, 



дәлелдеу,  болжамды  ұсыну,  зерттеуді  жоспарлау  қабілеттерін  дамытатын 

ынталандырушы-проблемалық  құқықтық  ситуациялық  жағдаяттарды  (кейс-

стади) зерттеу.  

«Құқық  негіздері»  пәнін  оқыту  процесінде  оқушылардың  ақпараттық-



 

230 


 

коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар 

жасалуы  қажет,  соның  ішінде    ақпаратты  табу,  құрастыру  және  басқару, 

мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен 

қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.  

Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері: 

құқықтық  деректермен  жұмыс  жасау:  оларды  іздеу,  сұрыптау  және 



интерпретациялауға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;  

оқушылардың  білімдерін  кеңейту  үшін  мультимедиялық  ресурстарды 



пайдалану; 

белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды 



пайдалану;  

оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы; 



компьютерлік  презентациялардың  түрлерін  пайдалана  отырып, 

таңдалған тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;  

оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас 



өткізу  және  құқықтық  мәселелерді  талқылау)  компьютерлік  коммуникация 

құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар). 

Тарих  сабақтарын  жоспарлау  және  ұйымдастыру  барысында  оқытудың 

тәрбиелік  компонентіне  ерекше  назар  аудару  қажет.  Материал  мазмұны 

«Рухани  жаңғыру»  идеясына  және  «Болашаққа  бағдар:рухани  жаңғыру» 

бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және құқық негіздері пәндері бойынша 

рухани  жаңғыру  идеясы  негіздерінің  құндылықтарын  оқыту  мен  тәрбиелеуде 

жүзеге асыру ұсынылады. 

Рухани  жаңғыру  бағдарламасы  материалдарын  оқу  тәрбие  процесіне 

қолдануға 

арналған 

әдістемелік 

ұсынымдар 

академия 

сайтында 

орналастырылған:  (



https://www.nao.kz

 

/

Білім  беруді  ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз ету/ 

Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласына  арналған  интерактивті 

сабақты өткізу бойынша әдістемелік ұсыным./ 

Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық  өмірге 

бейімдейтін,  жұмыс  тәжірибесін  жинақтайтын,  жаңа  жағдайдағы  қарым-

қатынасқа  үйрететін,  қызығушылықтар  мен  талаптарды  іске  асыратын 

әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. 

Тарих  пәндері  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және 

жоспарлау  барысында  2019-2020  оқу  жылында  мерекеленетін  мерейтойлық 

шараларға көңіл бөлу ұсынылады:  

1. 

Ұшқыш-шабуылдаушы,  Кеңес  Одағының  Батыры  Нүркен  Әбдірұлы 



Әбдіровтің туғанына 100 жыл. (1919 жыл.9 тамыз); 

2. 


Мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Тұрар  Рысқұловтың  туғанына  125 

жыл. (1894 жыл.26 желтоқсан); 

3. 


Республикалық  «Казахстанская  правда»  газетінің  шыққанына  100 

жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 

4. 


ҚҒА  Тұңғыш  президенті,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Қаныш 

Сәтбаевтың туғанына 120 жыл 

5. 

Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 



 

231 


 

иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 

сәуір); 

6.

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ 



әдебиетінің  негізін  қалаушы,  философ,  композитор,  аудармашы,  саяси 

қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына



 

175жыл. (

1845 жыл.10 тамыз



7. 


Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл; 

8. 


Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте 

Кеңес  Одағының  Батыры,  «Ленин»,  төрт  мәрте  «Қызыл  Ту»,  «Александр 

Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 

медальдардың  иегері  Леонид  Игнатьевич  Беданың  туғанына  100  жыл.  (1920 

жыл.16 тамыз); 

9.

Кеңес  Одағының Батыры,  «Ленин» ордені  мен  бірқатар медальдардың 



иегері Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан). 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет