2021-2022 оқу жылында «Дарын» өзін-өзі басқару ұйымының атқарған
жұмыстарының қортындысы
Мектептегі өзін – өзі басқару ұйымының мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзіреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындарда «Мектеп парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы «Мектеп парламенті туралы» жоба тұжырымдамасына сәйкестендіруді негізге ала отырып, қыркүйек айында мектебімізде 2021 жылы сәуір айында өткізілетін «Мектеп парламенті» сайлауына дайындық жұмыстары ұйымдастырылды.
«Мектеп парламенті» сайлауына үміткерлерлікке 9-10 сынып білім алушыларына хабарландыру беріліп, сайлау кезеңдері түсіндірілді.
Үміткерлер өз еріктерімен өтініш білдіріп, сайлау алдындағы бағдарламаларын ұйымдастырды. Бірінші кезеңде өздерін таныстырып, жаңа идеялар мен жобаларын ұсынып, үміткерлер сайлау алды үгіт – насихат жасады. Үміткерлердің бейнероликтері мектептің әлеуметтік парақшаларына жарияланды.
2021 жылдың сәуір айында мектептің мәжіліс залында «Мектеп парламенті» сайлауының екінші кезеңі өткізілді. Үміткерлер комиссия мүшелерінің алдында сайлауалды бағдарламаларын қорғап, «Көшбасшы деген кім?», «Көшбасшы болсаң қандай жобаларды іске асырар едің?» деген сұрақтарға өздерінің идеяларын айтып, өз жобаларын қорғады. Комиссия мүшелері мен мектеп мұғалімдері үміткерлердің қорғаған жобаларына өз бағаларын беріп, дауыс берді.
Комиссия мүшелерінің қатысуымен сайлау қорытындысы анықталып, мектептің «Дарын» өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамы анықталды. Келесі 2022-2023 оқу жылына сайлау 2022 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.
Өзін-өзі басқару ұйымының 2021-2022 оқу жылына құрамы төмендегідей болды, парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
Мектеп –гимназия президенті- Агатаев Алибек - 10 «А» сынып оқушысы
Құқық және тәртіп фракциясы- Жұмалбек Арнұр 10 «А» сынып оқушысы
Ақпарат фракциясы - Алдаберген Ахмедияр 10 «А» сынып
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы - Талғатұлы Нұртілек 9 «А» сынып
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы – Сүлеймен Сабина 10 «Б» сынып
Қамқорлық фракциясы - Мыңтай Инабат 9 «А»сын
Мәдениет және өнер фракциясы-Алпысбай Гүлсезім 9 «Ә» сын
Дебат қозғалысының фракциясы -Ерғара Нұрай 9 «Г» сынып
Экология және еңбек фракциясы - Тәліп Айсәуле 9 «Г» сынып
Сонымен қатар әр сыныпта өзін – өзі басқару бойынша осы аталған фракциялар бойынша оқушылар тағайындалған.
Осы аталған фракциялар бойынша 2021-2022 оқу жылында «Дарын» ӨӨБ ұйымы бірқатар іс – шаралар өткізді, атап айтар болсақ:
Құқық және тәртіп фракциясы бойынша «Құқықтық сана – қоғамға пана» жобасы аясында қыркүйек айында оқушылар арасында «Жасөспірім және заң» тақырыбында кітап көрмесі, қазан айында «Заң және мен» ҚР негізі заңдары бойынша кәмілетке толмағандардың құқықтарымен таныстыру, қараша айында «Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі» тақырыбында пікір сайыс өткізілді, желтоқсан айында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты ақпараттық бұрыш жасалды, қаңтар айында «Жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылық әрекеттер» тақырыбы аясында ПБ қызметкерлерімен кездесу өткізілді, ақпан айында Құқықтық білім беру негіздері бойынша ақпараттық науқан өкізілді «Жаднама таратылды, наурыз айында «Ата –аналардың балаларының құқықтар мен мінддеттері»тақырыбында пікір сайыс өкізілді, сәуір айында «Біздің таңдауымыз заңды мемлекет» атты дөгелек үстел өткізілді, аталған іс – шараларды ДҚТІЖО Рамазан Р. және Жұмалбек А. ұйымдастырып, мектеп – гимназия оқушылары арасында патриоттық, құқықтық тәрбиені насихаттады.
Ақпарат фракциясы бойынша мектеп – гимназияның әлеуметтік парақшаларына мектеп – гимназияда болып жатқан тәрбиелік, қоғамдық іс – шаралардың жариялануын қадағалап, жаңалықтармен бөлісіп, ақпарттарттандыру жұмыстары жыл бойына жүргізілді.
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы бойынша мектеп- гимназия оқушылары арасында волейбол, футбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, күрес, теннис, шахмат спорт түрлерінен жарыстар, турнирлер өткізіліп, оқушылар қалалық, облыстық, республикалық жарыстардан жүлделі орындармен марапатталып отырды. Сонымен қатар мектеп – гимназия оқушылары жыл бойына спорттық үйірмеге қамтылып, салауатты өмір салтын ұстануды жақсы көрді.
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы бойынша оқушыларға мектеп – гимназия психолгтарының қатысуымен «Оқушыны қолда» акциясы, «Қыз Жібек» қыздар клубы, ұлдармен жұмыс, әкелер мектебі, аналар мектебі құрылып жыл бойына оқушыларға патриоттық, рухани – адамгершілік, көпмәдениетті – көркем эстетикалық, салауатты өмір салты, ерте жүктіліктің алдын - алу бағытында іс – шаралар өткізіліп отырды.
Қамқорлық фракциясы бойынша «QAMQOR» жобасы аясында Қорғаншылар күніне орай «Жылы жүрек, жомарт қол» акциясы, Қарттар күніне орай «Қарттарым, асыл қазынам» қамқорлық акциясы, «Мейірім» ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру акциясы, «Аялы алақан» көпбалалы отбасына көмек көрсету, Ораза айына орай «Жүректен жүрекке» ата –ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру акциялары өткізілді, аталған қамқорлық акциялары аясында ата – аналардың, ұстаздардың демеушілігі, қолдауы және көмегімен қайырымдылық акцияларына оқушыларды қатыстырып, рухани – адамгершілік тәрбие берілді.
Мәдениет және өнер фракциясы бойынша мектебіміздің дарынды оқушылары жыл бойы мереке күндеріне іс –шаралар өткізіп, өз өнерлерін көрсетті.
1 қыркүйек - «Алғашқы қоңырау» мерекесі
5 қазан - Ұстаздар күні мерекесі
1 желтоқсан- Президент күні
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі
8 наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі
22 - Наурыз мерекесінде «Қош келдің Әз Наурыз » мерекелік іс-шара
1 мамыр- Ынтымақтастық күні
7 мамыр- Отан қорғаушылар күні мерекесі
9 мамыр -Жеңіс күні
Сонымен қатар фракция министрі Алпысбай Гүлсезім желтоқсан айында өткен республикалық «Евро талант» байқауында 1 орынға ие болып, Түркия мемлекеті, Кемер қаласында өтететін Халықаралық Түрік-Герман « Евро лайн» байқауына сертификат ұтып алды. Аталған фракция бойынша мектеп – гимназия оқушылары «Әнші балапан», «»Муз – әлем» вокал үйірмеріне, «Бозінген» домбыра үйірмесіне, «Шаттық» би үйірмелеріне қатысып, облыстық, қалалық, республикалық байқаулардан жүлделі орындармен оралды.
Дебат қозғалысының фракциясы бойынша мектеп-гимназия базасында «Номад» дебат клубы жыл бойына өз жұмысын жүргізді, атап айтар болсам: қазан айында 9-11 сыныптарға «Пікірсайыстың түрлері мен жалпы түсінігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. қараша айында 9-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», «Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі» тақырыптарында пікір сайыс ойыны ұйымдастырылды, желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектепішілік турнир ұйымдастырылған болатын. Турнирге мектеп- гимназияның 9-11 сынып оқушылары арасында 6 фракция өзара бақ сынасты, қаңтар мен ақпан айларында «Үкімет және оппозицияның стратегиясы» және «Пікірсайыс не береді» тақырыптарында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, наурыз айында «Қазақстанның БҰҰ кіргеніне 30 жылдығына» орай №32 орта мектептің оқушыларымен тәжірибе алмасу мақсатында диалог алаңы өтілді, сәуір айында ҚББ ұйымдастыруымен № 49 мектеп-гимназия базасында өткен «Қазақтың соңғы ханы Кенесарының 220 жылдығына» орай қалалық турнирінде «Номад» дебат клубы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық мектеп оқушылары арасындағы турнирге жолдама алып, 74 команда арасында 1/4финалдық ойынан дейін жетті.
Экология және еңбек фракциясы бойынша мектеп – гимназиямызда «Эко - START» жобасы жүзеге асырылуда, аталған жоба аясында оқушылар «Жасыл желек» оқушыларға бөлме өсімдіктерін отырғызып үйрету, «Адам қажетттілігін орындау экология үшін пайдасы, зияны» пікір сайыс, «Адамның табиғатсыз күні жоқ» экологиялық акция, «Таза планета» презентациялар конкурсы, «Green school» ағаш, гүл отырғызу акциялары, 15 сәуір- экологиялық білім күніне орай ұйымдастырылған «Табиғат әлемі балалар көзімен» көркем сурет көрмесі, 1 сәуір – Құстар күніне орай ұя жасау акциясы өткізіліп, оқушыларға экологиялық тәрбие берілді.
Аталған іс – шаралардың барлығына мектеп – гимназия президенті және фракция министрлері ұйымдастыру барысына қатысып, өз үлестерін қосып, мектептің қоғамдық жұмысына және тәрбиелік іс – шараларына ат салыса қатысып отырды.
Қорытынды: Мектеп – гимназияда 2021-2022 оқу жылында «Дарын» өзін – өзі басқару ұйымының жұмысы қанағаттанарлық деңгеде жүргізілді.
Ұсыныс:
2022-2023 оқу жылына «Дарын» ӨӨБҰ қатарына министрлерді және мектеп – гимназия президентін қайта сайлау қыркүйек айында өткізуді педагог – ұйымдастырушы Онгарбаева А. жүктеу.
2022-2023 оқу жылына «Дарын» ӨӨБҰ жұмыс жоспарын жасап, бекітуді және іс – шараларды жүргізуді ұйымдастыруды педагог – ұйымдастырушы Онгарбаева А. жүктеу.
Достарыңызбен бөлісу: |