ІҮ-бөлім – «Қызғалдағым - қырмызым»
1-оқушы: Қазақ күнделікті тұрмыс-тіршіліктің, қарым-қатынастың барысында-ақ қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, мейірбандылыққа және де басқа толып жатқан жақсы қасиеттерге баулыған.
2-оқушы : Мысалы, халқымыздың жас ұрпаққа бағыштап айтылған «оттан аттама», «суға дәрет сындырма», «нанды аяққа баспа», «кісіге қарай керілме», «табалдырықты басып тұрма», «құдыққа түкірме», «үлкеннің сөзін бөлме», «кем-кетікке күлме» деген сияқты қысқа да нұсқа сөздерінде қандай зор өнегелік мән мағына жатыр десеңізші.
3-оқушы : «Осылай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» осы сөздердің жауабы – жаман боладымен аяқталып отырған. Осындай ырым-тыйым сөздерінің түсініктемесіне көңіл қойсақ
4-оқушы : Бұл арада ата-бабаларымыз қыздарды әдептілікке, имандылыққа ізеттілікке үндесе, ал «Қызды қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деп қыздарға көптеген тыйымдар қойса, мұнда керісінше «Қыз - қонақ» деу арқылы қызды сыйлауға, қыз баласына жаманшылық істемеуге, жәбірлемеуге, алдамауға үндеген, жақсылық істеу – адамның биік парызы екендігін білдіреді.
Сабақ соңында ұлы ақын Абай атымыздың «Адам болам десеңіз» атты өлең шумақтарымен аяқтамақпыз.
1-оқушы
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
2-оқушы
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі
Оны ойға жисаңыз,
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Мұғалім сөзі : Осы өлеңдегі бес асыл іс пен, бес дұшпанды атап, жазып көрсетейікші.
/оқушыларға тақтадағы схема бойынша орналастырып жазғызу/
Қорытындылау. Әдептілік, тәрбиелілік – асыл қасиеттер. Адамдарды бір-бірінен осындай жақсы қасиеттері арқылы бағалайды.
«Жақсы бала – ата-анасының есіктегі басын төрге, жаман бала – төрдегі басын есікке сүйрейді» деген халық нақылын есте әрдайым ұстаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |