Оқу кабинетінің пайдалану ережесі мен техника қауіпсіздігі


Жұмысты аяқтағаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары



бет3/3
Дата09.12.2022
өлшемі25,59 Kb.
#162102
1   2   3
Байланысты:
химия тех беопас
интернет сведения, дарынды балармен жұмыс, дарынды балармен жұмыс, есептер, СОР динамика 2022 год, рецензия новая, сынып сағаты, стих, 50ideas, 11 сынып прак 17 11
Жұмысты аяқтағаннан кейінгі қауіпсіздік талаптары:

1,2 және 3 класты қауіпті заттар жұмыс кезінде түзілсе немесе қолданылса ол құралды желдеткіші қосылған тартпа шкафтан сабақ аяқталғанша шақыруға болмайды.



    1. Химия кабинетіндегі жалпы қауіпсіздік ережелері:

Химиялык лаборатория — қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан кауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.
1. Реактивтерді пайдаланғанда, олардың негізгі қасиеттерін міндетті түрде білу керек: улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш коспалар түзу кабілеттігі, жанғыштық кабілеті.
2. Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышкылдар мен сілтілердің
концентрлі ерітінділерімен, сілтілік металдармен жұмысты тартпа шкафта істеу керек.
3. Тартпа шкафта жұмыс істегенде онын терезесін (есігін) 1/5—1/4 биіктікке көтеріп кою керек. Жұмысты аяқтаған соң, терезені (есікті) мықтап жабу керек.
4. Бөлінген газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдардың иісін сынауды абайлап жүргізу керек: сынауықтың аузын мұрын деңгейінен төмен, мұрынға ауанын әлсіз ағыны баратындай етіп бағыттау керек.
5. Сынаптың буы өте улы. Сондықтан төгілген сынапты шаңсорғышпен немесе амальгамаланған таяқшамен мұкият жинап алу керек және оқытушыға сынап төгілгенін міндетті түрде айту керек.
6. Сутек, жарықтанғыш газ, бензин, эфир сияқты және т.б. оталу қауіптілігі жоғары заттарды оттан алшақта сақтау керек.
7. Реактивтерді құйған кезде ыдыска еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.
8. Қыздырылып жаткан сұйықтығы бар ыдыска карай енкеймеу керек, өйткені ол ыдыстан шашырауы мүмкін.
9. Сынауықты кыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.
10. Ыстық сұйықтығы бар химиялык стақанды тасымалдағанда түбіне орамал салып, екі қолмен ұстау керек.
11. Күкірт қышқылыының концентрлі ерітінділері сұйылтканда оны абайлап, баяу ағынмен суға кұяды. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген абзал.
12. Қатты негіздерді судың алдын ала өлшеніп қойылған көлемін біртіндеп құю аркылы ерітеді. Кұйдырғыш натрийдің немесе калийдің қатты кесектерін таза шүберекке орап үгітеді.
13. Концентрлі азот қышкылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир майлары, майланған қағаз, шүберек, ағаш жаңқасы және т.б.) әсер еткенде ұшқынданатынын есте ұстаған жөн.
14. Газ жанарғыларымен жұмыс істегенде өте абай болу керек. Лабораториядан кетерде газ шамдарының крандарын тексерген жөн.
15. Лас қышқылы және сілті ерітінділерін су кұбырларына кұюға болмайды. Лабораторияда бұларды кұюға арналған арнайы ыдыстар болуы кажет.
16. Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар тұтанып кеткен жағдайда жанарғыны тез сөндіріп, электрқыздырғыш аспаптарды өшіріп, отқа қауіпті (жанғыш) заттарды орнында қалдырып, отты сөндіруге мынадай шараларды қолдану керек: а) жанып жатқан сұйықтықты асбест немесе кәдімгі одеялмен жауып
қояды немесе кұммен көмеді; б) жанған фосфорды дымқыл құммен немесе сумен сөндіру керек.
17. Киім жанған жағдайда адамды сыртынан одеялмен немесе пальтомен және т.б. орау керек. Ешқандай жағдайда қашуға болмайды.
18. Егер электрөткізгіштері жанса, ажыратқышты өшіріп, колдағы бар затпен (кұм, су, асбест көрпесі, өртсөндіргіш) өртті сөндіру керек.
19. Белгілі заттардың (соның ішінде ас тұзынын, қанттың) да дәмін татып көруге болмайды. Техникалық маңсатқа арналғандықтан олардың кұрамында адамға кауіпті қоспалар болуы мүмкін.
20. Егер сендер шыны ыдыста бір затты қыздырсаңдар, аспапты дайындау үшін түтікті майыстырсаңдар, жалаң қолмен шыныны ұстамаңдар: ыстық шыныны сырткьі түріне қарап суық шыныдан ажыратуға болмайды.
21. Лабораториядан кетерде газды, жарықты және суды өшіріңдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет