«Отырар кітапханасы» сериясымен 2001 жылы жарық көрген – А.Ақынбабақызының «Мен Алтайдан шыққан ақсұңқар», Б.Айтболатұлының «Көзмоншақ», Б.Беделханұлының «Кө кемарал», М.Ершуованың «Жапырақ-ғұмыр», С.Қамшыгердің «Сары гүл», А.Исаділдің «Жолдар, жолдар», Т.Толқынқызының «Біз – таулықпыз», Ж.Сәрсектің «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім», Р.Сейілханның «Мендегі бір әлем» т.б. жас ақындардың өлең-жырларында алуан ізденіс, түрлі тақырыптар қозғалғанымен, олардың арасында қоғамдық құбылыстар, адам-ө мірі мен кезеңі, жастық пен достық, табиғат т.т. мәселелер орын алады.
Айталық, А.Ақынбабақызы «Уа, Жетісу!» өлеңінде:
Уа, Жетісу!
Жат емес,
Аспан тауың, тасың маған
Құпиям көп
Тылсыммен ашылмаған.
Әлі күнге
Жан көргем жоқ тарихымда,
Ел мен ерің,
Жеріңе бас ұрмаған!
Миллион жолдар,
Жырынан ауыр жырың,
Көбейте алман
Сөздердің жауырлығын.
Мен қайтсем де
Басқаша сөйлей тұғын.
Ақын Сара рухтас жалындымын! – десе, «Заман» өлеңінде:
Ханшаға лайық басымды,
Күңдей еткен зор Заман!
Өрге лайық тасымды,
Көрге атқан зор Заман!
Шырқап жүрер жасымды,
Жаутаңдатқан тар Заман!
Малға лайық қасымды,
Талтаңдатқан зар заман! –
деп кезең-уақыт шындықтарын салыстыру-саралаулар арқылы нақтылы ашады. Қоғам мен адамдар қарым-қатынасын, тарих пен тағдырлар талқысын, кезең көріністері, кереғар жағ дайаттар арқылы көрсетеді. Өзін мазалаған қоғамдық ахуал, көңілге кері әсер етер көріністер жан-сезім иірімдері арқылы беріледі. Қайсібір көріністен де нақышты тұстар, көркемдік мұ раттар танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |