«Республика – ұлы үйім» атты өлеңде:
Тар жолда...
Тайғақ
Тастақта
Асқақта Елім, Асқақта
Өмірге ұмтыл,
Өршелен,
Азапты кешіп белшеден
Арманда келе жатсақ та...
Біздің Ел деген Ұлы Үй ғой,
Сақтайық мәңгі бұл үйді.
Осыны ұққан жан көрсем,
Ішім бір сұмдық жылиды.
Сүйкеніп өткен үйіңе
Сүйеп дұшпан шіриді.
Ашылған етек жабылған,
Ашынған қарын тойынар.
Басыңның қамын ойласаң,
Осы үйдің қамын ойласаң,
Он жыл бұл тұрған отаудың,
Он мың жылдық әлі тойы бар! –
деп Отан, ел-жердің қадір-қасиетін, тар жол, тайғақ кешудегі ауыр халін, кешеден келешекке ұ мтылған келелі бел-белестерін алма кезек сөз етсе, «Наурыз жырының» мәніс-мәні былай беріледі:
Қандай жарық мына таң, қандай нұрлы!
Қарсы алайық шат күлкі, шардай күнді.
Аппақ бұлттар қалықтап бара жатыр,
Ап кеткендей аластап бар қайғымды.
Қарсы алдыма қатық кел, боза келгей.
Қанағатқа тойғызып қарындарын,
Қалды-ау тағы қалтылдап, қазақ өлмей.
Екі өлең де- ортақ Отан, ел-жер жайлы толғам-толғаныстарға толы. Ұлт мұраты, ел мерейі – басты көрсеткіш саналып, оған қалтқысыз қызмет ету жайы сөз етіледі. Ал, Наурыз тарихы мен тағылымының мәні зор. Адам мен табиғат, ел мен жер, әр алуан құбылыс-кө ріністердің сыр-сипаттары да өзгеше мәнер, көңіл-күйде беріледі.
Ақын Б.Жақыптың «Қолтаңба» жинағына (Алматы: Өлке, 2001. – 92 бет) енген «Тайқ азан» өлеңінде:
...Сырларын ғасырлардың ішке бүгіп,
Тәу етіп халық басын иген қазан.
Келгендер керуен-керуен алтын құйып,
Мінәжат етушілер сүйген қазан.
Зеңбірек дүмпуіне төтеп беріп,
Отына отаршылдық күйген қазан.
Бұл қазан – басқаларға арман қазан,
Шүпілдеп нұры Алланың толған қазан.
Жазылып құран сөзі ернеуіне,
Қағбасы Түркістанның болған қазан.
Кеңдік пен қонақжайлық үлгісіндей,
Қазақтың қасиеті қонған қазан.
Орнынан бір дүлей күш қозғап кетіп
Қараусыз Эрмитажда қалған қазан, -
деп Тайқазан арқылы талайлы тарихымыздың арғы-бергі кезеңдерінен сыр қозғайды. Тайқазан – ұлт тарихының, қилы кезең көріністерінің шежіресі ретінде де есте қалады. Кеше мен бү гіннің сабақтастығы ретінде де өзгеше әсер береді. Жаңа тарихтың келбетін де танытады.
Достарыңызбен бөлісу: |