Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет32/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Б.Айтболатұлы «Он сегіз» өлеңінде:

Он сегіздемін.


Он сегіз жаста менің сезімдерім,
Түйсінгенім, түйгенім, сезінгенім...
Жанымда жасын ойнар кезім менің,
Талай түндер мен болып көз ілмедім, - десе, «Мен ғашық қыз» өлеңінде:
Мен ғашық қыз сыймайды екен фәниге,
Пәктігі оның хас тек қана сәбиге.
Қиялымда періште бар, ол – сол қыз,
Мен періште емеспін ғой, әрине...
Мына жалған – жалған екен, тым жалған,
Бейбақ басқа беріш болды-ау мұңды арман.
Мен ғашық қыз сыймайды екен жалғанға,
Немесе оған лайық емес бұл жалған... –

деп жан-жүрек әлемін айқара ашады. Сыр-сезім иірімдеріне еркін енеді. Үміт пен күдік арпалысына да кезігеді. Арман-аңсарына да беріледі. Бастысы, әрине ғашық жүректің көңіл толқындары арқылы алыс-жақынға жол тартуы, тебіреніс-толғамдардың бүкпесіз, кедергісіз кең арна алуы табиғи сипаттарға ие болады. Ақын әлемінен ақиқат жайттарға ден қою, жастық-достық сырларын тереңнен ашу жайы кеңінен қ озғалады. Әсемдікке ұмтылыс сырлары сенімді.


Ал, Б.Беделханұлы көңіл толқындарын:

Уақыт санамды қырқып кетті,


Бақыт жағамды жыртып кетті.
Малым жанымды кеміріп,
Жаным арымды кеміріп,
Үміттерім үркіп кетті.
Арман жолынан тайқып кетті,
Жалған жонымнан тартып кетті.
Қалған көңілім қамығып,
Ардан кебінін жамылып,
Аппақ әлемге қайтіп кетті, - десе,
А.Исәділ өмір, өлең хақында:
Ғұмырымда көп қиянат көрсем де,
Сенем бірақ, сеніп қарап ертеңге.
Ажалға да қиянатым жоқ еді,
Мен өмірді сүре берем өлсем де.
Өлең жазсам - өмір үшін деп білем,
Өмір сүрсем - өлең үшін деп білем.
Адамдарды жақсы көрем өйткені,
Аман шыққан қасіретті тепкіден, -

деп жан сырын айқара ашады.


Өмір өлеңнің бүтін болмысын, ортақ мұраттарын, жан-жүректің толғам-толғаныстарын жан-жақты ашады. Арман-аңсарлары, өмір-дүниеге ғашықтық ғаламаттары ізденіспен, сыр-сезіммен беріледі. Айнала әлемге ғашық көзбен қарау, өмірге құштарлық таныту табиғи жеткізіледі.
Сондай-ақ, С.Қамшыгер «Ақындардың әлеміне кіріп көр» деген өлеңінде:

Мансап құмар ақын деген – зор қайғы,


Халық бірақ қолдамайды ондайды.
Ақын деген – тіліп айтар наркескен,
Шын ақында атақ, мансап болмайды.
Тыңдап оны қарияң да, жасың да,
Біз оларсыз не болар ек расында?!
Ақын – Рухтың желбіреген жалауы,
Бақыттысың ақын болса қасыңда! –десе,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет