Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет40/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

«Иоллығтегін» - ежелгі әдебиет материалынан мол сырларды алға тартады. Өткен тарих тағылымдарынан келесі ойлар қозғайды. «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлары, ондағы өмір уақиғалары, шындықтары тарих, таным таразысы тұрғысынан зерделенеді. Иоллығтегін дү ниетанымы, қанағаттық сана, ұлттық құндылықтар кеңінен сараланады. Түркі қағанаты мен мә дени-рухани қайнарларға қатысты көзқарас білдіріледі. Ежелгі жәдігерлерді қолдау мен қорғ ауға қатысты ой-пікір, ұсыныстар да қалың көпшілікке жүйелі жеткізіледі. Біздіңше, автор ізденістері мен көзқарастарында ілкі тарихқа, арғы арналарға құрмет пен құштарлық басым. Тарихтан тағылым алу арқылы арғы-бергі кезеңдерге көзқарас білдіреді. Мәдени-рухани құ ндылықтарға мән береді. Ежелгі жәдігерліктер табиғаты ашылады. Елдік мұрат-мүдде айқ ындалады. Тарих таңбасы, уақыт бедерлері таныла түседі.
Тастағы дастандардағы атамұра мен тұрмыс-тірлік тыныстары, елдік-ерлік сипаттары, батырлық болмыс, қаһармандық қимыл-әрекеттер кеше-бүгін байланыстары арқылы беріледі. «Иоллығтегін» эссесінде тарих тағылымдары да, мәдени-рухани мұраттар да, өмір-тұрмыс сырлары да мол. Елдік мұрат хақында да айқын көзқарас, тәлімдік тұстар көп:
«Жазба мәдениет іргетасы – алфавит. Ал төл алфавиті болу деген сөз, сол халықтың болмысты (дүниені) эстетикалық және математикалық тұрғыда игерудің, тануының жоғарғы нәтижесі деп білеміз. Математикалық санасы жетілмеген халық алфавит құрастыруға дәрменсіз. Болмысты есептеу жүйесі арқылы меңгере бастағанда таңбалар деген түсінік туады. Әріп таң басы ол ойлаудың нақтылығының түрі. Әлімсақтан, адам – адам болғалы ойлаудың екі-ақ түрі болған, олар образды ойлау және математикалық ойлау» (160 бет).
«Қағанаттық (империялық) сана дегенімізде оны әманда тіл мәселесіне байланысты қ арастыруымыз керек. Қағанаттық идеологияның ортақ тілі болуы заңды. Ортақ тіл империялы қ (қағанаттық) өмір сүрудің бір тәсілі. Мұндай тіл түрік қағанатында, әрине түркі тілі болған.
Түркі тілі қағанаттық мемлекеттік тілі ретінде екі ғасыр өмір кешкен. Осыншама уақыт ішінде түркі тілі, қағанатқа топтасқан халықтардың әдетіне, салт-дәстүріне, дүниетанымына ә бден сіңісті болып кеткен» (163 бет). Демек, өткен тарих – қымбат қазына. Адам мұраты мен е ңбегінің, өмірі мен тәжірибесінің жемісті нәтижесі. Ұлт руханиятының қайнары мен құндылы қтарын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет