Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Екі кітаптан тұратын туынды («Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болғ ан»)



бет43/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Екі кітаптан тұратын туынды («Сондай да бір күн болған», «Сондай да бір түн болғ ан») Арал тағдыры мен тағылымын, еңбек адамдары мен олардың өмір - тұрмыстарын, отбасылық һәм жақын - жуықтардың қарым – қатынастарын, уақыт пен кеңістік сипатын, таби ғат пен теңіздегі қиын да сындарлы сәттерді әр алуан салыстырулар мен шегіністер, қилы кө ріністер мен кейіпкерлердің көңіл толқындары, жан-жүрек тербелістері мен толғам –толғ аныстары арқылы кең көлемде көрсетеді.
Кітаптың басты мұраты мен көркемдік – рухани құндылықтары хақында айтқанда, алдымен ойға оралатыны – Арал тағдыры ұлттық мұрат пен елдік мүдде тұрғысынан баяндалып, алтын тамыр – ауыл мен оның қарапайым адамдарымен байланыс – бірлікте сөз етіледі. Оның өзі бірер кейіпкерлер төңірегінде топтастырылып (мысалы, Жәдігер, Әзім, Бә кизат т.б.), олардың еңбегі мен көзқарасын, қарым - қатынасы мен сыр – сезімдерін жан – жақ ты һәм сенімді суреттеу мақсаты айқын. Бұл тұста, сөз жоқ жазушы қоғамдық құбылыстар мен кезеңдік көріністерді, өмір оқиғалары мен шындықтарын уақыт бедерімен сәйкестікте суреттейді. Шағын отбасы мен бірер кейіпкердің өмір –тұрмыс суреттерін, қилы тағдырлар талқысын – Арал мәселесі төңірегіндежинақтап, іс – әрекеттеріндегі табансыз да тиянақсыз сипаттарын, сыр – сезімдерін бейнелі бедерлейді. Олардың өмірі мен еңбегі, жастық кезеңі мен достық сырлары, ауыл мен Арал мәселелеріне қатысты көзқарастары әр алуан көріністер, түрлі шегіністермен табиғи өріс алады. Ұлттық иұрат пен тарих тағылымдары да, ел – жер жайы мен атамекеннің қадір –қасиеттері де, адам мұраты мен еңбек сипаттары да дархан дала мен телегей теңіздің өзіндік ерекшеліктерімен байланыста беріледі. Сол арқылы ауыл мен қ ала, дала мен теңіз, өмір мен еңбек мұраттары нақтылы көрініс, шынайы шындықтармен нанымды сипат алады. Ауыл мен Арал, адамдар мен тағдырлар, атамекен мен атақонысқа адалдық – жазушы еңбегінің жеңісі, кітап құндылықтарының басты белгілерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет