Тәуелсіздік тұсында қазақ әдебитеттану ғылымы ұлт мұраты мен тарихын, оның танымал тұлғаларының өмірі мен кезеңін, шығармашылық мұраларын кеңінен қарастырды. Ә дебиеттану ісі, әсіресе кеңестік жүйе тұсында қалың көптің назарынан тыс қалып келген ә деби-мәдени мұраларды, ел үшін ерен еңбек еткен тарихи тұлғаларды, халық жадынан шығып, ұмытыла бастаған көне кезеңдердің жәдігерлері т.т. жинап-жариялау мен бастыруда да байыпты бағыт ұстап, талап пен талғамды таразы етті. Мұның бәрінен байқалар жайт: халық м ұрасы, ұлт тарихы мен тағдыры, елге есімі мен еңбегі кеңінен таралған тұлғалар табиғаты мен мұраты барынша айқын, өз орындарында бедерлі әрі кең көлемде көрсету көзделгені терең танылады. Бұл ретте, әрине халық тарихы мен мұрасы, оны зерттеу мен зерделеу ісі, жаңаша танып – бағалау басым бағыт алды. Бұл бағытта алуан ізденістер жасалып, игілікті-ізгілікті істер атқарылды.
Демократия тағылымының рухани олжасы өте мол. Осы орайда, М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» («1991), Әбілғазының «Түрік шежіресі» (1991), Бабырдың «Бабырнама» (1993), «Билер сөзі» (1992), «Батырлық дастандар» (1995), Ж.Бейсенбайұлының «Қазақ шежіресі» (1994), Х.Досмұхаммедұлының «Аламан» (1991), Л.Гумилевтің «Көне түріктер» (1994), «Ел қ азынасы – ескі сөз» (1994), «Қазақ тарихынан» (1997), Үш пайғамбар (Төле, Қазыбек, Әйтеке) – 1992; Е.Бекмахановтың « Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарда» (1995), Қ.Тауасарұ лының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» (1993), Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» (1996), «Тұрлыхан ақын» (1997), «Ежелгі үйсін елі» (2005), «Елтұтқа» (2001), «Азаттықтың өшпес рухы» (2008), «Елібай» (2009), А. Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» (2002), «Қазақтың ауызша тарихы» (2008), т.т. кітаптардың жарық көруі, қайсібір еңбектердің екінші өмірін жалғ астыруы – қалың көп үшін де, ізденуші-зерттеушілер үшін де рухани-тағылымдық сыр-сипаттары көп-ақ. Бұл кітаптардың басты байлығы – ұлтымыздың арғы-бергі тарихын, т ұғырлы тұлғалардың тағдыр-талайын, халық әдебиетінің маңыз-мәнін жан-жақты көрсетуінде дер едік. Ал, рухани құндылығы – ізденіс арналарынан, дерек-дәйегінен, әдеби-ғылыми сипаты мен кезең-уақыттың шындықтарын айқын, нанымды жеткізуінен танылады. Біздіңше, ұлт тарихы мен оның тұғырлы тұлғалары туралы баяндайтын бұл еңбектер – кезең-уақыттың шындықтарын, адам өмірі мен еңбегін аялау мен бағалау ісінде ерекше мәнді, салмақты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |