Профессор Х.Сүйіншәлиевтің көп жылдарғы ұстаздық-ғалымдық қызметтерінің қ орытындысы – «Қазақ әдебиетінің тарихы» (А. «Санат», 1997.-928 бет) атты оқулығында ежелгі әдебиеттің материалдарынан бастап ұлттық мақтанышымыз, реалистік жазба әдебиетті ң басты өкілі Абайдың өмірі мен шығармашылығына дейінгі аралықты қарастырған ұлттық сө з өнерінің он екі ғасырлық тарихы (ҮІІІ-ХІХ) жан-жақты баяндалған.
Оқулық авторы қазақ әдебиеті тарихының ілкі кезеңдерден бермен қарайғы өсу, есею жолдарын қоғамдық-тарихи жағдайлармен, мәдени-әдеби үрдістермен, әр алуан көзқарас, ізденістерді негізгі назарда ұстай отырып байыпты сөз етеді. Нәтижесінде, қазақ әдебиетін бірнеше дәуірге бөлуге болатындығын көрсетеді (ҮІІІ-ХІҮ ғасырлардағы көне түркі халық тарына ортақ әдебиет нұсқаларын қамтитын ежелгі кезең; ХҮ-ХҮІІ ғасырлар арасындағы қаза қ би-шешендері мен жырауларының поэзиясы; ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті; ХХ ғ асырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті). Сол арқылы ұлттық сөз өнерінің даму кезеңдерін, жанрлық, көркемдік ерекшеліктерін айқындап, одан кейінгі тұстарда алыс-жақын елдермен байланысын, әдеби—мәдени әсердің көкейкесті мәселелерін кең көлемде қарастыру жайы нақ тылы сөз болады. Алайда, белгілі тақырып, таныс мәтінді тым тәптіштеп, баяндауға ерік беретін тұстар да кездеседі. Бірізділік, шолу сипаттары да кездеседі.
Кітаптың құнды қырлары ретінде айтарымыз: қазақ әдебиетінің тарихы, даму жолдары мен әдеби үрдістерді, ол жайлы бұрыңғы-соңды ізденіс-еңбектер, қазақ хандары мен би-шешендері, ақын-жыраулар мұрасы, әр кезеңдегі әкімшіл-әміршіл жүйесінің зобалаң -зардаптары, жалпы қазақ әдебиеттану ғылымының бел-белестеріне кең орын берілген. Қысқ асы, оқулық – мазмұны бай, көлемі – қомақты, рухани әсер – ықпалы жоғары.