Сабақ жоспары Бөлім: «Зобалаң заман шындығы»



Дата14.12.2022
өлшемі190,59 Kb.
#162751
түріСабақ
Байланысты:
қазақ әдебиеті 11Б №12 14.12.2022


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім: «Зобалаң заман шындығы»

Мектеп: С.Сейфуллин

Күні:14.12.2022

Мұғалімнің аты-жөні:Зиябекова С

Сынып: 11Б

Оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Е.Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі және әдеби сын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;
11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақтың мақсаттары

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау, көркем шығарманың идеясымен мазмұндас шығармалармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері

  • әңгімедегі авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды;

  • шығарманы идеялық жағынан ұқсас шығармалармен салыстырады;

  • әдеби сын жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау, бағалау

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият (3-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: пәтершілердің қарасы, тоқал өкше, Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді,Екі адамның арасына есі кеткен түседі, Қайыршыға жел қарсы,
Теңеу: Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан, иттің ұясындай,
Диалектілер: дарбаза, дәліз
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:
Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар назарын сабаққа аудару

  • Кезекшімен сұхбат

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ.Қызығушылықты ояту

1.«Әлеуметтік теңсіздік» топтастыру әдісі арқылы тақырыпты ашу.





Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Топтастыру жасайды.

ҚБ.Түстер арқылы бағалау.



Суреттер google сайтынан алынды.

Сабақтың ортасы

10 минут
10 минут


5 минут


Мағынаны тану
1-тапсырма
Мұғалім оқушылардан әлеуметтік теңсіздік мәселесі мен адам құқықтары жөнінде Қазақстандағы өмірді сөзбен бейнелеп, артықшылығы мен кемшілігін көрсететін кесте толтыруды сұрайды.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ МЕН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨМІР

КЕМШІЛІКТЕРІ



?




?

Дескриптор

  • Әлеуметтік теңсіздікті табады;

  • Қазақстандағы өмірдің артықшылықт ары мен кемшіліктерін анықтайды;

  • Мысалдармен дәлелдейді;

2-тапсырма

  1. Шығармадағы автордың негізгі ойын анықтау және бүгінгі өмірмен салыстыру.

  2. Әңгіме идеясына ұқсас, соңғы оқыған шығармаларды табу.


Дескриптор

  • Кестені толтырады;

  • Ұқсастықтарды анықтайды;

  • Шығарма идеясына ұқсас шығармаларды анықтайды;



3-тапсырма
Идеясы ұқсас шығармалармен салыстыра отырып, әңгімеге 150 сөз көлемінде әдеби сын жазу


Дескриптор

  • Жанрлық ерекшелігін ескереді;

  • Ұқсас шығармамен салыстырады;

  • Сөз көлемін сақтайды;

Әдеби теориялық ұғымды еске түсіру

ӘДЕБИ СЫН
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.
Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер – өнер үшін» немесе «өнер – саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды.
216 сөз
https://adebiportal.kz/kz/genres/view/155





Ой толғаныс
Оқушылар ПОПС» формуласын толтырады.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

Оқушылардан әлеуметтік теңсіздік мәселесі мен адам құқықтары жөнінде Қазақстандағы өмірді сөзбен бейнелеп, артықшылығы мен кемшілігін айтады.

Шығармадағы автордың негізгі ойын анықтайды және бүгінгі өмірмен салыстырады.

Идеясы ұқсас шығармалармен салыстыра отырып, әңгімеге 150 сөз көлемінде әдеби сын жазады.



ҚБ


ҚБ



ҚБ


ҚБ




https://abai.kz/post/40306
шығарманың толық нұсқасы

https://www.youtube.com/watch?v=eakRh1BOsog



Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс.
«Сұрақ-жауап» әдісі
1.Бүгін сіз үшін не маңызды және қызықты болды?
2. Сіз қандай сұрақтар бойынша нақты жауап алдыңыз?
3. Сіз үшін бүгін не қиын болды?
4. Сіз психологиялық ортаны қалай бағалайсыз?
5. Сіз үшін не жеткіліксіз болды?




Әлеуметтік теңсіздік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет