Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет49/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

4.Әдебиеттану мен сын
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі арналы да іргелі салалардың бірі – әдебиеттану мен сын болып табылады.
Ақиқатында, әдебиеттану көркем әдебиеттің арғы-бергі кезеңдерін, қалыптасуы мен даму жолдарын, өзіндік ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, сын – сөз өнерінің сыр-сипаттарын, артық-кем тұстарын, жаңалық-жетістіктерін анық та әділ көрсетеді.
Әдебиеттану мен сын – сөз өнерінің тарихы мен теориясын, оларға тән белгі-ерекшеліктерді, әдеби туындының болмысы мен бітімін, мазмұн мен құрылымын, өмір о қиғалары мен уақыт шындықтарын, кейіпкер жүйесі пен көркемдік таным арналарын, ой-сөз жүйесі мен тіл-стиль сипаттарын кең көлемде қарастырады. Қысқасы, әдебиеттану ғылымы (олар үш саладан тұрады – әдебиеттің тарихы, теориясы мен сыны) сөз өнерінің әуелгі бастау арналарынан бермен қарайғы кезеңдердегі көркем әдебиеттің қалыптасуы мен даму бағыт-бағ дарын, өсу-есею жайларын, жазушы еңбегі мен шығармашылықты, ізденіс іздері мен дү ниетаным иірімдерін, көркемдік-эстетикалық мұрат пен әдеби үрдістердің сыр-сипаттарын ке ң көлемде қарастырады.Табиғаты мен тағылымына ден қояды.
Ұлттық әдебиеттану мен сын сан алуан асу, бел-белестерден өтті. Ақиқатқа табан тіресек, қоғамдағы, өмір-тұрмыстағы өзгерістер – адамға, оның ақыл парасатына, еңбегіне, т.с.с. бағытталуы, қызмет етуі тиіс. Осы орайда,демократия, тәуелсіздік тағылымдары қоғамға, күнделікті тұрмысқа жарық-нұрын молынан түсіріп тұрғанын айту абзал. Ой – сөз жүйесін руханият әлемі төңірегінде өрбітер болсақ, тәуелсіздік тұсында көңіл өсіріп, жан жадыратар жайттардың мол болғанын алдымен еске алар едік. Бұл ретте, тіл ұшына оралар маңызды мә селе, іргелі тақырыптардың кейбірі төмендегідей:

  • Кеңестік жүйе мен маркстік-лениндік әдіснама тамырына мықтап балта шабылды;

  • Парасат пен саясаттың ара-жігі айқындалып, ұлттық тарихқа көзқарас өзгерді;

  • Алыс-жақын елдердегі қандастарымыздың бір бөлігі туған топыраққа табан тіреді;

  • Арғы-бергі тарихымызға қатысты дерек көздері алуан арна, түрлі ізденістер негізінде толыса түсуде;

  • Тұғырлы тұлғалардың есім, еңбектерін қалпына келтіру ісі дұрыс жолға қойылды;

  • Әдеби-мәдени мұраларды жинап-жариялау, зерттеу жұмыстары жүйелі өріс алып келеді;

  • Қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге, азаматтық тарихқа, өмір-тұрмысқа, руханият ісіне-ұлттық, тәуелсіздік, тұтастық тұрғысынан қарап, бағалауға батыл бет бұрылды;

  • Голощекин геноциді мен сталиндік репрессия ақиқаты айтылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу дәстүрге енді;

  • Елдікке, егемендікке еңбек еткен- Арыстар өмірі мен қызметін, шығармашылық ғұ ырбаяндарын зерттеу ісі жүйелі ізге түсті;

  • Ақыл-парасатқа азаттық берілді;

  • Ұлттық тарихқа – әділеттілік өлшем етілді; - Білім-ғылым жүйесі әлемдік талаптарға ден қойды; - Руханият әлеміне кең өріс ашылды...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет