Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет47/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

«Жарылғап батыр» атты өлеңмен жазылған романдағы негізгі тұлға –Жарылғап – тарихта болған, Абылай ханның сардарларының бірі. Жоңғарларға күрес, Алтай-Тарбағатайды азат ету, қазақ батырларының ерліктері тарихи дерек, өмір шындықтары негізінде өріс алады. Қазақ даласының көріністері, халықтық-фольклорлық таным мен тарих тағылымдары, Жарылғ ап батырдың өжет те өрлік әрекеттері, ел-жерді қорғау, азаттық-теңдікке құштарлықтары алуан салыстыру, қилы көрініс-қақтығыстар арқылы серпінді сипат алады. Батыр мінген тұ лпар да межелі жерге еркін жетіп, жеңісті жақындата түседі. Өлең-роман тақырып табиғатын ә р қырынан ашып, Жарылғап батырдың биік тұлғасын ел-жерді қорғау, халыққа қамқор сынды сипаттарымен кең көлемде жырлап, жүйелі жеткізеді.
Жалпы, тәуелсіздік кезеңіндегі роман жанрының көтерген жүгі мен жауапкершілік мұ раттарынан – ел-жерге, адам өмірі мен еңбегіне құрмет пен сүйіспеншілік терең танылады. Қ азақ романының тақырып табиғаты әр алуан мәнге ие болып, халық өмірін, тарихы мен тағ ылымын түрлі қырынан көрсетуге қадамдар жасады. Әсіресе, ел өмірінің қилы кезеңдері, жекелеген адамдардың тағдыр-талайы, уақыт-бедері мен тұрмыс-тіршілік тынысы т.с.с. әр алуан ізденіс, түрлі көзқарас, мың сан әрекет, қимылдар арқылы көрсетіледі. Жазушы еңбегі мен шығармашылық мұраттардың қыр-сырына ден қойсақ, қайсібір қаламгер де ізденіс арналарына маңыз береді. Тақырып табиғатына еркін енеді. Адам әлемі мен оның тағдырталайына, жан-жүрек тынысына терең үңіледі. Өмір оқиғаларына, қилы кезең сырларына, адам әлемінің мың сан иірімдеріне ден қою негізінде тарих тағылымына назар аударады. Оны алуан арналы ізденіс, көркемдік мұраттар тұрғысынан игеру мен жеткізуге, шындық тұрғ ысынан баяндауға мән беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет