Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет44/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Атап өтер және бір жәйт: Арал тағдыры – Жәдігер өмірі мен еңбегінен, әр алуан бағ ыттағы іс – әрекеттерінен, сең мен сергелдеңге толы жанкешті тірлік – тыныстарынан терең танылады. Аралдың айбыны мен айдынына қызығып, оны жеке мүддесі жолында саудаға да салып, соңынан сол үшін де сергелдеңге түскен Әзімнің айла –әрекеттері өмір шындықтарына негізделумен мәнді. Отбасылық өмірге үстірт қараған, аналық парызын әйелдік желігі басқан – Бәкизаттың Жәдігер мен Әзімге қатысты көзқарас –қимылдарында, сағынышы мен сү йіспеншіліктерінде сенімсіз сипаттар да, сергелдең тұстар да жетіп жатыр. Ең негізгісі, әрине жазушы аталған кейіпкерлерді жерлестік тұрғыдан жекелеп те, жүйелеп те сөз етеді. Жастық пен достықтарын да ауыл – қала, өмір –еңбек төңірегінде көрсетеді. Армия қатарында болулары, оқу орнына барулары да сенімді өріс алады. Отбасылық әрекеттерін, елдік мұрат пен еңбекке көзқарастарын, сүйіспеншілік жолындағы табандылықтары мен тұрақсыздық қ ырларын да жан – жақты ашады. Осы орайда, кітаптың құндылық қырларын асқақтата түскен белгі – бедерлердің бастысы: Жәдігер – Бәкизат, Әзім – Бәкизат бейнелерінің өмір оқиғалары мен шындығының бел ортасында жүретін қызықты күндері мен қилы тағдырлары да ортақ, ү ндес болуы ауыл мен астана, Арал төңірегіндегі көзқарас – ұстанымдары да әртүрлі сипат алғ анымен, түптің – түбінде соның жоғы мен мұңын, соры мен шерін де бірге кеседі. Өмір тағ дырлары да Арал төңірегінде тоғысады. Соңғы сапарлары да бір бағытта, бір мезетте аяқ талады. Ең негізгісі, аталған кейіпкерлердің адам өмірі мен еңбегіне, өмір – уақытқа, өскен өң ір мен қоршаған ортаға, Аралға қатысты көзқарас мұраттарынан жер мен көктей алшақтық та, жан – жүректі қозғар қатерлі де қимас сәттер көптеп кездеседі. Мұның бәрінен, әрине романда ғы басты тақырып – Арал мәселесі, ондағы адамдардың тағдыр – талайы, сең мен сергелдеңге қатысты көзқарастар, ірдің бұралаң жолдары шындық оқиғалар мен нақтылы жайттар арқылы жүйелі жеткізіледі. Авторлық ұстаным, тақырып табиғаты мен көркемдік мұраттар, шеберлік сабақтары мен тілдік мүмкіндіктер де ұнамды сипаттарымен көңілге қонымды ұялайды. Осы т ұста еске алар жайттардың қатарына – жазушы еңбегін, тақырыпқа адалдығы мен табандылығ ын, ел – жерге құрметі мен сүйіспеншіліктерін жатқызар едік. Кітаптың қайсыбір тұстарынанақ ауыл мен оның адамдарының еңбек пен кәсіптеріне берілгендігін, атамекенге адалдық тарын айқын аңғарар едік. Бұл айтылғандар, сөз жоқ кітап тағылымын, көркемдік – рухани құ ндылықтарын арттыра түседі.
Кітап хақындағы көзқарасын жазушы Әбіш Кекілбаев былай білдіреді:
«Алғашқы сөйлемдерін оқығанда-ақ Нұрпейісовтың көзқанық әлеміне қайта оралғандай боласың. Таныс табиғат. Таныс орта. Таныс мінездер. Үлкен суреткерлердің қай – қайсы да солай. Тәңір жаратқан ортақ әлемнің үстіне әрқайсысы өзі жаратқан жеке дара өз әлемдерін орнатып алады. Нұрпейісов те солай. Арал төңірегінен тағы кесек суреткер туып ол да Арал туралы жазса, бәрібір Нұрпейісовтың Аралстанын оқырман көз алдынан қалтарысқа әкете алмас еді. Нұрпейісовтың Аралы кесек мінездер мен кескекті тартыстардың қорығы сияқты. Ондағы сирек кескін – келбеттің өзін ешкім қайта сомдай алмайтындай. Аруларының өзі ақ панның ақтүтек боранындай долы.
Момындарының өзі әлі атыла қоймаған жанартаудай дүлей. Арзымсыз қып суреттейтін алаяқтарының өзі басқаның ақсүйектеріне бермейтіндей сырбаздыққа, сарабалдаққа ие. Басқ алар жазса, өңшең бір шабақтар жүзгендей айдын Нұрпейісов жазғанда ең кемі шортандар ғ ана ойнақ сала алатын тұңғиыққа айналып қоя береді. Сарқылып қалды деп отырған шалшығ ының өзінен мұхиттың сұсын танисың. Туған табиғатқа деген осынша махаббат айнала тіршілікке деген терең көзқарастардан ғана туындай алса керек. Шабақтың ойыны бір басқа, шортанның ойыны бір басқа болатыны сияқты, Нұрпейісов суреттейтін тағдырлар да тым ө ркештеніп шыға келеді» (Кітап: «Соңғы парыз», 459-460 беттер).
Кітап кейіпкерлерінің мақсат – мұраттары, өмір – тағдырлары соңғы сөзден айқын аңғ арылады: «Жалпылай алсақ, үш дара тұлға деп үш адамымыздың жеке – жеке бастан кешіріп жүргендері де, бәрі бірігіп, бір – бірімен табысып, бірде кетісіп, бірге бастан кешіріп жү ргендері де – бір тағдыр.
Өздерін өздері алдаусыратқан далбаса тағдыр. Адал жүріп, адал тұрып, абырой табам; адал жүріп, адал тұрып, Аралды аман алып қалам. Бұл – Жәдігердің болмысы. Некелі жарынан бастап, көз таныстарының бәрі еңбек ері деп кекететін еңбек адамының болмысы. Адал жүріп, адал тұрып дегеніме жетем деп жүргенде айдыны сарқылады, ағайын – аумағы жел қуған қаң бақтай жан - жаққа бытырап кетеді, еңбегі еш болады, нақұрыс бала сүйіп, опасыз жар құ шады, ошағы ортаға түсіп, бейуақта беталды лаққан сеңнің үстінде бейнетпен жан тапсырады. Адал жүріп, адал тұрып, арам өледі. Оза шауып, бәйге алып, сұлуды құшам; Оза шауып, бәйге алып, атақ алам. Оза шауып, бәйге алып, абырой асырам; Оза шауып, бәйге алып, туған жерімді гүлдетем. Оза шауып, бәйге алып, ауылымның атын шығарам. Оза шауып, бәйге алып, туған халқымның атын шығарам. Оза шауып, бәйге алам деп, досын алдап кетеді. Оза шауып, бәйге алам деп сүйген қызын құрбандыққа шалады. Оза шауып, бәйге алам деп, ағайын – тумадан алшақ кетеді. оза шауып, бәйге алам деп өзі туған өлкені, өзі шомылған Аралды сауда ға салады. Оза шапқызып, бәйге алғызып дәндеткен алдамшы құштарлық ақыр аяғында оның өзін орға жығады. Үйінен бездіреді. Күйінен бездіреді. өлең төсегінен бездіреді.
Қызметінен қуып шығады. Беті ауған жаққа лағуға пейіл қылады. Сүйтіп жүріп, баяғы еліне келеді. Баяғы ағайынға қауышады. Тастап кеткен қызына оралады. Жел айдаған қаңбақ тай алабұртып жүріп, өзі құрбандыққа шалған Аралдың төсінен бір – ақ шыққанын білмей қ алады. Өзі сатып кеткен досының кебін қалай бірге кигенін білмей де қалады. Ақыры тағы да қасындағы серіктерін тастап, бетімен лаққан сеңнен бейберекет қашып шығады. Теңіздегі сең нен құтылғанмен өмірдегі сеңнен құтыла алар емес. Ертеңі – неғайбыл. Таусылмаған сергелде ң. Тауыстырмаған далбаса. Бұл қатарынан озып, жүлде алып, үздік туған Әзімнің тағдыры. Ал екеуінің ортасындағы Бәкизаттың да бағын байлап жүрген сол баяғы далбаса үміт. Кешкені сергелдең өмір» (Сонда, 461-462 беттер).
Алғашқы кітаптың («Сондай да бір күн болған») бастапқы бөлігі ашық теңізге бет тү зеген – Ұзын қара кісінің соңындағы ізіне қараған сәтінен басталады. Әлгі адам сілбу ізден сыр тартып, әр алуан ойларға беріледі. Өз өмірі мен отбасының, еңбек пен тірліктің қайсыбір т ұстарын да еске алады. Ұзын қараның табиғаты мен тағдырында, еңбек мұраттары мен өмірлік ұстанымдарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орнын бітірген соң, жас маман ретінде елге келді. Бакизатпен он үш жыл отасты. Бала сүйді. Қыз өсірді. Ел алдында еңбек етті. Өсті, есейді. Жұрттың аузына ілінді. Жаны жадыраған, көңілі өскен тұстары да аз емес-ті. «Қ ошемет те, қолпаш та көбейіп, табаны жерге тимей бара жатты». Майдангер балықшы әкесі ө мірден өткен. «Ошақ бұтын түзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын беретін ешкімі жо қ». Әкесінің немере інісі – Сары Шая да бар-ды. Оның өзі көбінде елді дүр сілкіндіріп, өз ісінен өзі опық жеп жүреді. Бірақ өзі айтқандай, Жәдігерге – әке орнына әке, аға орнына – аға. Жалғыз жанашыры. Осының бәрін әлгі із еске салды. Өйткені: «ізі – өзінен, өзі – ісінен аумайды». Ашық теңізге бастаған да – із. Ақ қар, көк мұзда соңында сүйретіліп түскен сілбу ізде сол. Ендігі бір сәт ізге көлеңке қосылды. Ол да бөтен емес-ті. Өзінің ізі мен көлеңкесі еді. Одан қашу мен құтылу қиын. Ал, бұған енді – «Берекесіз тірлік пен тәңірі берген ит мінез» жә не жабысты. Он үш жыл отасқан Бәкизаттың Астанаға баруы, Әзіммен кездесуі, бәрі – бәрі ойсанаға тыншу бермейді. Бәкизат бейнесі үйде де, түзде де көз алдында тұрды. Жастық кезеңі, отбасылық өмірі де жанын тербеді. Әсіресе, Әзімнен қарым –қатынастары көңілге көлеңке тү сірді. Алға басқан аяғы кері кетті. Ісі де оңалмады. Үй – ішінен де берекесіздікке орын алды. Ә лгі із бен көлеңкенің «ғайыптан пайда болуы» да жәйдан-жәй емес еді. Тегінде, із бен көлеңке – Жәдігердің тағдыр-талайын ғана емес, өмір мен еңбектегі сипаттарын да, отбасындағы дағ ды-қалыптарын да, Әзім мен Бәкизатқа қатысты көзқарастарын да айқындайтын бірден-бір ма ңызды факторлардың қатарына жатады.
Жазушы із бедері мен көлеңке сипатына көп көңіл бөлу арқылы адам факторына, оның ө мірі мен еңбегіне, жан әлемі мен көңіл толқынына зор маңыз береді. Із бен көлеңке – адам ө мірі мен тағдырының жан-жүрекке түскен айнасы, жердегі таңбасы.
Жәдігер Бәкизатты көргенде, Әзімді еске түсіргенде, теңізге шыққанда балықшы ауылдарында ( Көл – Қара, Көк – Арал, Ақ – басты, Ақ – Еспе, Сары – Басат, Тас – Түбек т.т.) болғанда, «шофер бала» - Қожбанмен арадағы әңгімелерде, тіпті өзімен-өзі қалған сәттерінде де жан – жүректі қозғаған, көңіл толқынын тербеткен мазасыз шақтардан босай алмайды. Өзі мен көлеңкесіне де осы тұста көзі түседі. Өйткені: «Өзінің өмірде ғана емес, осы үйде де жалғ ыздығын қатты сезді. Аңғал-саңғал үйде көңілі құрғыр құсаланып, аңдаусызда бір жерін сәл т үртіп қалса да аңырағалы тұрған-ды. Абзалы, аш бол, тоқ бол адам жаны қашанда жетім ғой. Т өңірегің толып, кейде осылай қараптан-қарап жалғызсырайтын жетім кезің болады-ау! Ә сіресе, сонда қиын» (118 бет). Мұндай көрініс-жайттар Жәдігер өмірінде жиі орын алды. Өзін -өзі ұмытқан, кінәлаған сәттері де болды. Жанға, жүрекке салмақ түсті. Ой – сананы мазалаған қызғанышы көп, сергелдеңі мол сәттер Жәдігердің Бәкизатқа жиі қол көтеруімен де астасып жатады. Бұл көріністердің соңы Бәкизатқа астанаға, Әзімге баруына «жол ашады». Осы тұста қайын енесі – кәрі қақсалдың да әсер – ықпалы сезілмей қалмайды. Теңіздің тартылуы да елге, отбасына кері әсер етеді. Араларындағы екі бала да денсаулық жағынан көңілді алаң етеді. Ө йткені: «Екі баланың екуі де ана жатырында індетке шалдығып кемтер боп туады. Әсіресе, он екіге қарап бара жатқан бұның дәл өзіндей денелі, ірі қара баланың тілі әлі дұрыстап шыққан жоқ. Ақыл – есі кем, ал екінші баласы... бәкизаттың аузынан түскендей әппақ, әдемі қыз бала... бұл айналайын да сол қолы іштен үш саусағы кем туды. Бұған кім кінәлі? Құдай ма? Адам ба? Жоқ, әлде ант атқыр мына заман ба?
Ала – бөле бұның жеке басына түсіп отырған нәубет болса екен-ау. Әрілесе тек Арал өң іріне келген қасірет болса бір сәрі ғой. Онда неге көнбеген сорлы бас, құдайдың салғаны осы шығар дер еді де, бұған да шыдам жеткенше төзіп бағар еді. Ал мынау күллі қазақтың, қазақ халқының басына қара күн орнатқан, сұм заманның сұмдық зауалына айналып, етек алып барады. Әсіресе кеше Арал тартылып, ана жақта Семей, мына жақта Байқоңыр, ол да аз дегендей Маңғыстаудың мидай жазық даласы мен Ақтөбенің қатпар – қатпар кәрі таулары, Орал мен Орданың шағыл құмдарына үсті – үстіне бомба жарып ұлан жер – су, ел – жұрт жаппай полигонға айналғалы бәрі бұл дүниеге қазақ татпаған у мен дерт қалды ма? Әне, жас ана құрсақ көтерсе үзірлі, кеміс бала туып, ұрпақ азып барады» (49-50 беттер).
Жәдігердің Сырдариядан оралған тұстағы – көк өгізді түсінде көруі мазасыз сәттеріне тү рткі болады. Арал теңізінің тартылуы, көк өгіздің суды сарқып ішуі – өмір оқиғалары мен кө ркемдік шындыққа сәйкестікте орын алады. Көк өгіз хақындағы түс – ұлттық мұратқа, халық тық таным – түсінікке сай беріледі. Оның өзі Жәдігердің – жаратылыс, табиғат туралы таным – түсінігіне қозғау салады. Ол аз болғандай – дарияға машинамен түсіп, одан да әупірімдеп аман қалады. Көк өгіз бен дарияға қатысты көріністер де ойын сан – саққа жүгіртеді. Ол ол ма, балықшылар ортасынан оралғанда Бәкизаттың бойында өзгеріс бар: «Айт – тойға баратындай үсті – басын сәндеп киініп апты. Бәрі де анада демалыста болғанда астанадағы ателиеге тіккізген инеден жаңа шыққандай әдемі, сәнді киімдер».
Жәдігер Бәкизатты жолдан бөгегісі келді. Өзімен бірге болғанын қалады. Ары – бері айтып та көрді. Бәкизаттың ішкі ойын да әбден сезеді. Мұнда да енді қалатын, қызығатын жайттар жоқ еді. Ауыл көшіп жатыр. Теңіз тартылды. Жаңбыр жаумағалы да біраз жыл болды. Бұған анасының ел – жер, атақоныс хақындағы айтқаны, Сары Шаяның Әзім, билік турасында ғы әңгімелері де негіссіз емес-ті.
Мұның бәрінен, сөз жоқ Жәдігердің Бәкизатқа деген сенімі мен сезімінен өзге күдік – кү мәнді көбейтіп, сезікті жайттарға да бастады. Әзіммен байланыс, қатынастарын еске салды. Анасын, ел – жерді ойлады. Атамекеннің қадір – қасиетін, атақоныстың сыр – сипаттарын да назардан тыс қалдырмады. Бәрі бір: Бәкизат – Әзім әрекеттері алдынан шықты. Адымын аштырмады. Жан – жүрекке, ой – санаға тыншу бермеді. Оған да себеп жоқ емес. Жәдігер мен Әзімді көп нәрсе байланыстырады. Ортақ мұрат та, үндес тұстары да бар. Бірге болған, қатар жүрген көзднрі де көп.
Жәдігер мен Әзім бір ауылдың балалары еді. «Бұл осы екі жігітпен екеуі түйедей құрдас еді; екеуі бір жылда туды; онжылдықты бірге бітірді; институтқа бірге талаптанды; бірақ екеуі де алғашқы экзаменнен құлап ауылға қайтып келді. Сол жылы екеуі әскерге бірге алынды; мерзімін өтеген соң, әскерден екеуі де бір жылда оралды; сонан... иә, сонан былайғы өмірдің талай шырғалаңын бастан бірге кешкен-ді.
Тек кейін бақыт қуған бала жігіттердің өмір жолы екіге айырылып, институт бітіргесін ол – астанада қалып, бұл – «аралым, менің аралым» деп ауылға тартып отырды. Ол шырқап ө сті. Оның өсетініне бұл күманданған емес. Баяғы бала кезде балықшы ауылдың күнге күйген қ ара сирақтарының ішінде ұзын бойлы ақ сары бала жұрт көзіне бұрын түсетін. Зейінді, алғ ырлығына сенгесін басқа балалардай сарылып отырмай, сабақты жүрдім – бардым оқитын. Есесіне екі бетінен от шығып тұратын әдемі ақ сары бала көп арасын киіп – жарып ән салатын жерде тартынбай – домбыра тартты. Балықшы ауылда үрдіс болмаған биге де бұйығы балалар бірінің тасасына бірі тығылып баспай қойғанда, ол қара көзі жайнап бірінші боп шыққан-ды», «Институтқа түсерде бұл осы тұрған Алматыға тәуекелі әзер жеткенде, ол Москваға жалғыз тартты. Бұл бірінші сабақтан құлап, анасы берген азғантай ақшасын қала көрген қу мүйіздерді ң сырасына сауғызып қайтып келсе, ол жарқылдап ауылда жүр. Ана қалтасы да, мына қалтасы да будақ – будақ ақша. Сол жылы ата – аналар оқуға түсе алмай қайтқан балаларға ренжігенде: «өзіңдей Әзімге қарашы. Оқуға түспесе де, ақшаны күреп қайтты», - деп ұрысатын» (122-123 беттер).
Әзімнің елге келуі ауылдағы біраз жайттарға тиек болды. Жәдігердің есіне Әзіммен
бірге өсіп – есеюі, армияда болуы, студенттік күндері мен Бәкизатпен алғаш кездесулері, бәрі – бәрі түсті. Арал проблемасы да екі көзқарас тұрғысынан сараланды. Халықтың демографиялық ахуалы, балық шаруашылығын – мақта, күріш сынды тиімді іспен алмастыру жайы да баяндалды. Осы тұста Жәдігерге Бәкизаттың: - Сенен кетем, - деген өктем үні, соңғы шешімі де естілген еді.
Бәкизаттың: - Сенен кетем! – деген бір ауыз сөзі Жәдігерді таң қалдырмаса да өміріне қ озғау салғаны, тағдыр талқысын күшейте түскені анық еді. Араларындағы отбасылық кикілжі ң, Әзімге қатысты әр алуан әңгімелер де көп жайды қайыра еске түсірді. Енесінің Жәдігерге кү дікпен қарап, кекете сөйлеп-ақ Бәкизатты одан әлдеқашан алыстатқан-ды. Ең негізгісі, Бә кизаттың түпкі ойы: ауылдан – қалаға көшу, Әзіммен қосылу еді. Әзіммен келісімі, онымен бірге жолға шығуында себеп, сыр бар болатын. Өмір мен табиғат заңы – Жәдігермен бірге Бә кизат пен Әзімді де сынға алды. Олардың мұз үстіндегі арпалысы, өмір үшін күрестері – адамдық сапасын да, сенім мен сезімге қатысты көзқарастарын, табандылықтарын да айқын а ңғартты. Бәкизаттың: - Сенен кетем! Деген екі сөзі Жәдігермен болған он үш жылдық отбасылық өмірді, араларындағы балаларды еске түсірумен бірге, одан туындаған тағдыр талқ ысын да, сең мен сезімнің сергелдеңді тұстарын да, мәңгілік махаббаттың мәні мен маңызын жа жан-жақты көрсетті.
Жәдігердің ел – жұрт, сел мен теңіз туралы мың сан ойларын – Әзім мен Бәкизаттың бірге кететіні де бұзған-ды. Оны Сары Шая да, ел – жұрт та есіне салды. Ел, ер намысын да ал ға тартты. Сонда да теңізге жалғыз тартты. Анасын, балаларын есіне алды. Адам өмірінің мәні туралы ойға берілді. Жаратылыс пен табиғат үндестігіне, өмір мен өлімге, күнгей мен көлеңке хақында да түпкі сырды жайып салды. Өмірдің қуанышы мен қайғысын, дүниенің жалғандығ ын, у мен дертке толы тұстарын да өкінішпен еске түсірді. Адам мұраты мен өмір мәні, уақыт өлшемі де негізгі назарда болды.
Осы сәт Жәдігермен қоштасқалы – Әзім мен Бәкизат та келген-ді. Бәкизат баланы тапсырмақшы болған кешқұрым тұста қара дауыл мұзды қақ айырған-ды. Ақ түтек боран кү шейген. Жәдігер болса, «алағай – бұлағай кезеңде» өз-өзін іздеп әлек болады. Өмір сыны, тағ дыр талқысы – оларға оңай тимейді. Өмір – тағдырын теңізбен байланыстырған Жәдігер өзі мен көлеңкесі арқылы «сыр – сұхбат» құрса, Әзім мен Бәкизат мұз үстіндегі сындарлы сә ттерде сенім – сезімді аяқасты етеді. Өз өмірлерін, жан сақтау ірекеттерін алдыға шығарады. Артық – кем тұстарын ойлауға да мұршалары келмейді. Тегінде, Жәдігер басындағы, жан ә леміндегі өзгеріс – толқулар, Бәкизаттың баланы, Әзімді алға тартып, одан алыстай түсуі – Арал проблемасымен бірге ендігі жерде тағдырлар талқысын күшейте түседі. Көзқарастар қақ тығысынан өзге жан – жүрекке түскен салмақ тым ауыр еді. Жәдігердің жанын жегідей жеген, жүрекке салмақ салып, көңілін алаң еткен – Бәкизат пен Әзімнің ашық күнде қол ұстасып, «жа ңа өмірге аттануы» еді. Елге, жақын – жуыққа, отбасылық өмірге қара дақ салған, теріс сипат берген бұл көрініс – табиғат қарсылығы мен теңіздегі арпалысқа, өмір мен тағдырдың бетпе – бет ұшырасуына алып келді. Біздіңше, ауыл мен теңіз, мұз үстіндегі арпалыс – Жәдігердің жан әлемін айқара ашса, Әзім мен Бәкизаттың араларындағы жалған сенім мен ұшқары сезімді, баянсыз байланыс – бірліктерін аяқасты етеді. Адамдық іс – әрекеттің, әділеттіліктің үстемдігі де қиын кезең, қилы сәттерде биік бел – белестерден көрінеді.
Қоғамның басты байлығы, қозғалушы күші – Адам екеніне көз және жетеді. Ақиқ атында, Адамнан ардақты, асыл не бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет