Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Тұтастай алғанда, академик Ғ. Есімнің «Жар жағасы»



бет42/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Тұтастай алғанда, академик Ғ. Есімнің «Жар жағасы» атты туындысы ұлттық тарих пен өмір тағылымдарын, елдік мұрат пен болмыс сырларын, адам еңбегі мен спалық қ ырларын, мәдени-рухани құндылықтарды кеінен көрсететін реалистік туынды.
Қазақ романының да өзіндік тарихы, қалыптасуы мен даму жолдары бар. Ақиқатында: «XX ғасырда туып, қалыптасып, дамыған қазақ романы ұлтымыздың сан ғасырлық әлеуметтік, рухани өмірін жан-жақты, терең, көркемдік қуатпен бейнелеп берген аса жемісті жанрлық форма ретінде танылды.
Алғашқы үлгілерін М.Дулатов, С.Көбеев, С.Торайғыров тудырған бұл жанр Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров қаламымен ұштасып, М.Әуезов, С.Мұқ анов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин талантымен биікке көтерілсе, Ғ.Сланов, Х.Есенжанов, З.Шашкин, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, Ә.Нұрпейісов, Б.Соқпақбаев, С.Жүнісов, Р.Тоқтаров, Қ .Ысқақов, Ә.Тарази, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Сарай, Қ.Жұмаділов, Д.Досжанов, С.Сматаев еңбектерімен кең өріске шықты...
...Бір романмен әдебиетімізге олжа салған қаламгерлер (С.Ерубаев, А.Нұрманов, Т.Әлім құлов), көптеген роман жазған суреткерлер (І.Есенберлин, Р.Тоқтаров) де бар» (Қазақтың 100 романы.Оқу құралы.–Астана:Фолиант, 2004.- 3-4 беттер).
Әдеби үдерістің бағыт-бағдарына ден қойсақ, тақырып табиғатынан тыс, өмірдің өзіне, шындық жүзіне, адам еңбегі мен тағдырлар талқысына назар аудару басымдыққа ие болуда. Осы орайда, көрнекті қаламгер Ә.Кекілбайұлының: «Кесек эпиканың орнына аз адамдардың, тіпті бір ғана кісінің жан дүниесіндегі алай-дүлей ахуалды ежіктейтін жаңа роман келді. Кең қ арымдылықтың орнына терең талдау үстемдік құрды. Шытырман оқиғалардың орнына шырғ алаң сезімдер билік алды. Әдебиет белгілі бір дәуірде болып өткен оқиғалардың көркем шежіресінен соларды бастан кешкен адамның жан дүниесінің кескіндемесіне айналды. Ә дебиеттің табиғаты өзгерді. Эстетиканың мұраты өзгерді», - деген сөздерінде мән де, салмақ та бар («Нұр Астана», 2010, 11 ақпан).
Осы кезең туындыларынан// мысалы, Қ.Жұмаділов – «Дарабоз» (1996), «Қылкөпір» (2003), Д.Досжан – «Алыптың азабы» (1997), «Абайдың рухы» (2008), С.Досанов – «ХХ ғ асыр» (1998), «Қылбұрау» (2003), Ұ.Доспанбети – «Қызыл жолбарыс» (2000), С.Елубай «Ақ боз үй» (2005), Ә.Нүрпейісов – «Соңғы парыз» (1999), Ш.Мұртаза – «Ай мен Айша» (1997), З. Қабдол – «Менің Әуезовым» (1997), Қ.Исабаев – «Серт» (1991), «Шоң би» (1993), О.Сә рсенбаев – «Шеңбер» (1998), С.Сматаев – «Біз құлмыз ба, кімбіз?» (1997), «Жарылғап батыр» (2000), Т.Тілеуханов – «Үш ұрпақ мұңы» (1996), «Базарлы дәурен, балғын шақ» (2003), Р.Тоқ таров – «Абайдың жұмбағы» (1999), Ж.Шаштайұлы – «Біздің заманның Аяз биі» (1997) т.т.)) арғы-бергі кезеңнің, тарих тағылымының, өмір-уақыт шындықтарының бедерлі белгілері кө птеп кездеседі. Қайсыбір қаламгер де ұлт тарихы мен тағдырына, танымал тұлғалардың тағ дыр-талайына жіті көз, сергек көңілмен қарайды. Елдік мұрат, ұрпақ ұлағаты, кеше мен бүгін байланысы, адам өмірі мен еңбегі, келелі келешек хақындағы көзқарастар жүйесі т.с.с. тақ ырыптық-көркемдік ізденіс тұрғысынан шынайылық сипаттарға ие болады.
Өмір тағылымдарына, өнер мұраты мен тарихына жіті ден қойсақ, қайсібір шығ армашылық иесі – Басты туындысын арман-аңсарларына айналдыратыны айқын аңғарылады. Осы бағытта әр алуан ізденістер жасайды. Қоғамдық дамуға, кезеңдік көріністерге, тарих қ ойнауларына еркін енеді. Уақыт пен кеңістік сырларына мән береді. Көптеген дерек көздері мен мол материалдар жинайды. Адам әлемінің мың сан иірімдеріне енеді. Жан –жүрегіне үң іледі. Көңіл толқындарына ден қояды. Жүріс-тұрысына, тұрмыс-тіршіліктеріне, кәсіп-дағ дысына, мінез қырларына мән береді. Қысқасы, өмір шындығының көркемдік шешімдерге сай өріс алуы негізгі назарда болады. Бір бүтін, тұтас дүние туындату – шығармашылық иелерінің басты мұраты, көңіл қалауы һәм шын сыры.
КСРО Мемлекеттік және Халықаралық М. Шолохов атындағы сыйлықтардың иегері Ә бдіжамил Нұрпейісов осы қатардағы көрнекті қаламгерлердің бірегейі болып табылады.
Жазушы Әбдіжамал Нұрпейісов өткен ғасырды – «Соңғы парыз» романымен қорытты. Халық өмірі мен Арал проблемасын, еңбек адамдары мен жекелеген кейіпкерлердің іс-ә рекеттерін алуан көрініс, жан –жүрек толғаныстары мен тағдырлар талқысы, қилы көзқарастар эволюциясы арқылы көркем де келісті сөз етеді. Кітап табиғаты мен құрылымы, кезең кө ріністері мен уақыт сырлары, өмір оқиғалары мен шындықтары, адам еңбегі мен тағдырлар талқысы бейнелі де бедерлі, серпінді де сенімді суреттелуімен ден қойғызады. Кітаптың рухани һәм тағылымдық қырлары, әсіресе адам мұраты мен өмір шындықтарына құрылған сюжеттік желілер, Арал проблемасы төңірегіндегі қилы көзқарастардың шынайылық сипат алуынан қалың көпшілік көркемдік көкжиегіне көтерілді. Шығарма алыс-жақын елдерге тез таралды. Ел тарихының сындарлы сәттерін суреттейтін реалистік туынды ретінде қабылданда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет