Академик Ғ. Есім «Сана болмысы» (көптомдық), «Хакім Абай», «Даналыққа құштарлы қ», «Фалсафа тарихы», «Қазақ философиясының тарихы», т.б. еңбектері арқылы адамдық сапасы, ұстаз-ғалымдығы кеңінен көрінген еді. Адамзаттық құндылықтарға, жаратылыс пен жаратушы табиғатына, өмір-дүние сырына, дүниетаным иірімдіріне жан-жүрек құбылысымен, ақыл-парасат таразысымен ден қойған-ды. Көзқарас пен қолтаңбасы да айқын байқалған еді. Ғ . Есім еңбектерінде Қазақ елі деген ұғым асқақ естіледі. Адамзаттық проблемалар, адамдық құ ндылықтар, руханият мәңгілігі публицистикалық серпінмен, философиялық серпінмен, философиялық толғам-толғаныстарымен беріледі. Ғ.Есім шығармашылығында бостандық бағ асы, елдік сана, ұлттық құндылықтар, руханият мәселелері басты мұрат , алтын арқау ретінде көрінеді. Ең негізгісі, әрине Ғ.Есім еңбектерінде халқымыздың арғы-бергі тарихы, мә дени-рухани көкжиектері, білім-ғылымның көрнекті тұлғалары, елдік мұраттың келелі де, тү йінді тұстары әлеуметтік-философиялық тұрғыдан талданады. Әр алуан салыстыру мен байыпты бағалаулар жасалады. Айқын көзқарас пен қолтаңба өзіндік бағыт пен талдау мәнері, ой айту мүмкіндіктері мол. Ғ.Есім «Жар жағасы» атты новеллалар мен эсселер еңбегі арқылы қаламгер, эстет, сыншы ретінде көрінді. Адам ата-Хауа анадан бастап арғы-бергі тарихтан сыр тартты. Халық даналығына, ұлттық құндылықтарға, қазақ өркениетіне, тәуелсіздік табиғ аты мен тағылымына перзенттік парызбен де, фәлсафалық көзқараспен де мән-маңыз берді. Ұ лт мұраты мен руханият мәселелері адам өмірі мен еңбегі, игілікті де ізгілікті істер басты құ ндылық, қымбат қазына ретінде танылды. Өмір уақиғалары мен шындықтары, уақыт тынысымен негізгі назарда болды. Қоғамдық құбылыстар өмір-уақыт шындыұтары, адам ең бегі мен имандылыұ иірімдері басты арқау етілді.
Кітаптың алғашқы бетінде автор атынан баяндалатын мән-маңызы мол аңдатпа берілген: «Адамдар қай заманда, қай елде болмасын тағдырларын арқалап, бұл жарық дүниені ң Үміт Базарында жар жағалап күндерін кешуде» //3 бет//. Автор аңдатпа арқылы Адам-Тағ дыр-Жар жағасы деген қағидалы көзқарастар төңірегінде кемел әңгіме өрбітіп келелі ойлар қ озғайды. Жақсы адам, ізгі жандар жөнінде кәделі де сауапты істерді алға тартады. Жақсылық пен жауапкершілік, игілік пен ізгілік – адам сапасы өмір шындығы негізінде көрініс береді. Аң ыздағы Қорқыт пен бейнеті мол Сизиф әрекеттері жар жағасының мысал-деректері ретінде алынады.
«Жар жағасы» - аталмыш кітаптың басты арқауы, көркемдік мұраты. Кітаптағы новеллаларға тән белгілер – шағын, көркем, ойлы болып келеді. Өмір оқиғалары мен шындығ ы, ел тарихының түйінді тұстары, қилы кезең көріністері, танымал тұлғалардың тағ дыр-талайлары, тұрмыс-тіршілікке қатысты тосын сюжет пен қисынды әрекеттер көркемдік шешіммен, интеллектуалдық сипаттағы басым мәнді болып табылады. Тарих тағылымдары, ө мір-тұрмыс суреттері, адам еңбегңне қатысты көзқарастар эволюциясы дерек көздеріне негізделуімен, нақтылы көрініс пен қызғылықты оқиғалардың көркем де келісті, сергек те серпінді суреттелінуімен есте қалады. Ең негізгісі, сөз жоқ кітапқа енген туындылар қысқа кө лемді, қызықты оқиғалы, нұсқалы ойлар мен түйінді тұжырымдарға толы болуымен мәнді болып келеді. «Новеллалар» бөліміне енген – «Таңсұлу» туындысының табиғаты бөлек, өмір оқиғалары мен шындықтары сенімді, көркемдік-рухани олжасы мол.
«Таңсұлу» - өмір – тарих сырларын, арғы-бергі кезең көріністерін, жекелеген кейіпкерлердің тағдыр-талайын уақыт шындықтарына сай суреттеуімен мәнді де тағылымды. «Таңсұлу» туындысында тарих таңбасы, уақыт бедері, өмір шындықтары бар. Қазақ – қалмақ қатынасы – Таңсұлу төңірегінде кең өріс алады.
Таңсұлудың жастық шағы, бойжеткен сәті сенімді суреттеледі. Ақыл-ажарынан, жан-жү регінен ізгілік нұры, парасаттылық сипаттары сезіледі. Ол, әсіресе Жойқынмен жүздескенде, Бектің қол астында болғанда, диуана кейпіне енгенде кеңінен көрінеді. Таңсұлу табиғаты мен тағдыры, ұлт пен ұрпақ хақындағы әрекет-қимылдарды, елдік мұрат пен мүдде жолындағы жанкешті еңбектері сенімді де серпінді суреттелінеді. Ел-жерге адалдығы, өмірге құштарлығ ы, әйел-ана ретіндегі жан-жүрек толғаныстары шыншылдығымен мәнді. Қаламгер айтқандай: «Таңсұлудың» авторы – Таңсұлудың өзі. «Таңсұлудың» мазмұны – тағдыр».
«Таңсұлу» туындысында – өмір-уақыт-тағдыр сынды ұғымдар кең көлемде ашылады. Қо ғам – адам – тарих тағылымдары көркемдік мұраттар биігінен қозғалады. Өмір оқиғалары мен шындықтары қарапайым да көркем келісім құрап, адам табиғаты мен тағылымына әлеуметтік мән беріледі. Адам көркемдік шешіммен табиғи үйлесім құраған. Сөз жоқ, Таңсұлу өмірі мен тағдыры, диуана – кемпір кейпіне енген ауыр да аянышты сәттері ел-жерге, отбасына деген са ғыныштары әйел-ананың парыз-қарызын еске түсіреді. Осы жолда алуан кедергі-қайшылық тарға кезігеді. Жат жерде де өмірін өткізеді. Соған қарамастан елге, отбасына оралуды мұрат етеді. Солай болады да. Бірақ, өзін өзгеше өмір, тағдыр талқысы басқа арнаға бұрады. Арнамыс, жүрек әмірі үстемдік етеді. Тағдыр таразысы басым түседі. Өмірін өліммен алмастырады. Бұл – аңыз бен ақиқатқа толы, шындық шырағы мен сипаттары мол сұлу өмір еді.
«Таңсұлу» тағылымы осы. «Адам ата және Хауа ана хикаялары» - жаратылыс, жаратқ ан, Тәңір төңірегінде сөз болады. Адам ата – Хауа ананың пайда болу тарихы баяндалады.
Ақыл – сана – сезімнің берілу жайы әңгімеленеді. Адам ата мен жаратқан арасында – ұ лт мұраты, ұрпақ қамы, өмір-дүние құпиясы хақында сұзбат өріс алады. Жұмақ-тозақ мәні, ер -әйел қызметі хақында сыр қозғалады. Абыл – Қабыл туралы да сөз болады. Автор Адам ата мен Хауа анаға қатысты әңгіме-хикаялар табиғатына енеді. Арғы-бергі тарихынан сыр қозғ айды. Жаратылыс сырына мән береді. Адамдық істі ардақтайды. Өмірі мен еңбегіне кең өріс ашады. Адам өмірімен мәңгі, еңбегімен мәнде, өрнекті өнегесімен тағылымды екені жан-жақ ты танылады. Біздіңше, Адам ата мен Хауа анаға қатысты аңыз бен ақиқаттардан адамдық іс пен адамгершілік мұраттар, адалдық пен әділеттілік, игілік пен ізгілікті сипаттар терең танылады. Ислам мәні, адамзаттық наным – сенімі, мемлекет пен дін, имандылық үрдістері мен кәделі – сауапты істер төңірегінде келелі ойлар өріс алады. «Дінің тұрсын – дін аман» қағ идасы жарқын сипаттарға ие болады.
Адам – қымбат қазына, еңбек әміршісі, ақыл-ой эталоны деген қорытындыға келеді.
Кітапта Жаратқан – жарылқаушы жайлы дәйек-деректер мол. Олар көбінде Адам Ата – Хауа Ана төңірегінде көрініс береді. Жаратқан мен Адам Ата арасындағы сұхбатта арғы-бергі тарих та, өмір-дүние сыры да, жаратылыс жайлы толғам-толғаныстар да көптеп кездеседі. Адам атби ғаты мен жартылысы, жүрек пен нұр әлемі де кең орын алады. Адам Ата мен Хауа ананың пайда болуы, өмір сыйлаудағы орын-үлестері тарих тағылымдары негізінде жүйелі сөз етіледі. «Платонның түсі» - ойлы, мәнді. Өмір-дүние сыры, уақыт шындықтары қозғалады. Адам ә лемі мен мұратына кең орын беріледі. Аристотель әлемі, 7 данышпан ілімі, Анахарсис шынды ғы ашылады. Платон мен Симмий арасындағы сқхбат сенімді. Адам есімі, түс туралы сөз болады. Білім – ғылым, ақыл – парасат туралы ойлар қозғалады. Платон түсінде аққуды кө реді. Аққуға айналыпты. Өмірі, өнері алдыға шығады.
Симмий: - Аққуды философия, ойлар деп жориды. Бұл – Платон философиясы болатын. Ақыл – ой табиғаты мен кешені – Платон төңірегінде өріс алады. Платон түсі – өз ойы, философиясы. Өмір мұраты.
Достарыңызбен бөлісу: |