ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ
Тәуелсіздік кезеңінде қазақ прозасы да жан-жақты жетілу, даму үстінде көрінді. Жаңа уа қыт пен қоғамдық құбылыстар, адам еңбегі мен ақыл-парасатындағы өзгешеліктер, нарықтық қатынас пен руханият әлеміндегі артық-кем көріністер ұлттық прозаның шағын, орта һәм ү лкен көлемді туындыларынан айқын аңғарылды. Қазақ қаламгерлері –
Ш.Мұртазаның– «Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тәуекел той»,
Қ.Жұмаділовтің – «Бір ғана ғұмыр», «Дөңгеленген дүние-ай», «Тіленші»,
М.Мағауиннің – «Карлагтан хат», «Нала», «Камикадзе», «Сұркөжек»,
Б.Нұржекеұлының – «Қыз сезім», «Құпия махаббат», «Екі қырсық», «Күю»,
М.Айымбеттің – «Тылсым»,
Т.Ахметжанның – «Айқасқа», «Шәрбат», «Тұма»,
С.Асылбектің – «Сағыныш», «Атажұртта»,
Ж.Ахмадидің – «Өмір өткелегі», «Есенгелді би»,
Д.Әшімханұлының – «Жер аңсаған сары атан», «Самырсын сазы»,
Қ.Түменбайдың – «Жыл өткен соң», «Біреудің бақыты», «Тәуелсіз махаббат», «Көз», «Итаяқ»,
Н.Ораздың – «Бақыт құсы», «Сақалды қыз», «Сиқырлы көл», т.т. әңгімелерден тақырып алуандылығы аңғарылғанымен, шағын жанрдағы мол мүмкіндіктер, адам әлемінің мың сан қ ырлары, өмірдің күнгей мен көлеңкелі тұстары, уақыт тынысы жіті танылады.
Қазіргі кезеңнің ақиқат жайттары, шындық сырлары –повесть яки хикаят арқылы да кең көлемде көрініс беріп келеді. Қоғам дамуы мен өмір ағымына еркін енуі, дүниені жаңаша, қазқалпында көрсету, адам ақыл-ойының мол мүмкіндіктері, нарық нақыштары мен демократия тағылымдары повесть жанрының табиғаты мен мазмұнын құрайды. Қазіргі қазақ повесі –
Т.Әбдіктің – «Парасат майданы»,
Д.Әбілевтің – «Махаббат құдіреті»,
Ш.Бейсенованың – «Сүзгенің соңғы күндері», «Бір махаббат баяны»,
Қ.Исабаевтың – «Мұндай қазақ болған»,
Д.Досжанның – «Екі дүние есігі»,
Б.Нұржекеұлының – «Қыз сезім»,
Т.Нұрмағамбетовтің – «Айқай»,
Ә.Асқардың – «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді», «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын»,
Т.Ахметжанның – «Сұлу мен суретші»,
Ж.Қорғасбектің – «Премьер-Министр»,
Ә.Таразидің – «Москва-Баласаз»,
К.Сегізбаевтың – «Арасан»,
М.Ысқақбайдың – «Ғашық боп көрмеген келіншек»,
Қ.Түменбайдың – «Алтын жалды арманым»,
т.т. ел өмірінің, тарихи кезеңдердің, қазіргі уақыттың шындық сырлары, адам әлемінің әр қ илы тұстары, еңбек мұраты мен сипаттары көркем, келісті өріс алады.
Қазақ әдебиетіндегі күрделі де көлемді, бірегей жанр –роман тәуелсіздік тұсында да жетекшілік миссиясына адалдық танытты. Қоғамдық жағдаяттарды, өмір-тұрмыстың бұралаң -шырғалаңдарын, тарих пен таным тоғысын, адам еңбегі мен уақыт тынысын, жастық пен сү йіспеншілік сырларын, қысқасы халқымыздың арғы-бергі кезеңдерін алуан тақырыптармен, ұ лттық идея, ел тәуелсіздігі, тарихы мен тағылымы,т.с.с.келісті де көркем көрініс берді. Бұл тұ ста, әсіресе: «1991-2001-жылдардағы әдеби он жылдықтың үлкен бір ерекшелігі – Кеңес кезіндегі әдебиетпен, әсіресе, оның соңғы жылдарында қосылған «ақтаңдақтармен» сабақ тастығы. Қазақ әдебиетін тұтас кітап есебінде көзге елестетсек, сталиндік нәубет кезінде оның көп тарауларының қандай қайғылы күйге ұшырағаны, қаншама қымбат беттері парша-паршасы шығып, жыртылып жоқ етіле жаздағаны баршаға белгілі жәйт. Әдебиетіміздің ақтаңдағы аталған осы беттер қайта қалпына келтіріле бастады. Кеңес Одағы ыдыраудан сәл б ұрын, 1988 жылдың сәуір айында Шәкәрім Құдайбердиев, желтоқсан аяғында Мағжан Жұ мабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытовтар асыл қазына-мүлкін көтеріп, халқына қайта оралды. Басқа да ондаған ақын, жазушылар кітаптары шаң жұтып жатқ ан «жабық қор» қоймаларының құлпы алынды. «Қамбар батырдан» өзгелері тұтас дерлік оқ ылуға, жариялауға тыйым салынған ақын-жыраулар, фольклор шығармалары халық игілігіне қ айта қызмет ете бастады» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: Қаз Ақ парат.-11 бет).
Алайда, сөз өнеріндегі қозғалыс өзіндік бағыт-арнасымен ілгерілей берді. Бұл тұста, сөз жоқ: «Сөз өнерінің зор саласы – проза, жетекші жанры – роман бабында екені ерекше қ уантады. Әбдіжамил Нүрпейісовтың «Соңғы парыз» роман-дилогиясы, Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовым» роман- эссесі, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», Мұхтар Мағауиннің «Мен», Қалихан Ысқақовтың «Ақсу-жер жаннаты», Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағ ы», Әкім Таразидың «Жаза», Төлен Әбдіковтың «Парасат майданы», Софы Сматайдың «Жарылғап батыр», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Қалмұқан Исабаевтың «Шоң би», Баққ ожа Мұқайдың «Өмірзая», Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбер», Кәдірбек Сегізбайдың «Беласқ ан», Бексұлтан Нұржекеұлының «Әйел жолы жіңішке», Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бө рілердің көз жасы», Жанат Ахмедидің «Шырғалаң», Хасен Әдібаевтың «Отырар ойраны», Ұза қбай Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек Асқ ардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Смағұл Елубайдың «Мінажат», Тынымбай Нұрмағ амбетовтың «Айқай» атты шығармалары, т.б. қазақ прозасының он жылдығы аса шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып кеткенін көрсетеді» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: Қаз Ақпарат.-13 бет).
Бұл кезеңде қазақ прозасы, әсіресе «...эпикалық жанрдың орташа түрі» повесть /Ә дебиеттану. Терминдер сөздігі. – Семей-Новосибирск, 2006.-281 бет/ тақырыптық тұрғыдан, ізденіс араналары мен көркемдік жағынан, адам еңбегін, өмір құбылыстарын бейнелеу сә ттерінен биік белеске көтерілді. Бастысы, әрине: «Тәуелсіздіктің он жылы ішінде туған повестердің баяны – халық өмірінің кешегі күндерінен. Өткен шақпен есеп айырысады. Бү гінгі нарық заманы тақырыбынан жазылғаны саусақпен санарлық. Бірақ аз жазылса да, саз жазылып жатқанын баса айтуымыз керек. Бір хикаят нарықты сынай отырып жақтайды, адам тірлігіне жаңа тыныс бергенін алға тартады. Екіншісі, нарық пен демократияның ел өміріне ә келген кесірлі жақтарына шүйіледі.
Қай тақырыпқа қалам сілтесе де, бүгінгі повесть атаулы таптық тұрғыға тұтылудан, не жазса да, ресми нұсқау-нормативтерге дөп тимей кете ме деп, алаңдаудан әмісе азат. Кеңестік санаға өзін қарсы қоятын сана қалыптасты. Ендігі шығармалар ізденіске бай. Дүниені жаңаша сезіну, еркін ойлап, ойлағаныңды ашық жазу – бұрын қалам тартылмаған проблемаларға, аттап баспайтын материалға жол ашты, образды өмір философиясын жасауға, руханият, инсаният өлкесіне терең де батыл бойлауға мүмкіндік берді» (Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. – Алматы: Қаз Ақпарат.- 161 бет).
Достарыңызбен бөлісу: |