Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм



бет73/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

БІЛІМ МЕН БІЛІК
отандық ғылымды дамыту мен өркендетудің басты көрсеткіштерін құрайды
// Қорытынды орнына //
Тәуелсіздік тарихы мен тағылымы жыл өткен сайын айқындалып келеді.Оның табиғаты мен жаңа бағыттары,мақсат-мұраттары жүйелі сипат алды.Жаңа кезеңнің қоғамдық-ә леуметтік қырлары,мәдени-танымдық қуаты,мән-маңызы да еселеп артып келеді.Тәуелсіздік м ұраты,әсіресе қоғамдық өмірде, әдеби-тарихи, мәдени-рухани арналарда айрықша аялау мен бағалауға, құрмет пен қолдауға ие болғанын да айту абзал.
Тәуелсіздік – қадір-қасиеті мол,мән-мағынасы кең ұғым екені анық.Оның басты мұратымемлекет құру,ал негізгі мақсаты- тәуелсіздікті баянды ету болып табылады. Бұл бағытта алуан ізденістер жасалды.Іргелі істер атқарылды.Келелі міндеттер де белгіленді.Бастысы ,ә рине ел тарихы мен тағылымына,ұлттық құндылықтарға,рухани тұтастыққа батыл бет бұ рылды.Қоғамдық-әлеуметтік ахуал жақсарды.Саяси-экономикалық өрлеу мен жаңа бағыттар жіті байқалды.Білім-ғылым жүйесінде,тәлім-тәрбие ісінде де жаңашыл бағыттар,соны қ адамдар жасалды.
Сөз жүйесін отандық білім-ғылым ісіне қатысты айтсақ,бұл салаларда да іргелі ізденіс пен жаңашыл бағыттардың кең өріс алғанын айқын аңғарар едік.Әлемдік үдерістерге,жаң ашыл бағыттарға ден қойылуда.
Ұлт мұраты мен руханият ісінде- білім-ғылым жүйесінің алабөтен орын алатынын өмір, уақыт шындыққа шығарып келеді. Білім-ғылымның арғы-бергі тарихта,өмір-тұрмыста,еңбек орындарында басты басымдықтарға ие екендігін де ешкім жоққа шығармасы хақ.Өйткені; « Ақыл-Алланың сыйлығы»// Ж.Баласағұни//. Абайша айтсақ; « ... адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады.Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық» екені анық. Демек, білім-ғылым –өмір өлшемі һәм оқулығы.Осы реттен келгенде,Елбасының Ақордада ғылым және ғылыми саясат төңірегінде кеңес өткізуі // 2009, 4 қыркүйек //,көп ұзамай қоғамдық-гуманитарлық саладағы институттардың қызметі хақында кеңейтілген жиынның болуы,жасыратыны жоқ білім-ғылымның әуелгі тұстағы асыл мұраты мен қазіргі кезеңдегі белгі-ерекшеліктерін көрсетіп,ғылыми ізденістер мен ғалымдар зерттеулерінің деңгейін жан-жақты саралап,болашақ бағыт-бағдарларын айқындап бергенін айту абзал.Қазақстан ғылымы мен ғалымдардың қазіргі кезеңдегі бағыттары,өмір мен өндіріс арасындағы алатын орны,оқу мен тәжірибедегі байланыстар,осы төңіректе қордаланып қалғ ан басқа да көкейкесті мәселелер мен қилы көзқарастар да анық,жүйелі жеткізілді.Біздің ше,келелі кеңес пен маңызды жиында отандық ғылым мен ғылыми саясатқа үміт-сенім ұлғ айып,алуан ізденіске негізделген мақсатты әрекеттер, ересен қажыр-қайрат пен жанкешті ең бектің жеңіс-жемісіне қатысты көзқарастар айқындала түсті.Ғылыми жүйе,оны басқару ісі,заманәуи жаңа бағыттарға батыл қадамдар жасау қажеттіліктері көрсетілді.Елімізді инновациялық-индустриялық тұрғыдан қарқынды өрістету ісінде ғылым мен ғылыми саясатты жаңа үлгіде,әлемдік стандарттар деңгейінде дамыту, ұлттық кадрлар әлеуеті мен бәсекеге қ абілеттілікті арттыру,отандық өндіріске батыл қадамдар жасау, негізгісі ,әрине білім мен білікке құштарлықты күшейтіп, талап пен талғамды тең ұстап,оған жаңа бағыт,соны серпін беру басты міндеттер қатарына қойылды.Оның үстіне,сөз жоқ отандық ғылымды дамыту,адам капиталының сапасын арттыру,жаңа инновациялық-технологиялық бағыттарды нығайту ісіне қатысты көзқарастар мен көкейкесті мәселелердің ашық та айқын айтылуы,мақ сат-міндеттердің нақты қойылуы,болашақ бағдарының да үміт-сенімге негізделуі талап-талғам тұрғысынан алғанда мән-маңызы жоғары,әрі келешектің көзімен қарасақ та қайтарымы кө п,берері мен дерегі де орасан зор әрі тағылымы мол.Мұның көңілді қуантып,жан-жүректі жадыратар ұнамды тұстары, әсер-ықпалы да айрықша болғанын әр кім-ақ біледі.Өйткені,білім мен білік,талап пен талғам біртұтас мағынаға ие болып,бір бағыт,ортақ мақсатқа қызмет етуі – отандық ғылымды дамыту мен өркендетудің басты көрсеткіштерін құрайды.
Ақордадағы кеңесте Қазақстан ғылымының кешегісі мен бүгіні, болашақ бағдарлары байыпты талдау, нақтылы таразылау мен салмақты саралаулар арқылы кең өріс алады.Ғ ылымдағы инновациялық,қабілеттілік өлшемдер басшылыққа алынып,ұлттық университет пен ондағы лабораториялардағы нанотехнология,биотехнология салаларының қоғамдағы, ө мірдегі маңыз-мәні айқындалады. Әлемдегі өркениетті елдер осы салаларға басымдық беріп,жеміс-нәтижесін көріп отырғанын ескерсек,кезекті тұста бұл бағыттарға отандық ғ ылымның бет бұруы – іргелі ізденістердің тиімді тәжірибелер мен мемлекеттік қамқорлықтың көрінісі деп қараған жөн.Бұған қоса алдағы жылдары инновациялық даму саясаты мен қ олданбалы ғылымды дамыту арқылы оның мемлекетке қызмет етуі, тұрақты зерттеу нысанына айналуы,өндіріске ену жайы,қоғамға,халыққа пайдалы тұстары негізгі назарға алынады.Іргелі ғылымның қайнар көздері мен шынайы ғаламның бүтін болмысына ,ізденіс-еңбектеріне үлкен үміт артады.Адамның ақыл-парасаты арқылы кең өріс алатын – ғылымның адамзаттық игіліктерге айналуы, елге қызмет етуі,өмір-тұрмыста жан-жақты көрініс табуы нақтылы мысал-деректер негізінде жүйелі сөз етіледі.Демек,білім-ғылым жүйесі-өмір мен өндірісте кең інен көрініс тауып,оның ұлтқа қызмет етуі алғашқы орынға қойылып,мемлекет дамуы мен оны ң қымбат қазынасы-адам мен еңбегін бағалауға бағытталса,айбын мен абырой асқақтай түсер еді.Білім мен біліктің,талап пен талғамның таразыға түсер,қалың көпшіліктің келелі келешекке үміт-сенімі ұлғаяр мезеті мен отандық ғылымға қызмет етер тұсы да осыған келіп саяды.
Отандық ғылым мен ғылыми саясат бағдарларынан – ұлт мұраты мен мемлекет дамуына қызмет етуі,әлеуметтік-экономикалық һәм мәдени-рухани салаларға бағытталуы айрықша басымдықтарға ие болады.Осы орайда,ғылым гранттарына қатысты шешімді қабылдайтын ғ ылыми кеңес құру ісінің қажеттілігі мен өзектілігі кеңінен атап өтілді.Жаңа жүйе мен құ рылым бойынша ғылымға қажетті қаржыны ғалымдардың өзі анықтайтын болады.Ғылыми ба ғдарлама мен жобалар тәуелсіз сарапшылардың байыпты бағалау мен қатаң бақылауларынан өтеді.Оның өзі ашық және жария үлгіде көрініс табады.Оны әлеуеті жоғары ғылыми кеңес шешеді. Мұның мәнісі- ақиқат пен әділеттілік қай кезең,уақытта да басты мұрат,өмір өлшемі етілгендігінде жатса керек. Асылы, мұны қолдап,қуаттаған жөн.Өйткені,бұл бағыттардағы алуан байқаулардың негізгі нәтижелері мен қорытындылары қоғамда, өмір-тұрмыста түрліше сипат алып,қилы көзқарастар қалыптастырып,кездейсоқ келеңсіздіктерге « кең өріс» ашқаны анық-ты... «Бармақ басты,көз қысты», «Жең ұшынан жалғасу» сынды арыдағы арналардан жеткен «жылымық сәулесі» де біржола жоғалып, сөніп қалмаған-ды...
Осы реттен келгенде, ғылым гранттары мен ғылыми кеңес құру мәселесі, ғылыми бағ дарламалар мен жобаларды демократиялық үрдістерге сәйкес жария үлгіде өткізу сынды ө зекті тақырыптарды оңды да ұнамды үлгіде шешімін табуы – қоғамда,адамдар арасында орын алып келген білім-ғылым жүйесі жөніндегі кездейсоқ көріністердің, ғылым кандидаты мен докторларының шектен тыс «өсіп-өнуін» тежеу арқылы мазмұн мен сапаға,таза талант пен табиғи еңбекке,шынайы бәсекелестікке батыл бет бұрады.
Білім мен ғылымның табиғаты мен тағылымы да осында болса керек.
Негізінен, кеңес қорытындысының нәтижесіне байыппен қарасақ - ғылымды қ аржыландыру үш бағыт бойынша жүзеге асады. Атап айтқанда;

  • Базалық қаржыландыру

  • Гранттық қаржыландыру

  • Мақсатты бағдарламалық қаржыландыру.

Олардың басты бағыттары,мақсат-мұраттары,мүмкіндіктері кеңінен көрсетіледі. Бағалау мен бақылау,түпкі нәтижеге қол жеткізу мұраттары басшылыққа алынады. Талдау, саралау сипаттары айқындалады. Бұл тұстарда-айқындық,нақтылық бар. Ғылым ісі, ғалым еңбегі байқ алып тұрады.Іргелі ізденістер жасауға,еңбектің бағалануына мүмкіндік мол. Маңыздысы, ә рине іргелі ізденістер жарасымды жалғасын тауып, адал еңбектің бағы-жолы ашылып, ал оны ң авторы қоғамда, өмір-тұрмыста еркін, қалыпты жағдайда бағыт түзесе, мұратты істің, ізгілікті қадамның баянды болғаны. Бұл тұстардан:
-ақиқат

  • әділдік

  • еңбек таразысы басым түссе,одан ұлт ұтады.Қоғам дамиды,адам мұраты асқақтай түседі. Ел мүддесі алға шығады.

Ұлтқа, қоғамға, адамға керегі де осы. Білім мен біліктің салтанат құрар сәті де осы тұ стан көрініс береді. Бұл - өмір шындығы.
Алқалы жиында іргелі ғылыммен бірге гуманитарлық ғылым салаларына да көп көңіл бө лінеді. Бұл бағыттағы басты нысан:

  • Еліміздің әлеуметтік ахуалы

  • Ішкі-сыртқы саясат сипаттары

  • Арғы-бергі тарих бедерлері

  • Ұлттық мұрат пен руханият мәселелері

  • Жас ұрпақ тәрбиесі мен потриотизмнің үлгі-өрнектері т.с.с. жіті назар аударылады. Ә рбір нысанның бағыт-бағдарлары, маңыз-мәні ашылады. Ұлттық мәні,елдік ерекшеліктері, тарихы мен табиғаты,тағылымды тұстары айрықша мәнге ие болады. Қазіргі кезеңнің жетістіктері, тәуелсіздік тағылымы, адам өмірі мен еңбегі – білім-ғ ылымның дамуымен,талап пен талғамның сабақтастығымен байланыста баяндалады.

Бұдан басқа,әсіресе, Қазақстанның даму бел-белестері ,мемлекеттілік мәртебесінің қ оғамда,алыс-жақын елдерде бағалануы,қазіргі заман тарихының зерттелуі мен зерделенуі,еліміздің әлемдік деңгейдегі орын-үлесі, әлеуметтік-экономикалық жаң алық-жетістіктер көрсеткіші т.т. ұтымды да ұнамды үрдістері кеңінен көрсетіледі. Ұ лт мұраты,қоғам дамуы,адам өмірі мен еңбегі,мәдени-рухани арналар,білім мен білік көкжиегі,уақыт бедері мен жаңашыл үрдістер басты басымдықтарға ие болады. Адамзаттық құндылықтарға, ұлт мұраты мен руханият мәселелеріне, атамұра мен дә стүр өнегелеріне, дін-діл, тіл мүмкіндіктеріне зор маңыз беріледі.Тарихы мен тағ ылымы жіті зерделенеді. Уақыт бедері басты орында тұрады.
Білім-ғылым жүйесінде – жоғары оқу орнының үлес-салмағының айрықша маңыздылығ ын ескерсек,ұлттық ғылым мен ғылыми саясатты жүйелі жүргізуде басым бағыттарға ие болатыны өзінен - өзі түсінікті болса керек. Осы орайда,отандық ғылымның әлемдік ү дерістерге еркін енуі жолында ұлттық жоба бойынша құрылып жатқан - Жаңа университеттің орны,ғылым мен ғалымдардың мақсат-міндеттері, жас ұрпақтың сапалы білімі мен тәлім-тә рбиесі,ғылым мен бизнес бірлігі кең көлемде қозғалады. Жаңа оқу орнының академиялық құ рылымы,нақтылы мамандықтар тізбесі, студенттер саны т.с.с. ден қойылады.Сондай-ақ,бүгінгі және болашақтағы маңызды мамандықтар – мұнай-газ, металлургия, биохимия,биофизика, генетика, ядролық технология салаларына басымдық беру кеңінен көрсетіледі. Білім мазмұны мен сапасы, оқу мен оқыту ісі, ғылыми зерттеулер мен орталықтардың жұмыстары,жаңа ақ параттық-технологиялармен қамтамасыз етілуі,әлемдік стандарттарға сәйкестігі т.с.с. көп көң іл бөлінеді. Жаңа уақыт пен заманәуи үдерістер, елдік мұрат-мүдделер мен қоғамдық-рухани қажеттіліктер де қазіргі кезеңнің келелі мәселелерімен байланыста қозғалады. Оқу орнында оқитын әрбір студент не үшін оқитынын, Отанға, ел-жерге қандай үлес қосатынын,ұлт дамуындағы өзіндік мақсат-мұраттарының қаншалықты мән-маңызы бары жан-жақты айқ ындалады. Бұдан шығатын қорытынды; жас ұрпақ, бүгінгі студент болашақ мамандық иесі ғ ана емес, қоғамның қымбат қазынасы,ел-жердің берік тұтқасы, мемлекет дамуындағы айбынды, қайратты, қуатты күш екені үлкен үміт-сеніммен жеткізіледі.Ұлт мұраты,елдік мү дде мен болашақ бағдарлары, атамұра мен дәстүрлер тағылымы,жас ұрпақ өмірі мен патриотизм өнегесі кеше-бүгін тәжірибелері арқылы кең өріс алады.
ҚР Ұлттық Ғылым академиясы статусы - Қазақстанның кәсіби ғалымдар қауымдастығ ына айналатыны,ғылыми бағдарламалар мен жобаларды сараптауға қатысатыны нақтылы атап көрсетіледі.Бұған да түсіністікпен қарап,ұлттық білім-ғылымның маңызын,келешегін ойлаған сауапты іс болмақ.Өйткені,кейінгі кезеңде білім-ғылымның қарашаңырағының бағыты мен де ңгейі кім-кімге де ой салғандай еді.Әуелгі бағыт пен дәстүрлі арналардан,құрылым жү йесінен басқаша үрдістер, соны серпіндер көрініс берді. Іргелі ізденіс пен зерттеулер жүйесін – мемлекеттік бағдарламалар бойынша атқаратын іс-жұмыстар алмастыра бастады. Жаңа уақ ыттың талаптары мен өзгешеліктері байқалды. Жас ғалымдардың ғылымға келуі мен құ штарлықтары тым төмендеп кетті. Мәртебелі ғылымды – билік пен бизнестің « қуатты күші» алмастыра бастады. Кеңес жұмысында мұның да түйінді тұстары айқындала түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет