қоғамдық-гуманитарлық институттарды жаңа әрі сапалы деңгейге көтеріп,жалпымемлекеттік мәселелермен сабақтастығын дамыту
ғылыми жұмыстарға жаңа бағыт пен соны сипаттар беру
диссертациялық зерттеулер,ондағы ұсақ тақырып пен қайталаушылықтарға жол бермеу
оқулықтар мен оқу құралдарындағы өрескел қателіктердің себеп,сырларын айқындау т.с.с.к өп көңіл бөлінді. Басты бағыттары,сындарлы сәттері назарға алынды.Оңды қадам жасалып,ортақ шешімдер шығарылды.Елдік мүдде көзделді.Қоғамдық-гуманитарлық институттар мен орталықтар,ондағы ғылыми зерттеулер жүйесінен – ұлт мұраты мен тә уелсіздік тағылымы,қазіргі кезеңнің бағыт-арналары,адам өмірі мен еңбегіндегі жаңашыл сипаттардың айқын да бедерлі көрініс беруі негізгі назарға алынды.
Бұдан басқа, атап айтқанда ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру,бүгіні мен болашақтағы бағыт-бағдарларын айқындау, кешенді зерттеулер жүргізуге нақтылы батыл қадамдар жасалды. ЖОО-дағы білім мазмұны мен сапасы,жас ұрпақ патриотизмі мен тәлім-тәрбие ісі негізгі назарға алынды.Диссертациялық зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қ орытындылары,тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері мен ғылыми құндылықтарына маңыз берілді.Оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұн,сапасындағы орын алған өрескел олқылық тар мен қателіктерге қатаң қадағалау болатыны да жан-жақты айтылды.
Айрықша маңызы,әрине білім-ғылым жүйесінің ұлттық құндылықтарға негізделіп, оның мазмұны мен сапасы елдік мүдделерге қызмет етуі,отандық жетістік ретінде бағалануы басты басымдықтар ретінде қарастырылды.Түптің түбінде білім-ғылымның берік те,биік желкені тол қынды айдынға еркін көтеріліп,ақжарылқап кезеңнің салтанат құрарына үміт ұлғая түседі.Кең ес жұмысынан бұл тұстар жүйелі сипат алды.Маңызды мәселелер көтеріліп,орын алған кедергі-кемшіліктердің түп-тамыры,сыр-сипаттары кең көлемде көрсетілді.Елдік мүддеге басымдық берілді.Ортақ мақсаттар айқындалды.
Тұтастай алғанда ,алқалы жиын білім-ғылымның бағыт - бағдарларын,көкейкесті мә селелерін жаңа уақыт талаптарына сай жіті зерделеді.2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жолындағы ғылым мен ғылыми саясат орны,оның қо ғамдық-әлеуметтік мақсаттары,бәсекеге қабілеттілігі кеңінен сөз етілді.Бастысы ,әрине білім мен біліктің - отандық ғылымды дамыту мен өркендетудің басты көрсеткіші,қозғаушы күші екендігі бұрынғыдан да бетер айқындалып,келелі мәселелері,оңды тұстары ұтымды кө рсетілді.Жаңа уақыттың талап-тілектері,әлемдік үдерістер мен заманәуи бағыт-арналар да тиісті тұстарда басшылыққа алынды.
Алқалы жиын- білім-ғылым жүйесінің жетістік-жаңалықтарымен бірге ортақ мақсат-мұ раттарды да айқындай түсті.
Орайлы тұста еске алу артық емес,Елбасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер алдында оқыған дәрісінде // Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде:болашаққа интеллектуалдық секіріс.- «ЕҚ»,2009,14 қ азан // әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың себеп-сырларын айқындап,интеллектуалды ұлт төңірегінде келелі ойлар қозғады.Қазақстандық білім беру жүйесі, инновациялық -технологиялық даму,бәсекеге қабілеттілік хақында да жаңашыл бағыттар,соны көзқарастар білдірілді.Ең негізгісі,әрине: «Әр адамды қазіргі заманғы әлемде не істеуге,білім ала білуге,ө мір сүре алуға,бірлесіп өмір сүре білуге үйрету қажет» деген маңызды ойлар ортаға салынады.Жас ұрпаққа үміт-сенім артылады.Болашаққа бағыт-бағдар беріледі.Білім-ғылым ісі – қоғамның қозғаушы күші екендігі айқын аңғарылады.
Бұл ретте, сөз жоқ ҚР Білім-ғылым ісін дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.ТМД елдері даму бағыттарынан ғ ылыми-техникалық,инновациялық саланы таңдап алғаны да айқын аңғарылады.Осы орайда, Қ азақстанда – 5 ашық типті ұлттық зертханалар құрылды, инженерлік бағытта-15 зертхана жұ мыс істейді. Білім саласындағы жетістік ретінде Еуропалық-Болон процесіне мүше болуды, Адами даму индексі бойынша - әлеуеті жоғары деңгейде дамыған елдер құрамына енуді айтар едік («ЕҚ», 2010, 31 наурыз). Бұдан басқа, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Е.Оңғарбаев атап көрсеткеніндей: «...Ғылым мен білімнің интеграциясы жүзеге асыруда алты инновациялық білім беру консорциумы құрылды. Әлемдік тәжірибе кө рсеткендей,базасында ғылыми зерттеулерді университеттік ғылым мен академиялық ғылымды байланыстыру арқылы жүргізетін университеттер инновациялық жүйенің дамуында белгілі роль атқарады.Жоғары оқу орындары ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруға қ атысады.
...Қазақстан ғалымдарының жақын және алыс шетелмен – Ресеймен,Беларуссиямен,АҚ Ш-пен,Қытаймен,Үндістанмен,Германиямен және басқа шетелдермен ынтымақтастықтары табысты дамуда.Таулы металлургия және көмірсутекті кешендерде жаңа ғылымды көп қ ажетсінетін технологияларды жасау бойынша үлкен мүмкіншілік бар.
...Бүгінгі жағдайда еліміздегі ғылыми-инновациялық саясатты инновациялық қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру,ғылым мен инноватордың жағымды қоғамдық имиджін қ алыптастыру жөніндегі шараларсыз түсіну қиын.Сенімді әлеуметтік қорғау тек генератормен ғ ана емес,сондай-ақ жаңалықтарды жүзеге асырушылармен де қамтамасыз етілуі тиіс.Инновациялық жүйе тиісті кадрлармен қамтамасыз етілген кезде ғана нәтижелі қ алыптасатынын және дами алатынын атап көрсету қажет» ( Оңғарбаев Е. Ғылымды басқаруды ң финдік үлгісін таңдадық.- «Айқын»,2009, 5 қараша).
Бұл - білім-ғылым жүйесінің қазіргі кезеңдегі бағыт-бағдарын барынша айқын, жіті танытады.Уақыт тынысын сезіну де бар.