Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері



бет4/15
Дата09.06.2020
өлшемі318,5 Kb.
#63300
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Постреквизиттер: Курс соңында студенттер Батыс Қазақстан өлкесінің тарихынан мәлімет беретін нақты деректер мен материалдар арқылы тарихи - ғылыми заңдылықтарды жете түсінеді, тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және курс студенттерде патриоттық сезімнің оянуына себеп етеді, ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді.


  1. Пәннің мазмұны.

2.1 Дәріс сабақтары тақырыптарының аты, мазмұны және сағат көлемі:



Дәріс тақырыптары:

Дәріс мазмұны:

Сағат көлемі:

1

Курсқа кіріспе.

Батыс Қазақстан өлкесінің тарихы курсының мақсат – міндеттері, мазмұны мен маңыздылығы. Зерттеу обьектісі мен әдісі, оның басқа ғылымдармен байланысы.

2

2

Батыс Қазақстан өлкесінің ежелгі тарихы (археологиялық деректер бойынша).


Батыс Қазақстанның тас дәуірінің мәселелері. Батыс Қазақстанның қола дәуірінде. Ғұндар: саяси тарихы, шаруашылығы. Сармат – савромат мәдениеттері. Сармат пен савромат тайпаларының генетикалық байланысы мәселесі. Скифтер және амазонкалар туралы аңыз. Кушаевтың тұжырымы.

2

3

Батыс Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттер тарихы.


Батыс Қазақстандағы қанғар – печенег бірлестігі. Оғыз мемлекеті: саяси тарихы, мәдениеті. Қимақ – қыпшақтардың мемлекеттік құрылымы, саяси тарихы, шаруашылығы.

2

4

Кіші жүздің тарихы (ХVІІІ-XIX ғғ.).


Кіші жүздің қалыптасуы. Кіші жүзде хандық биліктің орнауы, кезеңдері. Хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы, жойылуы. Кіші жүзді құраған ежелгі тұрғындары хақында. Кіші жүзді құраған ру-тайпалар, олардың орналасуы. ХҮІІІ-ХІХғғ. Кіші жүздің мал шаруашылығы, оның өзгеріске ұшырауы. Егіншіліктің дамуы. Сауда-саттықтың өркендеуі.

2

5

Батыс Қазақстан Ресей империясының құрамында.


Кіші жүздің Ресейге қосылу тарихынан. Қазақ даласындағы Тевкелевтің дипломатиялық миссиясы (1731 – 1733 жж.). Орынбор экспедициясы. Әбілқайыр ханның саяси келбеті.

2

6

Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының азаттық қозғалысы.


Көтерілістің алғышарттары, қозғаушы күштері. Көтеріліс басшысы – Сырым тұлғасы. Көтерілістің барысы. 1785 жылдың 21 қыркүйекте Женбішке өзенінің жағалауында болған ағамандар жиналысының мәні. Әбілқайыр, Нұралы ұрпақтарының әрекеттері. Игельстром реформасы. Көтерілістің әлсіреуі, жеңілуі, тарихи маңызы. Сырымның Хиуаға өту себептері. Батыс Қазақстан Археология орталығы ұйымдастырған экспедиция қорытындысы.

2

7

Бөкей (Ішкі Қырғыз Ордасы) Орда тарихы (1801 – 1845 жж.).


Бөкей хандығының құрылу себептері. Бөкей хандығының Ішкі Қырғыз Ордасы аталу себебі. Бөкей тұлғасы. Жәңгірдің билігі (1824-1845 жж.). Бөкей хандығының мемлекеттік құрылысындағы өзгерістер. Бөкей хандығындағы жер мәселесі. Бөкей Ордасындағы білім, сауда - саттық, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау ісі. Жәңгір мен Махамбет. Жәңгір ханның саяси портреті. Фатима. Жәңгір ұрпақтары.

2

8

Қайыпғали сұлтан бастаған қозғалыс (1827 – 1829 жж.).


Қайыпғали қозғалысының мақсаты, барысы, нәтижесі. Қайыпғали сұлтанның Хиуа ханы Аллақұлмен қарым - қатынасы. Қозғалыстың Кіші жүздегі Исатай Таймановпен пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліске ұласуы. Көтерілістен кейінгі Қайыпғали сұлтанның саясаты.

2

9

1836 - 1838 жылдары. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс.


Көтерілістің басталу себептері, қозғаушы күші. Көтеріліс басшысы - Исатай тұлғасы. Махамбет - көтерілістің рухани дем берушісі. Көтерілістің кезеңдері, барысы. Жәңгір саясаты. Қарауылқожа Бабажановтың әрекеті. Тастөбе шайқасы. Шайқастың көтерілістің бұдан кейінгі тағдырына әсері. Көтерілістің шешуші кезеңі және оның жеңілуі. Көтерілістен кейінгі Махамбеттің тағдыры. Исатай ұрпақтары.

2

10

ХІХ ғасырдың І ширегіндегі ұлт - азаттық көтерілістер.


1816-1821 жылдардағы Арынғазы сұлтанның қозғалысы. ХІХ ғасырдың І ширегіндегі Қаратай сұлтан бастаған көтеріліс. Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс.

2

11

1847 – 1858 жж. Есет Көтібарұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс.


Көтерілістің басталу себептері, барысы. Көтерілістің шешуші кезеңі және оның жеңілуі. Көтерілістен кейінгі Есет тағдыры.

2

12

Батыс Қазақстан Кеңес өкіметін орнату және азамат соғысы жылдарында.


1916 жылғы көтеріліс. Шыңғырлаудағы, Бөкей Ордасындағы 1916 жылғы көтеріліс барысы, нәтижесі. Ойылдағы 1916 жылғы көтеріліс. Батыс Алаш Орда тарихы. Жаһанша Досмұхамедұлы. Кеңес билігінің орнауы. Азамат соғысы.

2

13

Батыс Қазақстан 1920-1930 жылдарда.


Кулактар мен байларды тап ретінде жою саясаты кулақтар мен байларды тап ретінде жою саясаты. Батыс Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары. Қазақстан сталиндік басқарудын еркімен 1932 жылы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру аймағына енгізілуі. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды жоспарлы түрде отырықшыландыру деп аталатын шаралардың жүзеге асуы. Аштық. Жаңақала көтерілісі. «Орталықтың» жарлығы бойынша және «социалистік құрылысты нығайту үшін таптық күресті күшейту» атты сталиндік концепцияның негізінде жүргізіген саяси қуғын-сүргін. «Үштік», «Ерекше мәжіліс», «Комиссиялар» қызметі. Қазақстандық саяси қуғынға ұшырағандарға тағылған «Алашордашы», «Құрамысовшы», «Қожановшы», «Садуақасовшы», «Меңдешовшы» және т.б. айыптар. Республиканың денсаулық сақтау саласына соның ішінде туберкулез бен жұқпалы ауруларға қарсы емдеу жұмыстарына ерекше үлес қосқан М.М. Шомбалов тағдыры.

2

14

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстан (1941 – 1945 жж.).

Батыс Қазақстан–Сталинград майданының жақын тылы. Сталинград майданының тылдық шекарасының оң жақ қанаты - Дон майданымен, Орал қаласы - Орбық, Быково, Дубовна, Вертячий селоларымен, солдан - Атырау, Астархань қалаларымен, Ұзынкөл, Муасәлжі станцияларымен, майдан тылы – Орал қаласы, Жайық өзенінің оң жақ сағасы, Атырау облысының шекарасымен шектелуі. Жайық пен Еділ бойынан Чехиядағы Вятовға дейі даңқты әскеи жорықты басынан өткізген 152-ші арнайы атқыштар бригадасы. Батыс Қазақстандықтар–Кеңес Одағы Батырлары. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы колхозшылардың, әсіресе еңбекші әйелдердің тылдағы еңбек ерліктері. Орал қаласына эвакуацияланған 14 өндіріс орны мен мекемелердің, ұжымның сұрапыл соғыс кезіндегі қызметі. Бөкейлік Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Ақтөбелік Молдағұлова Әлия, Атыраулық Хиуаз Доспанова тағдыры.

2

15

Батыс Қазақстан 1946-1991 жылдарда.


Әлеуметтік- экономикалық дамудың негізгі бағыттары. Батыс Қазақстан еңбекшілерінің материалдық әл – ауқаты және мәдени – рухани даму денгейі.

2




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет