Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар



бет16/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
лекц ФР

Глиоксилаттық цикл
Бұл процесті Кребс циклінің өзгерген түрі деп қарауға болады. Ол бірінші рет 1957 ж. Г.П.Корнберг және Г.А.Кребс зерттеулерінің нәтижесінде бактерияларда және зең саңырауқұлақтарда ашылған болатын. Кейінірек майлы өсімдіктердің тұқымдарына және басқа өсімдіктерге де тән болатындығы анықталды. Глиоксилаттық цикл клетканың глиоксисомаларында жүзеге асатындығы белгілі болды.
Онда ең алдымен қымыздық сірке қышқылынан және ацетил-КоА-дан лимон қышқылы синтезделіп, одан цис-аконит жәнс изо­лимон қышқылы пайда болады. Изолимон қышқылы изоцитратли-аза ферментінің әсерінен глиоксил және янтар кышқылдарына ыдырайды. Глиоксил қышқылы малатсинтазаның қатысуымен ацетил-КоА-ның екінші молекуласымен әрекеттесіп, алма қышқылына айналады да, ол қымыздык сірке қышқылға дейін тотығады:

Сонымен глиоксилаттық циклдің әр бір айналымында ацетил-КоА-ның екі молекуласы қатысады. Осы ырықтанған ацетил Кребс цикліндегідей тотығу процесіне катыспай янтар қышқылының синтезделуіне пайдаланылады. Янтар қышқылы глиоксисомалардан шығып қымыздық сірке қышқылына айналып, глюконеогенез және басқа биосинтездік процестерге қатысады. Глиоксилаттық цикл қор күйіндегі майлардың кәдеге асуын қамтамасыз етеді. Олардың ыды-рауынан ацетил-КоА молекулалары пайда болады. Сонымен қатар ацетил-КоА-ның екі молекуласына есептегенде НАДН-тың бір молекуласы тотықсызданады. Оның энергиясы АТФ синтезіне немесе басқа процестерге пайдаланылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет