Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Өсімдіктің қимыл-қозғалысы. Қозғалыс механизмдері. Тропизмдер. Өсу настиялары. Дөңгелек нутациялар. Тургорлық қайтымсыз қозғалыстар



бет24/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекц ФР

Дәріс № 14

Тақырыбы: Өсімдіктің қимыл-қозғалысы. Қозғалыс механизмдері. Тропизмдер. Өсу настиялары. Дөңгелек нутациялар. Тургорлық қайтымсыз қозғалыстар.


Өсімдік организмі кеңістікте белгілі бір бағытпен қозғалуға бейімделген. Өсімдік сыртқы жағдайларға байланымты әртүрлі қозғала алады. Өсімдіктердің қозғалысы өсу-жеке мүшелердің қозғалысы және тургорлық-жеке клеткалар мен ұлпалардың қозғалыс болып екіге бөлінеді. Өсу қозғалыстары өз кезегінде тропикалық және настиялық болып екіге бөлінеді. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына байланысты тропизмдердің мынадай түрлері ажыралады: геотропизм, фото­тропизм, хемотропизм, тигмотропизм, гидротропизм.


Геотропизм — бір жақты тартылу күшіне байланысты сыртқы орта әсерінен пайда болады. Егер өскіеді горизонталь қойсақ, белгілі бір уақыттан соң тамыр төмен қарай, ал сабақ жоғары қарай өседі. ХIХ ғ. клиностат деген құрал ойлап табылды. Бұл құрал арқылы өскіннің тек бір жақты өсетіні дәлелденген. Егер тамыр төмен қарай иіліп өссе, онда оны оң
геотропизмом деп атаймыз.


Өсімдіктердің өсуіне байланысты қимыл - қозғалыстар





Тропизмдер және настиялар: 1 — геотропизм; 2 — фототропизм; 3 — термонастиялар; 4 — фотонастиялар.

Өсімдіктердің өсуіне байланысты толып жатқан қимыл - қозғалыстар өте көп кездеседі. Солардың ішінде тропизмдер (грек. tropos -бұрылу) деп аталатын түрі көбірек орын алады. Жарықтың бір жақты әсерінен өскіндер, сабақтар, бұтақтар жарық түскен бағытқа қарай иіліп өседі. Бұл құбылыс фототропизм деп аталады. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне байланысты бағытталып өсуі геотропизм деп аталады. Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң геотропизм) өседі де, негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс геотропизм) өседі. Өсімдік мүшелерінің химиялық қосылыстарының әсерінен өсу бағытының өзгеруі хемотропизм деп аталады. Өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм деп аталады. Бұдан басқа термо-, электро-, травмотропизм құбылыстары кездеседі. Өсімдіктерде жан-жақты (диффузиялы) әсер ететін жағдайларға байланысты настиялық деп аталатын қимыл-қозғалыстар да көптеп кездеседі. Жылан қияқ, қызғалдақ сияқты өсімдіктер салқын жерден (+10) жылы жағдайларға (+20-25) ауыстырылса, гүлдері тез ашыла бастайды. Бұл термонастия деп аталады. Термонастиядан басқа фотонастия, сейсмонастия, гидронастия, хемонастия т.б. түрлері кездеседі. Нутация (лат.nutatio – тербелу, шайқалу) – айналма немесе тербелмелі қимыл, шырмалып өсетін өсімдіктерде және тамырда байқалады. Өсіп тұрған өркен өздігінен шайқалып көлденең біліктен ауытқиды. Нутациялық қимыл созылып өсу аймағындағы клетканың қарқынды өсуінің нәтижесінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет