Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Тақырыбы: Тынысалудың тізбектері және компоненттері. Тотыға фосфорланудың механизмдері. Митчеллдің хемиоосмосттық теориясы. Қоршаған ортадан тынысалудың тәуелділігі



бет18/26
Дата06.02.2022
өлшемі1,5 Mb.
#80346
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
лекц ФР

Тақырыбы: Тынысалудың тізбектері және компоненттері. Тотыға фосфорланудың механизмдері. Митчеллдің хемиоосмосттық теориясы. Қоршаған ортадан тынысалудың тәуелділігі.

Тыныс алуға тән тотығу-тотықсыздану процестерінің негізгі бағыттарын жан-жақты қарастырып, олардың өзара әрекеттестерін, тәуелділігін және организмдегі жалпы зат алмасу процестерімен де тығыз байланыстылығын байқауға болады.


Жарықта - бір мезгілде жүзеге асатын бұл екі процесте көмірқышқыл газы мен судың алмасуы өзара қарама-қарсы екендігі байқалады. Фотосинтезде су мен көмірқышқыл газынан органикалық заттар (гексоза) түзілетін болса, тыныс алуда олар керісінше ыдырайды.
Фотосинтездік Кальвин циклі мен тыныс алудағы Кребс циклінің тығыз байланыстылығы, осыларға ортақ өнім — фосфоглицерин қышқылының өзгеруінен анық байқалады. Оның АТФ энергиясын пай­даланып, НАДН2 катысуымен тотықсыздануынан фотосинтездің басқа өнімдері пайда болады. Егер ол фосфорсызданып пирожүзім кышқылына айналса, ацетил-КоА иайда болып, Кребс циклінің реакцияларында өзгерістерге ұшырайды.
Фотосинтездік аралық өнімдері фосфоглицерин альдегиді, фос-фодигидрооксиацетон, фруктозо-1,6-дифосфат, т.б. тікелей тыныс алуға пайдаланылуы мүмкін.
Тыныс алу мен фотосинтезге НАД(Ф), киназа, изомераза, альдолаза, фосфатаза. транскетолаза, цитохромдар сияқты коферментгік, ферменттік жүйелері де, сондай-ақ макроэргті аденизинтрифосфор қышқылы (АТФ) да ортақ болып есептеледі. Осы екі процестің организмдегі жалпы зат алмасудың негізгі бағыттарымен байланыстылығы 4.7-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет