Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ҧлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
27
Дәріс 11.
Тақырыбы: Теңдеулер жҥйесін шешуде модельдеу әдістерін қолдану.
Дәрістің мақсаты:
Теңдеулер жүйесін шешуде модельдеуге арналған программалау ортасымен
танысу. Программалау ортасының ұғымдармен таныстыру.
Тҥйін сӛздер:
компьютерлік технология,
компьютерлік модельдеу ұғымы, MathCad программалау
ортасы, теңдеулер жүйесін шешуге арналған функциялар жиынтығы.
Жоспар:
1.
Программалау ортасында теңдеулер жүйесін шешудегі модельдеудің компьютерлік
технологиясы.
Ғылым мен техниканың дамуы қазіргі таңда оқытудың эффектілігін жоғарылатумен мазмұнының
құндылығының үздіксіз белсенділігін талап етеді. Қоғамның дамуы жүйелі түрдегі ақпараттандыру
процесімен сипатталады. Жаңа ақпараттық технологиялар ақпараттандыру
процессінің дамуында
негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Компьютерлік технологиялардың дамуы мен жаңа технологиялардың ғылымда пайда болуы жаңа
бағыттардың бастамасын ашты. Қысқа уақыт аралығында микроэлектроника және кибернетиканың
дамуынан ғылымда кӛптеген ӛзгерістер болды. Осы технологиялардың қарқынды дамуы, оқу
үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі кезеңдегі маңызды мәселелердің бірі
және оны білім беру жүйесінде пайдалану әлемдік білім беру кеңістігіндегі негізгі қарқынға сай
ұмтылыс десе де болады.
Дәрістің басты мақсаты бірнеше мысалдарды келтіре отырып жаңа ақпараттық технологияларды
оқу үрдісіне енгізудің маңыздылығын кӛрсету, математикалық есептерді
қысқа уақыт аралығында
ЭЕМ кӛмегімен шешу. Бұл мәселе математикалық білімді дербес компьютердің кӛмегімен жобалау
және бағдарламалау мәселесі болып табылады.
Жұмыстың маңызыдылығы бұл қазіргі кезде жаратылыстану – техникалық ғылымының
салаларында кездесетін есептерді MathCad бағдарламасы арқылы шешуді автоматтандыру.
80 жж. дербес компьютердің пайда болуы математикалық жобалауда күрделі арнаулы жүйелерді
жобалауға; физикалық, химиялық және т.б. құралдар мен жүйелердегі жобалау бағдарламаларының
жұмыс жасауына мүмкіндік берді. Осы бағдарламалардың ӛңделуімен
қатар жаңа ғылыми
бағыттағы бағдарлама – компьютерлік математика дами бастады. Олардың ішіне Derive, MathCad,
Maple, Mathematica, MATLAB және т.б. бағдарламалар. Қазіргі кезде бұл бағдарламалар жыл
сайын әр түрлі версияларымен
жаңартылып тұрады, олардың жаңартылуына Батыстың үздік
математикалық мектептері және бұрынғы КСРО-ның алғыр бағдар-ламалаушылары ӛз үлестерін
қосуда.
Берілген жұмыста MathCad жүйесінің негіздері қарастырылады. Мұнда MathCad ортасының
мүмкіндіктері, жұмыс жасау технологиялары мен негізгі аспектілері қамтылған.
MathCad жүйесінің басқа жүйелерден (Derive, Maple, Mathematica, MATLAB т.б.) ерекшелігі
бұл жүйедегі ӛңделіп жатқан математикалық ӛрнектер, қарапайым математикалық символдарды
нақты қайталайды. Пакеттің осы сияқты негізгі сипаттамалары MathCad жүйесінде кӛптеген
пәндер үшін мазмұнды және кӛрнекті оқу материалдарын жасауға мүм-кіндік береді.
MathCad
жүйесінде дайындаған материал қандай да бір есепті, мәселені меңгеруді жеңілдететіні сӛзсіз.
MathCad жүйесінде жұмыс жасау үшін қарапайым математикалық есептеу алгоритмін құру
қажет, әрине математикалық түсінігі жоқ қолданушы бұл операцияларды жүзеге асыра алмасы
анық.
Математикалық шеберлігі, есепті қарапайым операция ретінде енгізіп, оны MathCad
жүйесінің функциялары мен операцияларына табыс ету, әрі қарай есептеу алгоритмінің берілуіне
байланысты, ал ол барлық жұмысты орындайды.
MathCad – та теңдеулер жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: