Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды



бет3/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Тест сұрақтары..................................................................................................... 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі ....................................................................... 73
Нормативтік сілтемелер
Осы оқу құралының стандарттау бөлімі бойынша келесі нормативті құжаттарға сілтеме жасалынған:



  1. ҚР СТ 1.0-2003 ҚР МСЖ. Негізгі ережелер.

  2. ҚР СТ 1.1-2003 ҚР МСЖ.Стандарттау және аралас іс--әрекет түрлері. Терминдер мен анықтамалар.

  3. ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды құрастыру тәртібі.

  4. ҚР СТ 1.3-2000 ҚР МСЖ. Техникалық шарттарды мемлекеттік тіркеу және бекіту, келісу, құрастыру тәртібі.

  5. ҚР СТ 1.4-99 ҚР МСЖ. Фирма стандарты. Құрастыру тәртібі мен тәртібі. ҚР СТ 1.14-2004 стандарты ауыстыра алады.

  6. ҚР СТ 1.5-2004 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмүнына жалпы талаптар»

  7. ҚР СТ 1.6-2004 ҚР МСЖ. Нақты стандарттарды қалпына келтіру тәртібі.

  8. ҚР СТ 1.7-2003 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі.

  9. ҚР СТ 1.9-2003 Стандарттау. Метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар мен нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі.

  10. ҚР СТ 1.10-2003 ҚР МСЖ. Өнімді калалогтау. Негізгі ережелері.

  11. ҚР СТ 1.26-2001 ҚР МСЖ. Стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар. Дайындау және аттестаттау тәртібі

12.ҚР СТ 1.12-2000 « ҚР МСЖ. Нормативтік мәтіндік құжаттары»
13.ҚР СТ 1.14-2000 « ҚР МСЖ. Ұйым стандарты».


1- тарау. СТАНДАРТТАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Стандарттау туралы жалпы түсінік

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, техникалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы басқаруда стандарттау мен сертификаттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қолданудың өрісі күннен күнге кеңеюде.


1926 жылы кеңес одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды.
Стандарттау ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін негізгі және қолданбалы ғылымдармен ұштастыра отырып өміршең сипатқа ие етумен бірге, сол ғылыми жетістіктерді тездетіп, өндірісте, күнделікті өмірде игеруге мүмкіндік береді. Ол тар шеңберде қалып қоймай, нарықты экономиканың барлық саласын кеңінен қамтиды.
Техниканың дамуы машиналар мен құрал саймандар жүйесінің, кең мағынасындағы заттар мен материалдардың өзара тығыз байланысы арқылы жүзеге асатынын жақсы білеміз. Олай болса, біз стандартқа соқпай тұра алмаймыз. Бұдан шығатын қорытынды: стандарттау өнімнің ғылыми негізделуі, жобалануы, жасалуы мен пайдаланылуы кезіндегі басты бағдарлама өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін басқару жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Стандарттау деп ғылым, тхника мен экономика саласында бір ізге келтіріліп, белгілі саладағ ең шекті деңгейіне дейн тәртіптелген жүйені айтамыз. Ол нарықты экономиканы басқаруды жетілдіруге, техникалық деңгейін және өнімнің сапасын көтеруге, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырып жетілдіруге, өнім номенклатурасының тиімділігін қалыптастыруға, ресурстарды үнемді және тиімді пайдалануға бағытталады.
Бүгінгі нарықты экономика жағдайында стандарттауда басқа салалар секілді жаңа сипатқа ие болып отыр. Бұған дейін жалпы одақ көлемінде ортақ стандарттау жүйесі болды. Ал енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стандарттық жүйе мүлдем ыдырап, жойылды, әр республиканың өзіндік стандарттау жүйесі болады десек онымыз шындыққа жанаспас еді. Жаңа жағдайға байланысты бұрын жергілікті жерде, әр республикада жете дамыған стандарттау жүйесі бүгінгі өмір талабына орай халықаралық стандарттау деңгейіне көтеріліп, ол бұрынғысынан да байып, толыға түсті, жаңарды және нақты шешімдермен толықтырылды.
Стандарттау өнімнің техникалық деңгейін тұрақты түрде көтеруге, өнімнің орамы мен безендірілуін жақсартуға, жаңа өнімдерді шығару жүйелерінің тиімділігін арттыруға, еңбекті көп қажет ететін жұмысты жеңілдетуге, тағыда сол сияқты іс шараларға өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл іс шаралар қолданылатын нормативтік құжаттарды жаңартып отыруға және халықаралық стандарттау бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құжаттардың негізгілері стандарттар мен техникалық шарттар болып табылады.
Стандарттар Отандық және шетелдік ғылым мен технология, техника мен озық әдістер негізінде құрастырылады. Мұнда ғылыми-зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және жобалау жұмыстары негізі ретінде қолданылады.
Мемлекеттік стандарт тауардың сапалы дайындалуына, сол сияқты қолданылуына бірден кепілдеме беретін сенімді буын болып саналады. Стандарттау біріңғай өлшемдер, терминдер мен белгілер, шикі заттар, өндірістік процесстер, сынау және өлшеу әдістері, сол тәрізді адамдардың қауіпсіздігін қорғау мен материалдық бағалы нәрселерді сақтаудың бір ізге келтірілген жүйесі қолданылады. Стандарт сатып алушының экономикалық мүддесін қорғайды. Өйткені стандарт бойынша шығарылған өнімді пайдалану мезгіліне белгілі бір уақытқа кепілдеме қойылады. Егер осы уақыт ішінде сол өнім немесе бұйым ақауланып, жұмысқа жарамай қалса, ол осы бұйымды шығарған кәсіпорынның, яғни дайындаушының есебінен қалпына келтіріліп, тұтынушының шғыны қайтарылады. Яғни белгілі зат өзінің кепілдеме көрсетілген уақытына жетпей істен шықса, ол зат жаңасымен ауыстырылады, не тұтынушының өтінішіне орай оның құны қайтарылады.
Бұл шикі заттарды, материалдар мен еңбек ресурстарын үнемді пайдалануға, еңбек пен сауда мәдениетінің тиімділігін арттыруға, тауардың дұрыс сақталуын, тасымалдау кезінде оның бұзылуына жол бермеуді қамтамасыз етіп, өнеркәсіп пен сауда қызметкерлерінің өз жұмысының түпкі нәтижесіне деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан да өнім шығарушылар тауардың сапасына, олардың ұзақ пайдалануға жарамды болуына, техникалық және безендірілу мен оралуы жағынан талапқа сай болуына, адам организімінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып осы күнгі сәнге толық жауап беретіндей болып шығуына баса көңіл бөледі.
Бұдан шығатын қорытынды дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың сапасын технологиялық жағынан жаңарту және еңбек сапасын үйлестіретін комплексті стандарттау бағдарламасын жасау қажеттігі келіп туындайды.
Бір сөзбен айтқанда өнімді жасауды жобалаудан бастап, оның тұтынушы қолына жетуін, одан әрі пайдалану кезіне дейін ортақ стандарт болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет