елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;
табиғи және техногендік аппаттармен басқада төтенше жағдайлардың туындау қауіпін ескере отырып, шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардң мүдделерін қорғау.
Осы жоғарыда аталған стандарттау мақсаттарына жету үшін мемлекеттік стандарттау жүйесінде келесі негізіг мәселелер шешілуі тиіс:
тұтынушы мен мемлекет мүдделігіндегі өнімнің номенклатурасы мен сапасына оңтайлы талаптарды белілеу;
сыйсымдылық (электр, электрмагниттік, ақпараттық, бағдарламалық және т.б.) және өнімнің өзара алмасушылығы жөніндегі талаптарды белгілеу;
дайын өнім, оның элементтері жинақтайтын бұйымдар, шикізаттар мен материалдар көрсеткіштері және сипаттамаларды келісу мен үйлестіру;
параметрлік және тұрпатты өлшемді қатарларды, базалық конструкцияларды, бұйымдардың сәйкестендірілген блокты үлгіше құрамдық бөлігін қолдану және белгілеу;
метрологиялық нормалар, ережелер және талаптарды белгілеу;
өнімді өндіру, бақылау, сынау, талдау, сертификаттау арқылы өнім сапасын бағалауды қамтамасыз ету;
мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық , ғылыми техникалық бағдарламаларды, инфроқұрылымдық кешендерді (көлік, байланыс, автомобиль жолдары, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, бақылау), Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісімдерді нормативтік қамтамасыз ету;
нарықтық экономикасы жақсы дамыған елдердің заңдылықтарымен үйлестірілген техникалық заңдылықтарды жетілдіру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорының ақпараттық жүйесін ВТО мен өзара қатынас орталығын жетілдіру;
стандарттарды әзірлеу, қабылдау және қолданудың халықаралық тәжірибесіне өту;
нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын және міндетті ережелерін сақтауға мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру.