Негізге алынатын стандарттар қызметтің белгілі саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік ережелерді, өмір, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау жалпы техникалық талаптарды пайдалану мен құру процесінде ғылым, техника және өндірістің әртүрлі салаларында өзара түсінік, техникалық бірлік пен өзрар байланысты қамтамасыз ететін жалпы техникалық талаптар, нормалар мен ережелерді белгілейді.
Өнім стандарттары – бір текті өнім топтарына немесе нақты өнімге талаптарды белгілейді.
Жұмыс және қызмет стандарттары - өнімді әзірлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, жөндеу, кәдеге жарату процестерінде әртүрлі жұмыстарды және қызмет көрсетулерді орындау әдістеріне (тәсілдер, қабылдау, тәртіптер, нормалар) сай негізгі талаптарды белгілейді.
Бақылау әдістеріне стандарттар - өнімдерді өндіруде, сертификаттаған және пайдаланған кезде өнімге сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді және бағдарламасын тұрақтандырады.
1.3 Стандарттаудың ғылыми әдістемелік негізгіздері.Стандарттың сапасы оның теориялық базасы болып табылатын стандарттаудың әдістемесін жетілдіруге тікелей байланысты.
Стандарттаудың әдістемелік негізіне математикалық әдістер, яғни ондағы сандар мен рет саны, тетіктер мен тораптардың үйлестірімділігі, агрегаттау, комплексті және озық стандарттау жатады.
Артық сандар мен артық сандар қатары дайын өнімдердің үлгі өлшемдерімен параметрлерінің үйлесімді қатарын таңдап алу үшін қажет. Алынатын параметрлер мәнінің жинағы параметр қатарын құрайды, ол артық сандар жүйесі негізінде құралады.
Артық сан деп бұл жерде жаңадан жасалынатын бұйымның параметрлері үшін алынатын мәнді айтады. Онда өнім параметрлерінің мәні ретінде математикалық заңдылыққа бағынатын мәндер алынады.
Артық сан қатарын ала отырып тетіктердің ең жақсы өлшеміне, жақсы көрсеткішіне жетуге болады. Мұндай қатардың мысалы ретінде адамның антропологиялық өлшемдері арқылы барлық жастағы адамдардың бойына шақтап тігілетін киімдердің өлшемі мен ұзындық шкаласын айтуға болады.
Тетіктер мен тораптардың үйлестіру әдісі. Бір мақсатқа қолданылатын бұйымдар мен тетіктердің түрлерін, өлшемі мен типін ұтымды жинастыру санын үйлестіру дейміз.
Үйлестіру нәтижесінде үйлестіретін объектілердің ұқсас өлшемдерінің саны кемітіледі.
Үйлестіру өндіріске бағытталған және пайдалануға бағытталған болып екіге бөлінеді. Өндіріске бағытталған үйлестіру деп – белгілі бір өнеркәсіп кәсіпорында бұйымның құрамды бөлігін оның келесі бір бөлігімен үйлестіруді айтамыз. Ал пайдалануға бағытталған үйлестіру деп – белгілі бір өнімді, бұйымды пайдаланған кезде оны өзімен бірге қолданылатын басқа бір бұйым мен үйлестіруді айтамыз.
Үйлестіруді бұйымды жобалаудан бастап жүзеге асырса оның өндіріске берер тиімділігі мол. Ол басы артық жұмыстардан құтылуға мүмкіндік береді. Жаңадан чертеждер сызбай-ақ бұрын қолданылып, сынақтан өткен кейбір бөлшектерді пайдалануға мүмкіндік туады. Бұл орайда бәрін басынан бастамай бұрынғы қолданып келгендерді жаңартып, жетілдіру арқылы да алдағы міндетті ойдағыдай шешуге болатынын есте ұстағанымыз жөн.
Сонымен бірге үйлестіру өндірістік процестерді жетілдіруге, еңбек өнімділігін арттыруға және өнім сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Мазмұны жағынан үйлестіруді: өлшем ішіндегі өлшемаралық және үлгі аралық деп екіге бөліп қарайды. Бірінші жағдайда үйлестіру бұйымның барлық түрін – базалық үлгісінен оның модификациясына дейін қамтиды. Екінші жағдайда бір базалық үлгінің модификациясы ғана емес параметрлері, яғни белгілі бір түрдегі әртүрлі өлшемдегі машиналардың базалық үлгісі қамтылады. Ал түр аралық үйлестіру барлық түрдегі бұйымдарға қолданылады. Ол әртүрлі параметр қатарын құрайды.
Агрегаттау әдісі. Машиналарды, станок желісін, басқару жүйесін конструкциялау, жасау мен пайдалану әдісін тетіктер мен жинастырылмалы бірлікті үйлестіру және стандарттау жолымен біріктіруді агрегаттау деп атайды. Бұл әдіс геометриялық және функционалды агрегаттар мен топтардың байланысы негізінде жасалады.Агрегаттау жүйелендірудің толық аяқталған түрі болып саналады. Агрегаттау әмбебап машиналар мен жабдықтардың қолдану аймағын кеңейтеді.
Комплексті стандарттау әдісі. Комплексті стандарттаудың мәні, дайын өнімдердің сапасын шекті деңгейіне келтіруді қамтамасыз етеді және жүйелендіру мен факторларды сабақтастырудан құрылады. Комплексті стандарттау тек дайын өнім мен бұйымды ғана емес сонымен қоса шекізат материалдардың, қосалқы бөлшектер мен өндіріс құралдарының, өлшеу техникасы мен тағы сол сияқты белгілі бір жүйеге бағытталуын қамтиды.
Сондықтан да комплексті стандарттау бағдарламасын жасауға аса көңіл бөлінеді. Өйткені, ол бағдарлама нарықты экономиканың өнімге деген сұранымын, ғылыми-техникалық деңгейді, Отандық, халықаралық және шетелдік стандарт пен техникалық шарттарды, ғылым мен техника жетістіктерін және озық әдістерді зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Сондай –ақ ол өндірістің тиімділігін арттыруға, өнім сапасын жаңа деңгейге көтеруге, шығынды азайтуға тағы басқаларға мүмкіндік береді.
Озық стандарттау әдісі. Өмір үнемі дамып отырады. Соған орай біз тұтынатын күнделікті тауарлар мен бұйымдар, құрал саймандар мен машиналар және басқада заттар жаңарып, озық технологиялар қолдану арқасында жақсар түседі. Адам баласының басты мақсат етіп келе жатқан нәрсесі мейлінше қолайлы, тұрмұсқа қолдануға жақсы нәрселер шығарып, оның игілігін көру болып табылады десек, стандарттау да бүгінгі жеткен межеде шектеліп қалмай үнемі уақыттан озып жүретін, озық стандарттау әдістерін қарастырады. Ол жекелеген өндіріс саларының және халық шаруашылығының техникалық және экономикалық дамуын болжай отырып, соған негізделіп дамиды.
Озық стандарттау материалдар мен еңбек ресурстары тауарлар мен бұйымдардың, ілгеріге ұмтылу мен үнемдеуге, халық тұтынатын жаңа межені алудың бастауы болып табылады.