Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Стандарттаудың нормативтік құжат категориялары мен түрлері



бет7/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

1.4 Стандарттаудың нормативтік құжат категориялары мен түрлері. Біздің елімізде дайындалған барлық стандарттарды мынадай категорияларға бөледі: мемлекеттік стандарт (ҚР СТ), мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ), халықаралық стандарт (ИСО), салалық стандарт (ССТ), ұйым стандарты (ҰСТ), техникалық шарт (ТШ), өндіріс стандарты (ӨСТ).


Мемлекеттік стандарт – бір елдің деңгейінде өндірілетін біртектес өнім топтары үшін жасалады. Ондай өнімдердің нарықты экономикадағы алатын орны да үлкен болуға тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік стандартты барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер бұлжытпай орындауға тиіс. Бір сөзбен айтқанда мемлекеттік стандарт елдегі шығарылатын белгілі бір өнім түрін қатаң сақтауға тиісті нормасы болып табылады.


Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау.


Салалық стандарттау белгілі бір салада шығарылатын не қолданылатын өнім түрлерінің біртектес түрлеріне қойылады. Ол осы салаға қатысты барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға, осы өнімдерде өздеріне қолданылатын басқада мекемелерге міндетті болуға тиіс. Олар сол стандартты сақтау арқылы жұмвс жүйесін біршама жеңілдетеді. Сала арасында ауытқушылық, дәлсіздік болмайды. Ондай стандартты сол саладағы өнімдер түрлері бойынша жетекші болып саналатын министрлік бекітеді. Салалық стандарттар мемлекеттік стандартта көрсетілмеген кейбір көрсеткіштерді толықтырып, оны осы салада қолдануға икемдейді. Салалық стандарт халық тұтынатын тауарларға да, сол тәрізді сала ішінде қолданылатын шикі заттар мен жартылай фабрикаттарға да белгіленеді.


Ұйым (фирма) стандарттарды Қазақстан Республикасы аумақтарында орналасқан заңды немесе жеке тұлғалар, соның ішінде мемлекеттік басқару органдары, кәсіпорындар мен мекемелер, акценерлік қауымдастықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-зертте институттар әзірлейді және бекітеді. Ұйым стандарты - өнімнің, процестің және қызмет көрсетулердің нақты түріне қойылатын талаптарды белгілейтін, бір заңды немесе жеке тұлға әзірлеген және тек сол жеке тұлға үшін қолданылатын құжат. Фирмалық стандарт мекеме қолбасшысымен немесе бас инженермен бекітіледі, оның жарамдылығы тек сол стандартты бекіткен мекеме көлемінде ғана таратылады.


Халықаралық стандарт – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшілігінің қолы жетімді стандарт.


Техникалық шарт – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат. Техникалық шарттар нақты өнімдерді жасап шығару кезінде, жөнелту және қолдану, және де бақылау тәртібіне, қабылдау, таңбалау, қораптау, сақтау және тасымалдау тұтынушылық сипаттамасын реттеп отыруға көмектеседі. Стандарттың жалпы техникалық шарты белгілі топтағы бір текті өнімдер үшін сол сияқты талапты тұрақтандырады. Техникалық талап стандарттары өнімді қажеттілігіне сай пайдалану және түріне байланысты талаптар және норманы тұрақтандырады. Параметрлер мен өлшемдер стандарттары дайын заттардың немесе олардың қосалқы бөлшектерін және өзара ауыстырыла алынуын қамтамасыз ету, унификациялау мақсатындағы бөлшектер өлшемін және пішінін реттеп отырады.
Стандарт тар маңызына және қажеттілігіне байланысты мына төмендегі түрлерге бөлінеді: техникалық шарт, техникалық талап, параметрлер және өлшемдер, марка және сортамент, бақылау және қабылдау, таңбалау ережесі, қораптау, тасымалдау және өнімді сақтау. Техникалық шарттар нақты өнімдерді жасап шығару кезінде, жөнелту және қолдану және де бақылау тәртібіне қабылдау, таңбалау ережесі, қораптау, тасымалдау және сақтау тұтынушылық сипаттамасын реттеп отыруға көмектеседі. Стандарттың жалпы техникалық шарте белгілі топтағы бір текті өнімдер үшін сол сияқты талапты тұрақтандырады. Техникалық талап стандарттары өнімді қажеттілігіне сай пайдалану және түрәне байланысты талап тар және норманы тұрақтандырады. Параметрлер және өлшемдер стандарттары дайн заттардың немесе олардың қосалқы бөлшектерін және өзара ауыстырыла алынуын қамтамасыз ету және унификациялау мақсатындағы бөлшектер өлшемін және формасын реттеп отырады.
Маркалау стандарттары материалдардың және шикізаттардың марок номенклатурасын және химиялық құрамын, ал кейбір жағдайларда олардың тұтынушылық сипаттамасын анықтайды. Сортамент стандарттары заттардың және өнімдердің геометриялық формасын және өлшемдерін анықтайды. Бақылау тәсілдері стандарттары өнімді Жан жақты тексеру, талдау әдісін және өлшеу тәсілі үшін сынақ таңдау тәртібін, ал қабылдау тәртібі стандарттары заттарды және өнімдерді қабылдау тәртібін және бағдарламасын тұрақтандырады. Таңбалау тәртібі, қораптау, тасымалдау және сақтау стандарттары тауардың, қораптауға деген талабан, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін және техникалық эстетикалық нормасын, сол операцияларда өнімнің сапа көрсеткіштерін сақтау мақсатында өнімді сақтаудағы негізгі сипаттамасын көрсетіп отыруды реттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет