Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған


Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау
сұрақтары:
1. Сауат ашу кезеңінде балаларда қалыптасатын білік 
пен дағды .
2. Тәжірибе арқылы сөздік жұмыстарды жүргіз.
3. Жазу жұмыстарының әртүрлі факторларға негізделуі.
4.Жазба жұмыстарының жүргізілу ерекшеліктері.
5.Жазу жұмыстарына қойылатын шарттар.
Пайдаланылатын әдебиеттер::
1. Белова Л.В. В семье – перво классник. М.; Просвещение, 
1980.
2. Венгер Л.А., Венгер А.Л. Готов ли Ваш ребенок к школе. 
М., Просвещение, 1994.
3. А.Қ.Бидайбекова. Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісін 
ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2010.
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. А., 2002.
6. Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшеліктеріне 
қойылатын педагогикалық талаптар
Дәрістің мақсаты: 
бірінші сынып оқушыларының 
психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктерін 
талдау. 
Психологиялық үдерістерді оқыту үдерісінде дамыту жолдарын 
меңгерту.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1.Бірінші сынып оқушыларының психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері.
2.Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар.
3. Көркем жазу.
1. Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас 
ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, 
ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, 
темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. 
Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ 
үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, 


38
көлемі өте аз мөлшерде болады. Сондықтан оқудың алғашқы 
күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды 
орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды 
бақылай білу, олармен жұмыс істеу (әріптерден сөз құрау) 
арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, 
ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақта 
пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттердің нәтижелі 
түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін 
тәрбиелеуге көмектеседі.
1-сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік 
байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік 
материалды олар механикалық түрде, мағынасын түсінбестен 
жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен 
ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата 
қабылдауды білдірмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай
мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру 
немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру 
т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз 
терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің 
әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғартуға үйретеді. 
Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. 
Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғанан 
салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға 
болады. Мысалы, «Тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Егер 
болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды?» т.б. салыстыруды 
іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай 
болуы тиіс. Алайда, оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі 
орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек. Оқыту 
үдерісінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен 
жойып отыруға оқушыларды міндеттеген жөн. Себебі, оқушы 
қиындыққа кездеспейінше, ойлау әрекеті белсенді қызмет атқара 
алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа 
кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, 
бұдан шығатын қорытынды – сабақтың түсінікті болуы шарт.
Материалды оқушыға ұғындыру, оларды білім алуға 
дағдыландыру көп жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. 
Тәсілдерді түрлендіру, сабақтың көрнекілік жағына баса 


39
назар аудару сияқты талаптар осыған орай туады. Мұнда да 
оқушылардың бейнелік, нақтылық, аса сезімталдық ерекшеліктері 
мен қабылдау, ойлау ерекшеліктеріне сәйкес келу жағын қадағалау 
керек.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, 
қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, 
белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған 
жерлері мен жіберген қателіктерін есепке ала жүріп, әрқайсысына 
сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай 
алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият 
іздестіреді.
Жеке ерекшеліктер баланың қабілеті, темперамент және 
мінезінен көрінеді. Бірақ мұнда есте болатын жайт - бастауыш 
сынып оқушыларының танымдық қасиеттері әлі толық қалыптасып 
бітпеген. Жалпы мұғалім психологиялық жағынан сауатты 
болғанда ғана пәннің әдістемесін талапқа сай жүргізе алады.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, 
дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп элементтері мен 
жекелеген әріптерді дұрыс жазып дағдыландыру барысында 
балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар 
беріліп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы 
түсінігі кеңейе түседі.
Педагогиканың талабы боынша, сауат ашудың бірінші 
күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәні ақыл-ой тәрбиесіне 
жатады. Сондай-ақ сауат ашудың бірінші күнінен бастап 
күнделікті режим, тазалықтың пайдасы, оқушының міндеті 
жөнінде түсінік беру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі. 
Оқу материалдарымен байланыстырылып келтірілген мысалдар, 
дәлелдер балаларды өз Отанын, халқын шексіз сүюге тәрбиелеп, 
еліміздегі ұлы өзгерістердің нәтижесі оларды қуантатындай 
дәрежеде жүргізілуі тиіс.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем 
әңгіме, өлең оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына 
жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық 
сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.
Сөйтіп, рухани-адамгершілік, достық, ұлттық дәстүрді сақтау, 
Отанын, халқын шын жүректен сүю, эстетикалық, еңбек тәрбиесі 
т.б. тәрбиенің негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.
2. 
Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар:


40
1) Сабақтың мақсаты мен тақырыбы балаларға бірден тұтас 
айтылмайды: сабақтың әрбір кезеңінде бөліп-бөліп айтылады. 
Сабақтың соңында бүгінгі сабақта не білгені, не үйренгені туралы 
оның қорытындысы шығарылады.
2) Тапсырма бөлшектеніп, мазмұны бойынша қысқа-қысқа 
сөйлеммен (сұрақтармен) беріледі.
3) Сабақтың әрбір кезеңінде (түсіндіру, сұрау, тексеру) бүкіл 
балалар белсенді болу керек (тыңдау, жеке тапсырма орндау 
т.б.). «Балалардың жұмыстың көптігінен емес, жұмыссыздықтан 
шаршайтындығын естен шығармау керек» (К.Д.Ушинский).
4) Сабақта көрнекілік пен дидактикалық материалдар тым 
өрескел көп болмау керек. Оларды әрбір кезеңнің мақсаты мен 
міндетіне сай келетіндей, сабақтың алдында іріктеп пайдаланған 
дұрыс.
5) Оқу сабақтарында тақтадан, кеспе әліппеден, кестеден, 
әліппеден т.б. көп оқытуға көңіл бөлінуі қажет.
6) Жазу сабақтарында дыбыстық талдауға көңіл бөлінеді. 
Ұқсас дыбыстарды салыстыру және жазылуы ұқсас әріптердің 
сызығын салыстыру жұмыстары жиі жүргізілуі тиіс.
3. 
Көркем жазуға әр сабақ сайын 5-7 минут бөлінеді. 
Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу 
жұмыстарының көлемі:
1-2 сыныпта – 1-2 жол 
3-сыныпта – 3 жол 
4-сыныпта – 3-4 жол.
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге 
бағытталған үлгі жазуды көрсетеді.
Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына жүйелі түрде (міндетті) әріп 
элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс жүреді.
Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған 
әріптерді түзетіп тұру немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта 
арнайы көрсетуі қажет. Бұндай әріптер мен әріптердің 
байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет