Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


І БӨЛІМ Психикалық аурулардың ерекшелігі



бет6/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

І БӨЛІМ


Психикалық аурулардың ерекшелігі – олардың ағымының ұзақтығында. Егер науқастың өмірінде соматикалық аурулар жиі эпизодты түрде көрініс берсе, онда психикалық аурулар жылға жалғасады, кейде өмір бойы сақталады. Осыған байланысты әлеуметтік мәселелер туындайды: науқастың жұмысқа орналасуы, ауру ұстамасына шалдығу, отбасылық қатынастарды қалыпқа келтіру, оның қоршаған адамдармен өзара қатынасы және т.б.
Психиатрия бұл - клиникалық медициналық пән. Соматикалық аурулар мен психикалық бұзылыстар арасында тығыз байланыстар бар. Кез – келген соматикалық ауру науқастың жеке басына және психикалық белсенділігіне әсер етеді. Басқаша айтқанда, соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар бұл психикалық соматогенді бұзылыстар және адамның ауруға реакциясының қосындысы.
Психиатрияда науқасты сұрастыру зерттеудің маңызды әдісі болып саналады. Психикалық бұзылыстардың көптеген симптомдарын науқастың сөзінен анықтауға болады(психикалық автоматизм көрінісі, жабысқақ ойлар және қорқыныш, сандырақ ойлар , көптеген алдамшы сезімдер, деперсонализациялық және дереализациялық бұзылыстар және т.б).
Кейбір психикалық бұзылыстарда науқастарды бақылау кезінде олардың мінез-құлқына қарап күдіктенуге болады (есту галлюцинациясы, науқастар бір нәрсені естігендей болады, соңына түсу сандырағы – күйзеліске түскен және қорқынышты күйде және т.б ). Шұғыл қозуда, ступорда, сана бұзылыстарында науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін сұрастыру керек. Психотикалық жағдайдағы науқастармен оның туыстары және жақындарынан ол туралы алдын ала ақпарат алған соң әңгімелесу тиімді, бірақ психотикалық емес бұзылыстары бар науқастарда науқастың дәрігерге сенімін арттыру үшін алдымен өзінен сұрастыру жүргізу керек.
Сауалнама жүргізу үшін психиатрдың кәсіби тәжірибені жинақтау процесінде алынған кейбір дағдылары болуы қажет. Бір жағынан , науқасқа сөйлеуге үнемі мүмкіндік беріңіз, екінші жағынан бастама әрқашан дәрігердің қолында болуы керек. Белгілі бір схеманың болуы мүмкін емес. Науқасты сұрастыру психиатрға шағым беріп келген уақыттан бастау қажет. Дәрігерден үнемі шыдамды, мейірімді болуын және науқас нағыз дұшпандық қарым-қатынас көрсетседе дәрігердің сүйіспеншілік танытуы міндетті. Алайда үнемі ашық танысуға жол бермеу және ара-қашықтықты міндетті түрде сақтау қажет. Науқастан сұрастырудың мақсатын жасырмау керек, кейде науқаспен дәрігер –психиатр емес басқа біреу болып танысу ұсынылады. Науқас қойылған сұрақтарға жауап беруден бас тартқан жағдайда сұрақ қойылуы және оның қойылған сұраққа реакциясын бағалау маңызды.
Сұрастыруға науқас айналасында болып жатқанды қаншалықты түсінетіндігін, орынға және уақытқа бағдарын, өміріндегі маңызды оқиғаларды есте сақтауын, дәрігерге деген қатынасын анықтау кіреді. Науқастан өзге адамдар арасында психикалық бұзылуларға күдік тудыратын іс – әрекеттері жайлы түсіндіруін сұрайды.
Егер науқас өзінің ауыр уайымдарын айтпаса, оның мінез-құлқына немесе оған қатысты алынған ақпаратқа негізделе отырып, галлюцинация, сандырақ және басқада бұзылыстар туралы жаңа сұрақтар қойылады. Науқастан қазіргі уақытта ғана емес, бұрыннан да суицидтік ойлары болғаны не болмағаны туралы сұрақ қою әрқашан пайдалы. Науқастан барлық ауыр сынақтарға және мінез-құлық ерекшеліктеріне көзқарасын білу маңызды:сыни көзқарастың болмауы, жартылай, тұрақсыз немесе жеткілікті көзқарастың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет