Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер


Білім беру және мүгедектерді мамандыққа дайындау



бет14/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
Білім беру және мүгедектерді мамандыққа дайындау:

  • Арнайы мектептер мен профессиональды-техникалық училищелер (ПТУ)енбектік сараптама: уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасы, арнайы (специализированные) медико әлеуметтік сараптамалық

  • Психиатриялық сараптама:комиссия (МӘСК);

  • соттық және әскери сараптама: аудандық ауруханалар қарамағындағы соттық және әскери сараптама бөлімі, арнайы медициналық сараптамалық комиссия құрамындағы амбулаторлы сараптама кабинеттері.



Амбулаторлы көмекті психикалық бұзылыстары бар ересек пациенттеріне ПНД көрсетеді. Ауыл тұрғындары үшін аудандық ауруханаларда психиатр кабинеттері ұйымдастырылады. Бөлім психиатры науқастар қабылдауын жүргізеді және оларды үйінде қарайды. Диспансер қызметкерлері емдік-диагностикалық жәрдем көрсетуден бөлек әлеуметтік көмек көрсетеді, науқастар реабилитациясын өткізеді, пациенттің туыстарын консультациялайды, Психикалық наукастардың құқықтық қызығушылықтарын қорғау жұмыстарына қатысады.
Диспансер созылмалы, жиі қайталанатын аурулармен зардап шегетін наукастарға диспансерлік бақылау тағайындайды. Диспансерлік бақылаудағы наукасты дәрігер ай сайын карауы керек. Егер наукас кезекті кабылдауға келмесе, оны үйінде карайды (дәрігер немесе бөлімді медбике). Қорғаншылықтағы, жалғыз басты, күндізгі стационарға жолданған, тұрмыстық жағдайын түзетуді қажет ететін, суицид немесе заң бұзушылық әрекетін жасаған, сексуальды перверсияларга (дөрекіліктерге) бейім науқастарға ерекше көніл бөледі. Осындай науқастар басқа ауданға көшкен жағдайда олар жөніндегі мәлімет сәйкес диспансерге жолданады. Диспансерлік бақылауда болу көлік жүргізу кұқығын немесе қару алып жүру рұқсатын алуда рұксат бермеудің себебі болуы мүмкін. Сондыктан Заң осындай бақылау қажеттілік болған мерзіміне ғана қойылатынын нұсқайды. Сауыққанда немесе айтарлықтай және тұрақты (4-5 жыл бойында сақталған) жақсарғанда диспансерлік бақылауды тоқтатуға болады. Есепке қою және есептен алу жөніндегі шешімді медициналық мекеменің әкімшілігімен тағайындалған дәрігерлердің бақылау- сараптамалық комиссиясы (БСК) қабылдайды. Диспансерлік бақылау жүргізілуіне келіспеген науқас сотқа жүгінуіне болады.

ПНД дәрігерлер диспансерліктен бөлек консультациялық бақылауды да іске асырады. Консультациялық қызмет тек науқастың өз қалауымен жүргізіледі. Бұл кезде науқасқа амбулаторлы карта ашылғанымен (ауру тарихы) оның құқығы еш шектелмейді. Мысалы, жүргізуші куәлігін алу үшін науқас ПНД-н тіркеу бөліміне баруына болады оған диспансерлік бақылауда тұрмайтыны жөнінде анықтама беріледі.Соңғы жылдарда жалпы профильдегі емханаларда психоневрологтың және психотерапевттің арнайы кабинеттерін ашуға әрекеттер жасалып жатыр бұл жеңіл психикалық және психосоматикалық бұзылыстарды конфиденциальдылық жағдайында емдеуге мүмкіндік береді.


Балаларға амбулаторлы психиатриялық көмек аудандық балалар емханасының психоневрологымен көрсетіледі өйткені бұл жаста психикалық бұзылыстарды соматикалық денсаулыққа байланысты проблемалардан жалпы дамудың және жүйке жүйесі түзілуінің тежелулерінен ажырату қиын. Кәмелет жасқа толмағандарды психиатрдың қарауына келісімді оның заңды өкілі береді (ата-аналары, қорғаншысы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет