Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет10/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888
Силлабус НПН ЖМ каз дайын 2023-2024г., payment-receipt-239387884
1.2 Психиатриянын басты міндеттері:



  • Психикалық бұзылыстарды уакытында анықтау;

  • Психикалық ауруларды емдеу және науқастарға жан дүние бұзылыстарымен байланысты зардаптарынан құтылуына көмектесу;

  • Жандүниелік наукастардың реабилитациясы, оларды қоғамдағы толық мәнді өмірге кайта әкелу, наукас күтімі бойынша жанұясына көмектесу;

  • Психикалық аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау;

  • Емдеу мен алдын-алудың жаңа әдістерін жасап шығару үшін психикалық аурулардың пайда болуы мен ағымының негізгі зандылықтарын ғылыми зерттеу;

  • Психикалық бұзылыстарға байланысты қоғам мен науқастың өзі үшін қауіпті әрекеттерді тосқауылдау; .

  • Психикалық наукастарға әлеуметтік қолдау көрсету, құқығын қорғау, олардың дискриминациясына қарсы әрекет жасау, қоғамда жандүниелік наукастарға деген гуманды көзқарасты қалыптастыру;

  • Маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін сараптама жүргізу (соттық, әскери, еңбектік).



1.3 Психиатриядағы денсаулық және патология туралы түсінік

Психикалык бұзылыстарды талкылау кезінде біз көбінесе оларды қалыпты түсінігімен салыстырамыз. Қалыптылық дегеніміз психикалык өмірдің типті, жиі кездесетін феномендері.


Қалыптан ауытқуды аномалия деп атаймыз. Денсаулық физикалық та және психикалық та сәттілік, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға бейімделу (адаптациялану), туындаған кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұра білу, өмірін сақтауды қамтамасыз ету және күш-жігерін қайта қалпына келтіруге қабілеті. Денсаулықтың объективті белгілері деп тек шағымдар мен жағымсыз күйзелістердің болмауын ғана емес, тұрақты қоғамдық дәрежені де айтамыз.


Денсаулыктың қарама-қарсы түсінігі патология (бұзылыс).

Патологияның белгісі қалыптан ауытқу емес, болып жатқан жағдайларға бейімделе алмау. Бұзылыс уақытша немесе тұрақты бола алады. Қыска уакыттық бұзылыстар кейде дәрігердің қатысуынсыз ақ қайтуы мүмкін (мысалы, бір реттік ұйқыға кету қиындығы кезінде ұйықтататын заттарды қолдану), бұл ауру белгісі ретінде қарастырылмайды. Жүріс-тұрыстың тұрақты бұзылыстары (психопатия) қате тәрбие, тұлға түзілуі кезінде әсер еткен жайсыз биологиялық және психологиялық факторлар әсерінің нәтижесі. Бұл бұзылыста ауруға жатқызылмайды. Ауру деп белгілі бір динамикасы (ағымы) бар патологиялық әдісті атаймыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет