Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет9/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Нейрофизиологиялық зерттеу
Нейрофизиологиялық зерттеу әдістерінің арасында психикалық бұзылыстары бар науқастарды зерттеу үшін көбіне электроэнцефалография, сирек реоэнцефалография және эхоэнцефалография қолданылады.


Нейрорентгенологиялық зерттеу
Краниография – бас сүйектерінің рентгенограммасы – жанама белгілер арқылы бас миының органикалық зақымдануларын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, саусақ батуы іздерінің тереңдеуі - ұзақ уақыт бас сүйек ішілік қысымның жоғарылауының белгісі болып табылады.
Пневмоэнцефалография ( ПЭГ ) – бас миының рентгенораммасы, ми-жұлын сұйықтығы орналасқан кеңістіктерге бел омыртқааралықтарын немесе ми қарыншаларын тесу арқылы ауа жіберу әдісі. Бұл әдіс арқылы ми қабықтарындағы жабысу процестерін, кейбір ісіктерді, атрофиялық өзгерістерді анықтауға болады. Компьютерлік томография әдісі пайда болғаннан бері бұл әдісті ескірген деп қарастыруға болады.
Церебральды ангиография – ұйқы артериясынан контрастты немесе радиоактивті заттарды жіберу арқылы жүзеге асырылатын рентгенографиялық зерттеу әдісі. Бас миы қан тамырларының зақымдануларын, сонымен қатар бас миының локальды зақымдануларын ( ісіктер және т.б. ) анықтауға мүмкіндік береді.
Бас миының компьютерлік томографиясы – бастағы тығыздығы әр түрлі анатомиялық құрылымдардың рентген сәулесін сіңіру көрсеткішін өлшеуге негізделген. Электронды есептеу техникасы мен жабдықталған томограф арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс арқылы бас миының ісіктерін, атрофиялық процестерді, кисталар мен абсцестерді және т.б. анықтауға болады.


Психиатриялық ауру тарихы
Ауру тарихы тек медициналық емес, сонымен қатар заңды және ғылыми құжат болып табылады. Психиатриялық ауру тарихы өзіндік ерекшеліктерге ие.
Паспорттық бөлімде, мысалы, тек науқастың ғана мекен-жайы емес, сонымен қатар оның жақын туысының тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы мен телефон номері көрсетілуі тиіс. Біріншілік қарауда кімнің айтуымен және не себепті психиатрға қаралғаны немесе науқастың жатқызылуы анықталуы керек. Ары қарай біріншілік қарауда психикалық статус бейнеленеді: қоршаған ортаға бағдары, сана бұзылыстарының белгілері, ес, ойлау, қабылдаудың бұзылыстары . Науқастың шағымдары ғана емес ( егер ол шағымдарын айтудан бас тартса, ол да көрсетілуі керек), сондай ақ науқастың сандырақтық және жабысқақтық идеялары, кимыл және сөйлеу бұзылыстары сипатталып жазылады. Науқастың өзін ұстауы мен айтуының критикалық дәрежесі бағаланады.
Жазылған мәліметтерді қажетсіз ақпараттармен толықтырмау қажет (мысалы, ересек науқастардың балалық щақта басынан өткерген асқынусыз жұқпалы аурулары) немесе бұл синдромда болмауы мүмкін симптомдардың жоқтығын көрсету (мысалы, эйфория жағдайындағы науқастарда суицидальды ойлардың болмауы). Сипаттамаларда тек бір психиатриялық терминология қолданылуға болмайды (« науқаста соңына түсу сандырағы », « есту галлюцинациялары бар » және т.б. деген сияқты ), науқастың айтуын немесе оның іс-қимылын сипаттау қажет. Бұл арқылы белгілі бір бұзылыстардың констатациясы анықталады.
Егер науқастың айтуы бойынша анамнез жинау мүмкін болса, онда ол статустан кейін жазылады (анамнездің қандай жағдайда жиналғандығы көрінуі үшін). Егер бұл мүмкін болмаса, анамнезді кейін науқастың жағдайы жақсарған кезде толтырады. Егер науқасты жақындары алып келсе, онда мәліметтерді туыстарының сөзі бойынша жинайды.
Науқасты қарауға неврологиялық тексеру мен соматикалық статусты анықтау кіреді.
Күнделікті жазбаларға науқастың шағымдары, оның іс-әрекеттерін бақылаудағы нәтижелер, мамандар консультациясы, лабораториялық зерттеулер және барлық емдік шаралар кіреді. Жазбалар жиілігі науқастың жағдайына байланысты анықталады - жедел және өмірге қауіпті жағдайларда тәулігіне бірнеше реттен ( сағаты көрсетіледі ), созылмалы стационардағы науқастарда аптасына бір ретке дейін.
Үй жағдайындағы демалыста келу және кету сағаты мен күні туралы, қолға берілген дәрі-дәрмектер, демалысқа дейінгі және демалыстан кейінгі науқастың психикалық жағдайы , сондай-ақ (туыстарының айтуы бойынша) үйдегі өзін-өзі ұстауы туралы мәліметтер жазылады.
Егер де науқас бұрын басқа психиатриялық мекемелерде емделген болса, онда сол мекемеден медициналық мәліметтер сұралады. Шығарылған кезде ауру тарихы қысқа түсініктеме беретін эпикризбен аяқталады. Бұл берілген эпикриздің көшірмесі әдетте, басқа психиатриялық мекеменің сұранысымен жіберіледі және медициналық ақпарат ретінде қолданылады. Ауру тарихының өзі тек прокурордың немесе соттың талабы бойынша олар жіберген қызметкерлердің қолхатымен беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет