Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет8/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Науқастың мінез-құлқын бақылау
Бұл мінез-құлықты бақылайтын дәрігер ғана емес. Ауруханада орта медициналық қызметкерлер арнайы күнделік арнайды, онда әр ауысым уақытында ауыр немесе қатаң қадағалау кезінде әрбір пациенттің мінез-құлқын сипаттайды. Кейбір науқастарға қажет болған жағдайда ғана жазбаларды енгізеді (режимді бұзу, қақтығыста, тағамнан бас тарту кезінде немесе психикалық бұзылыстардағы айқын сыртқы көріністері кезінде).
Дәрігер науқаспен алғашқы қарым - қатынаста бақылауды бастайды. Науқаста қозу кезінде оның ерекшеліктерін бақылайды: мақсатты әрекеттері немесе мағынасыз стереотипті қайталанатын қозғалыстары, көтеріңкі дауыс, бет-әлпеті, айналасына реакциясы. Баяулаған (при заторможенности )кезеңде оның дәрежесін бағалау қажет. Әңгімелесу уақытында науқастың дауыс интонациясының ерекшелігін (монотонды,қайғылы және т.б), бет – әлпетінің өзгеруі, ишара-ым, сондай-ақ сөйлеу ерекшеліктері (жылдам, баяу, кешіктіру, тыныш және т.б). Науқастың мінез-құлқынан галлюцинациялар айқын көрінуі мүмкін (науқас бірнәрсеге мұқият назар аударады, тыңдайды, сыбырлайды ) және сандырақ,аса күдік пен қорқыныш, кез – келген адамға күтпеген агрессия көрсетеді.

Психологиялық тексеру - медициналық психологтар немесе медициналық психология бойынша арнайы дайындықтан өткен дәрігер мамандар жүзеге асырады. Бұл тексеруде – қабылдау ,есте сақтау, назар аудару, ойлау, интеллект және тұлғаның өзін-өзі бағалаудағы психикалық бұзылыстарын анықтайды.
Клиникалық зерттеу кезінде әлі анықталмаған, бастапқы, аз көріністі бұзылыстар өте маңызды. Мысалы, шизофренияның бастапқы сатысында ойлаудың бұзылуы болмаған кезде , арнайы әдістердің көмегімен жалпы процестің сипаттамалық бұрмалануы анықталуы мүмкін. Назар аудару мен есте сақтаудың атеросклеротикалық нәзік бұзылуларын тек арнайы психологиялық әдістер арқылы орнатуға болады. Ақыл-ой кемістігі бар науқастарда оңалту(реабилитация) мақсатында қолданылатын психологиялық зерттеулер , науқасқа қажетті ең қауіпсіз аспектілерді, дағдыларды және қабілеттерді бағалауға мүмкіндік береді. Арнайы әдістер науқастардың жасырып қалғысы келетін ауыр қиындықтарын анықтау үшін қолданылады, мысалы жасырын депрессия немесе психотравматикалық жағдайларда. Науқасты психологиялық сараптамаға бағыттау үшін ең алдымен, дәрігерді қызықтыратын сұрақтарды - интеллект деңгейін,ойлау бұзылыстарын , шизофренияға тән психикалық бұзылулардың болуын, мидың органикалық зақымдануына тән есте сақтау және назар аудару бұзылыстарын, невроздар мен психопатияларға тән ерекшеліктерді және т.б анықтауға мүмкіндік беру керек. Интеллект деңгейін бағалау көбінесе Векслер сынағының көмегімен жүргізіледі. Сауалнама жүргізу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде интеллектуалдық коэффициент «ай кью» (IQ-Intellectual Quotient)деп қабылдады. Орташа көрсеткіш 100, бірақ дамыған елдердің заманауи сау тұрғындарында халықтың көпшілігі 100-ден асады. 90-нан 70-ге дейінгі мәндер шекаралас аумақ болып саналады, «төмен қалыпты», бірақ кемақылдылық деп қарастырылмайды. 70 – тен 50-ге дейін дебильді кемақылдылық, ал 50-ден төмен имбецильділік және терең кемақылдылық болып саналады.
Есте сақтау бұзылыстарын мағыналас емес 10 сөзді есте сақтау тәрізді қарапайым әдістермен бағалауғада болады. Оларды бірден айтқызу (қысқа уақыттық есте сақтау) және бірнеше сағаттан кейін айтқызу (ұзақ есте сақтау) арқылы тексеруге болады. Қысқа әңгімелерді (мағыналық есте сақтау) немесе суреттерді сипаттап (көру есі) айтып беруі арқылы бағалауғада болады.
Науқас айтпаған психотравмалық факторлары мен ауыр күйзелістерін анықтау , аурудың диагностикасы,болжамы және психотерапиясы үшін өте маңызды.
Бұл үшін көбінесе жобалық әдістер қолданылады. Олардың арасында ең танымалы «аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Тексерілушіге «Тұрмыстағы өмір мен үшін .....», «Нағыз дос,ол....» деген сияқты сөйлемдерді айтып , оны жалғастыруын сұрайды. Сондай – ақ , «Тақырыптық сынақ тесті»- де қолданылады . Бұл әдісте түрлі жағдайларды бейнелейтін суреттер немесе тақырыптар беріп, оны түсіндіруін сұрайды (мысалы, «Өтіп бара жатқан автокөлік жолаушыға балшық шашты»).
Отбасыішілік қарым-қатынасты бағалау психологиялық диагностиканың бір әдісі. Балаларға отбасының суретін салуды ұсынады. Сурет парақшасында отбасы мүшелерінің қайда орналасқанына байланысты,оларды баламен және отбасында өзара қарым-қатынасын түсінуге болады.
Медициналық психолог дәрігер - психиатрға науқастың психологиялық сараптамасының нәтижелерін және оларды түсіндіруді ұсынады. Бұл деректер клиникалық диагнозға көмекші материал ретінде ғана қызмет етеді, олардың түпкілікті бағасы дәрігерде қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет