4.6 Сананың бұзылуы синдромдары....................................................
|
|
4.7 Бас мидың органикалық зақымдану синдромдары...................
|
|
Бақылау сұрақтары ................................................................................
|
|
Қорытынды ..............................................................................................
|
|
ДЕРЕККӨЗДЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................
|
|
Қысқартылған сөздер
АҚ
|
-
|
Артериялды қысым
|
АКТГ
|
-
|
Адренокортикотропты гармон
|
ДДҰ
|
-
|
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы
|
ГАМҚ
|
-
|
Гамма-амино май қышқылы
|
ГГТ
|
-
|
Гамма-глутамилтрансфераза
|
КТ
|
-
|
Компьютерлік томография
|
ЛСД
|
-
|
Диэтиламид лизергин қышқылы
|
МАО
|
-
|
Моноаминоксидаза
|
МДП
|
-
|
Маниякальды-депрессивті психоз
|
МРТ
|
-
|
Магнитнтік-резонансты томография
|
НЛБ
|
-
|
Нейролептикті бағдарлама
|
ПА
|
-
|
Психиатриялық аурухана
|
РЭГ
|
-
|
Реоэнцефалография
|
ЭҚТ
|
-
|
Электқұрысулы терапия
|
ЭЭГ
|
-
|
Электроэнцефалограмма
|
Кіріспе
Психиатрия – психикалық аурулардың этиологиясын, патогенезін, таралу жиілігін, диагностикасын,емін және халыққа психикалық көмекті ұйымдастыруды зерттейтін медициналық пән.
Психикалық ауруларды анықтау үшін клиникалық медицинаның негізгі әдістері (жалпы қарау, пальпация және аускультация) қолданылады және психикалық жағдайды бағалау үшін – науқастарды бақылау және олармен әңгімелесу керек.
Әңгімелесу кезінде науқас дәрігерге өзінің уайымы, өзіне төнген қауіпті, қорқынышын, көңіл-күйінің төмендігін, өзіне қатысты дұрыс емес қарым-қатынасты, дұрыс емес жағдайлар мен сандырақтық уайымдары жайлы айтуы мүмкін.
Науқастың психикалық жағдайын бағалауда оның өткен өмірі, болған оқиғаға қарым –қатынасы және қоршаған ортамен өзара қатынасы өте маңызды. Науқастарда жиі оқиғалар мен құбылыстарды ауыр түсіндіру анықталады, бұл жағдайда анамнез туралы емес, науқастың психикалық жағдайының қаншалықты ауыр екені туралы сөз қозғалады. Науқастың психикалық жағдайын бағалауда обьективті анамнез мәліметтері , науқастың туыстары мен таныстарынан алынған ақпарат маңызды рөл ойнайды.
Кейде дәрігерлерге науқастар өз ауруларын жасырады (анозогнозия), тіпті науқастың жақын туыстарыда жасырады. Бұл жағдай эпилепсия, олигофрения және шизофрения тәрізді психикалық аурулармен ауыратындарда жиі кездеседі. Науқастың ата-аналары жоғары білімді тұлғалар және тіпті дәрігер болғаннан соң аурудың айқын белгілерін жасырады. Кейбіреулері аурудың жоқтығына қарамастан, қажетті терапияны жүргізуге келіседі. Бұл жағдайда дәрігер науқастың мүддесіне негізделе отырып максимальды икемділік және тактикаларды қолдануға міндетті және туыстарының ешқайсысының сенімінсіз,оған талап етпей ,диагнозы анықталмай ем жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |