Оқу–әдістемелік құралы Түркістан, 2023 ддд 999. 99 ддд 99. 99 Д 99 Рецензенттер



бет11/82
Дата02.10.2023
өлшемі0,95 Mb.
#183329
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Байланысты:
Жалпы Психопатолгия 1888

Бақылау сұрақтары:



  1. Психиатрия туралы түсінік

  2. Психикалық аурулардың ерекшеліктері

  3. Науқастың мінез-құлқын бақылау

  4. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері

  5. Психиатриялық ауру тарихы

  6. Психиатрияның басты міндеттері

  7. Психиатриядағы денсаулық және патология түсінігі.



ІІ БӨЛІМ


ПСИХИАТРИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Медицина мамандықтары ішінде психиатрия салыстырмалы түрде жас сала болып табылады. Қазіргі уақытта дәрігерлер қолданысындағы көптеген терминдер көне Грек емшілерінің жұмыстарында да кездеседі, олардың түсініктері қазіргіден алшақ болған. Ол кезде психикалык өмірдің негізгі мүшесі ми жөнінде пікір қалыптаспаған. Гиппократ еңбектерінде (б. э. дейінгі 460-370 жж.) біз басқа да казіргі уақыттағы терминдерді кездестіреміз: мания, аранойя, этилепсия. Жандүниелік аурулардың күтіміне арналған арнайы мекемелер ол кезеңде болмаған. Ол функциялар науқастың туыстарына артылған болуы керек.
Орта ғасырлық Европада психикалық науқастарға арналған алғашқы мекеме ауруханалар емес, христиандық ғибадатханалар болған. Жиi акыл-ес бұзылысы «еркін сайтан адам ретінде қарастырылған. Діни ұйымдар ішінен Португалияда негізделген Әулие Иоанных братствосы басым төзімділігімен ерекшеленген. Қайта жаңғыру дәуірінде бүкіл Европа бойынша жандүниелік аруларға арналған арнайы мекемелер ашыла бастады; осы тәрізді алғашқы мекеме 409 ж. Валенсияда (Испания) ашылған. Ол мекемелерде жүргізілмеген, олардың негізгі міндеті есінен адасқандарды қоғамнан изоляциялау болды.
Бізге XVIII ғасыр басындағы ірі психиатриялық емханалардың бұлыңғыр суреттемелері жеткен. Париждік Бисетр, және лондонды Бедлам да толған жағдайда болған, кейбір пациенттер жылдар бойы шынжырда болған, жоқшылық көптеген науқастар әртүрлі аурулар мен аштықтан қайтыс болуының себебі болған. Көптеген ауруханаларда есінен адасқандарды тамашалағысы келетін қауым үшін ақылы келіп көрулер тәжірибеде болған. Европаның әр жерлерінде гуманиз принциптерін ұстанған кішігірім емханалар пайда болды. Қазіргі уақытка дейін Йоркте (Англия) ауқатты квакер Уильям Тькпен (1732-1822) негізі қаланған, ем науқастарға деген аялы, сыйлы қарым-қатынас негізінде жүргізілетін (moral treatment) Ретрит ауруханасы қызмет етуде Флоренцияда осы тәрізді мекеме Винченцо Киаруджидің басшылығымен (1759-1820) ашылған. Француздың кішкентай қалашығы Шамберил дәрігер Жозеф Дакен (1732-1815) сенім мен өзара түсіністікке негізделген ем жүйесін іске асырды. XVIII ғасырдың соңында дәрігерлер «соматиктер» мен «психиктерге бөлінді. «Соматиктердің» негізгі өкілдері (М. Якоби, Ж. Дюфур) психикалық бұзылыстардың мимен байланысын теріске шығарды және олардың себебі тыныс алу, асқорыту және қанайналым бұзылыстары деген. «Психиктер» (Й. Хайнрот), керісінше, акыл-ойдан айрылуды дертті «ынтықтық» натижесі ретінде бағалаған, сондықтан емі үшін «смирения» және жанды «салқындату» шараларын қолданған (мұздай душ, дымқыл матамен орау, бекітетін орындық, күштеп тұрғызу).
Психиатриялық көмекті ұйымдастырудағы шешуші өзгерісті Ұлы Француз революциясымен басталған реформалармен байланыстырады. 1793 ж. 25 тамызындағы революцияның декретімен париждік Бисетр приютінің бас дәрігері болып Филипп Пинель тағайындалды (1745-1826). Шынжырлардың орнына Пинель «жеңіл бекіту - бекітетін жейде тәрізді шараларды қолданды.
ХIХ ғасырдың басы Англияда науқастарды бекітпеуді қолдаған іс-әрекеттер басталды (nо restraint). Э. Чарльсворт пен Г. Гилль науқастарды бос ұстау тек гуманды емес, сауығу үшін де пайдалы екенін дәлелдеуге тырыскан, ал Дж. Коноллидің кеңінен ағарту жұмысы (1794- 1866) бекітпеу идеясы дүниежүзілік қоғамдастықтың жетістігі болды.
Петр I дейінгі Ресейде жандүниелік науқастарға көзқарас қарама-қайшы болды. Христиан діні оларды қорғау мен сүйемелдеу игі іс деп санаған. Оларға аяушылықпен қарап, олардан ерекше біліммен айрықшаланған адамдарды көрген. Бір жагынан М. Лахтинмен жиналған архивтерде ХVII ғасырдағы «Патша тұқымы екені жөнінде сандырақ айтканы үшін, бірақ «ақыл-есі толық емес» екеніне көздері жетсе де жазаланған Ивашка Клеопин жөніндегі іс мысалға келтіріледі. Иван Грозныйдың кезеңінде «Стоглавый соборында» (1551) осындай науқастар, «кедергі болмас үшін және дені сау адамдарды шошытпас үшін» ғибадатханаларға жіберілуі керек делінген.
Петр I алғаш рет жандүниелік аурулар үшін арнайы госпитальдар ұйымдастырылуын талап еткен, бірақ оның кезінде бұл идея іске аспады, тек 1765 ж. Екатерина II патшалығы кезінде Новгород пен Москвада доллгауздарды жасау бойынша жұмыстар басталды. Санкт-Птербургте арнайы емдік бөлім 1779 ж. ғана ашылды. Олардың кебіндегі көрсетілетін көмек әдістері қатаң бақылаумен, байлаулармен шектелді Колмово (Новгородка таяу) мен Бурашевода (Тверь маңындағы) жаңа колониялық ауруханалардың үлкен жетістігі науқастарды егістік пен шеберханаларға еңбекке баулу болып табылды. XIX ғасырдағы Европалық ғылыми зерттеулер психикалық бұзылыстардың негізгі синдромдарын және аурулар ағымының тән стереотиптерін суреттеуге бағытталған. Француз ғалымы Жан Эскироль (1772-1840) және неміс зерттеушісі Вильгелм Гризингердің (1817-1868) психиатрияға қосқан үлестері көп болды. Эскирольдың мономаниялар жөніндегі концепциясы естен адасу адамдық психиканың бір саласын ғана зақымдайтынын көрсетті. Оған және де «ремиссия» және «интермиссия» түсініктерін енгізу идеясы тән. Эскирольдың оқушысы A. Бейль 1822 ж. үдемелі салдануды мерездік менингоэнцефалитті жариялауынан кейін аты шыкты. В. Гризингердің еңбектерінде психикалық аурулар бұл бас миындағы өзгерістердің көріністері, олар - қайтымды (функциональды) және қайтымсыз (органикалық) болады деп айтылған. В. Гризингердің бұзылыстардың қайтымдыдан қайтымсызға ауысуы жөніндегі түсінігі барлық психикалық бұзылыстар дамуының әртүрлі сатысында бақыланатын бір аурудың көріністері деген бүтін психоз концепциясына негіз болды (X. Нойман, Э. Целлер). ХІХ ғасырда Бенидикт А. Морельдің (1809-1873) психикалық аурулардың себебі ретінде дегенерация жөніндегі идеясы үлкен қолданысқа ие болды. ХVIII - ХІХ ғасырларда Америкада европалық психиатрлардың идеялары таралған болатын (бірінші кезекте француз және ағылшынның). Америкалық психиатрияның көшбасшысын дәстүрлі түрде Б. Раш саналады (1745-1813). 1812 ж. ол 70 жыл бойында психиатрия бойынша американдық бірден-бір оқу құралы болып қалды. АҚШ психиатриясы аркан психотерапиялық әдістер мен науқастардың әлеуметтік реабилитациясына жоғары қызығушылық танытты, ауруханалардың ұйымдастырылуы Йорктік Ретриттің принциптеріне сүйенді. Европада невроздың жаңа типін неврастенияны суреттеген американдық дәрігер Дж. М. Биердтің (1839-1883) еңбегі танымалдылыққа ие болды.
Ресейде психиатрияны оқыту өзге де европа елдеріндегідей жүйке ауруларымен бірге жүргізілді. Тек 1867 ж. Санкт-Петербургте Әскери-медициналық академияның психиатриялық клиникасының базасында алғашқы психиатрия кафедрасының профессоры И.М. Балинскийдің басшылығымен (1827-1902) негізі қаланды. Москва университетінде осы кезде студенттерге жүйке және психикалық бұзылыстарды оқыту үшін Рождественкадағы ауруханада тек 20 койка болды. 1887 ж. Девичье Поледегі заманға сай мәскеулік психиатриялық клиниканың ашылуы үлкен жетістік болды (қазір С.С. Корсаков атындағы клиника). С.С. Корсаковтың талабы бойынша 1895 ж. осы клиникада изоляторлар, терезелердегі темір торлар алынып түпкілікті тасталды, аурухананың пошымы соматикалық стационарға ұқсатылды. Клиникадағы шығармашылық атмосфера әртүрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік берді, психологиялық лаборатория ашылды, үнемі теориялық, философиялық және тәжірибелік мәселелер бірге талқыланып отырды. Онжылдық ішінде Корсаковтың ізін басушылар В.П. Сербскийдің (1858- 1917) және П.Б. Ганнушкиннің кезінде (1875-1933) өрге басқан
мәскеулік психиатрия мектебі қаланды. Осы клиниканың қол астында Ресейдің атақты психиатрлары М.ОГуревич, О.ВКербиков, С.Г. Жислин Д.С. Озерецковский, В.М. Морозов және басқалар өз жұмыстарын бастаған.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы кезек - психиатрия саласындағы жаңа Ғылыми көзқарастар түзілуінің басты кезеңі болды.Осы кезде барлық негізгі позологиялық бірліктердің ретті және ғылыми негізделген суреттемелері берілді: Э. Крепелин және Е. Блейлермен шизофрения түсінігі берілдіманиакальды-депрессивті психоз (МДП) Ж. Фальре, Ж. Байярже, Э Крепелинмен, алкогольді полиневриттік психоз - С.С. Корсаковпен суреттелді. Зигмунд Фрейдтің (1856-1939) подсознаниенің рөлі жөніндегі еңбектері психиатриядағы психологиялық зерттеулердің толық бір дәуірін ашты, невроздар мен психопатиялар жөнінде жаңа ұғым түзілуіне ықпал етті. И.П. Павловтың шартты рефлекстер мен жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типтері жөніндегі ілімі психиатрия мен жүйке жүйесі физиологиясындағы зерттеулердің бірігуіне алып келді.
Психикалық бұзылыстардың нозологиялық жіктелуінің негізін қалаушы Эмиль Крепелин болды (1856-1926). Ол психиатрияда бұзылыстар үшін пайда болу себептері, симптоматикасы, ағымының типі, болжамы және мидағы құрылымдық өзгерістері бойынша ұқсас тұрақты нозологиялық бірліктерді (аурулардың) ажыратуға болады деген. Крепелин тұқымқуалаушылық рөлін зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Ал АҚШ-да Адольф Мейер (1866-1950) психикалық арулардың генетикалық табиғатын теріске шығарып, барлық жандүние аурулары сыртқы ортаның жайсыз әсерлеріне пациенттің тұлғалық призмасы арқылы өзгеріске ұшыраған реакциясы болып табылады деді. Танымал француз психиатры Анри Эй (1990-1977) психикалық аурулардың дамуында психологиялық факторлар мен жағдайларының рөлін зерттеуге көп көңіл бөлген.
Психиатриядағы нағыз революция тәжірибеге жаңа биологиялық және дәрілік емдеу әдістерін енгізгенде болды 1917 ж. үдемелі салдануда маляротерапия (Ю. Вагн р-Яурегг) 30-шы жылдары депрессияда коразол және ЭТТ-н емдеу (Л Медуна, У. Черлетти, Л. Бини), 1936 ж лоботомия және лейкотомия операциялары (У Фриман, А. Лима, Э Мониц), 1937 ж шизофренияның инсу нокоматозды терапиясы (М Заке ), 1953 ж. Хлорпромазинмен емдеу психоздарды резерпинмен және (А. Делэй, П. Деникер) ұсынылды. Хлорпромазин (аминазин) нейролептиктер класының бірінші өкілі болды, оның артынан алғашқы антидепрессанттар (имипрамин және ипрониазид), ал кешірек бензодиазепиндер тобының Транквилизаторлары (хлордиазепоксид және диазепам) алынды 60-жж. ортасынан бастап психотропты аттар барлық басқа биологиялық ештерді ығыстыра бастады осыған байланысты амбулаторлық ем кеңінен қолданылып стационарларға түсетін жүк азайды. Германиядағы ұлтшылдық жылдары осыған дейін жарты ғасыр бойында әлемдік психиатрия мен психологияның орталығы жүрегі болған классикалық неміс мектебіне түзетілмес зақым келтірді«Ұлтты тазарту» ұстанымын сылтауратып 1939-1945 жж аралығында гитлерлік Германияда антиадамзаттық соңына түсу тәжірибесі және психикалық ауруларды тікелей жою (100 мыңға жуық науқас жойылып 300 мыңға жуығы стерилизацияланды жүз мыңдағаны аштық пен аурудан қайтыс болды).
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Европа мен Американың көптеген елдерінде жандүниелік ауруларға адамгершіліксіз қатынастың көптеген факттарына қоғамның зейінін өзіне аударатын инициаторлар тобы пайда болады.Осының барлығы антипсихиатрияның кең қозғалысынан көрінді , бұл ғылыми зерттеулерге көмегімен ғана емес талантты әдеби баяндамалардың (мысалы Кен Кизидің «Над кукушкиным гнездом» романының) көмегімен әлемдік қоғамдастықтың жан айқайын туындатты.Бұл қозғалыс психиатриялық көмектің жаңадан қайта құрылуына және гуманизациясына итермеледі.1962 ж АҚШ-да наркотиктер мен алкогольге әуестік заңды түрде қылмыс емес, ауру болып табылатыны мойындалды.
1961 жылы Дүниежүзілік психиатриялық ассоцация (ДПА) түпкілікті құрылды ол психиатриялық көмектің сапасын жоғарылатуға бағытталған бүкіл әлем дәрігерлерінің күшін біріктірді.
ДПА-ң және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметінің маңызды нәтижесі психикалық аурулардың халықаралық жіктеуін жасап шығару болды (қазіргі уақытта оның 10-шы қайта қаралуы қызмет етуде - ХАЖ- 10). Ассоцация дәрігер-психиатрлардың және медициналық персоналдың моральдық принциптерінің тазалығы үшін күреседі бұл принциптер ДПА-ң этикалық декларацияларында бекітілген (1977,1983,1996)
ДДҰ-н бірлесіп 1980 ж медициналық қызмет көрсетудің жалпы деңгейінен кем түспейтін өзінің тұрғылықты жеріне жақын жерден көмек алуды қамтамасыз ететін аурулардың барлық категориясын қамтитын және көптеген қоғамдық және медициналық ұйымдардың қызметтерін координациялау негізінде іске асырылатын психиатриялық қызметтің жаңа стандарттары жасалды.Гуманизация ісінде Италия (1978) мен Грециядағы (1990) психиатриялық қызметтің реформалары айқын жетістік болды.
КССРО-да психиатрия қарама-қайшы жағдайларда дамыды.Мемелекеттік идеология қыспағы генетикалық зерттеулердің дамуына кедергі болды.Мәскеулік психиатрия мектебінің өкілдері (В.М. Гиляровский, А.В. Снежневский, О.В. Кербиков) диагностикаға нозологиялық көзқарастың қолдаушылары болды, олар тұқым қуалаушылық пен патологиялық конституцияның рөліне басым көңіл Моревнел негізі қаланған ленинградтық мектепте (1855- 1927), жоғарғы жүйке жүйесінің физиологиясы үлкен қызығушылықпен зерттелді, жүріс-тұрысты қарым-қатынастар психологиясы позициясымен анализдеді (B.H. Мясищев). Келіспеушіліктер психиатрлар арасында барлық психикалық бұзылыстар сыртқы зиянды әсерлердің (инфекциялардың және жарақаттардың) салдары деген пікір туғызды.
ХХ ғасырдың 80 жж. басында кеңес психиатрларына батыс елдері тарапынан көрсетілген қысым 1983 ж. КССРО-ң ДПА-нан шығуына алып келді. Бұрынғы КССРО-ғы қайта құрылу жылдары «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» жаңа Заңын іске асыруға негіз болды (1993). Заң барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отыра және адам ар-намысын таптауға жол бермейтін сыйлы, гуманды қатынасқа негізделе отырып психиатриялық көмек көрсетуге кепіл береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет