Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Шетелдік кәсіпкерлердің қыруар пайда табу себептері



бет152/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

Шетелдік кәсіпкерлердің қыруар пайда табу себептері

Оларға бәсекелестер болмады

Арзан жұмыс күшін пайдаланды

Кеніштер мен шахталарды өте арзан бағамен сатып алды

Батыс елдерінің банктерінен тиімді түрде несие алды

Тау-кен өнеркәсібіндегі пайдалы саланың бірі алтын өндіру болды. Алтын өндірушілердің арасында орыс және татар кәсіпкерлері басым еді. XX ғасырдың бас кезінде Өскемен уезінде алтын кені қазылатын 50 кеніш болды.



  1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу. Ауылға капиталистік қатынастардың енуі қазақтарды шөп шабумен, балық аулаумен, бақша егумен айналысуға мәжбүр етті. Мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындардың негізгі ошақтары Ақмола мен Семей облыстары болатын.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін көсіпорындардың өзіндік ерекшеліктері болды. Зауыттар мен фабрикалардағы жұмысшылардың саны аз еді. Кәсіпорындардағы техника әбден ескіріп біткен болатын. Мамандықты қажет етпейтін қара жұмыстарды қазақтар атқарды.

  1. Ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның қалыптаса бастауы. Қарамағындағы жердің жаппай тартып алынуы, көшпелі мал шаруашылығының құлдырап кетуі, әлеуметтік құрылымының өзгеруі, міне, мұның бәрі де қазақтарды қайыршыландыруға дейін жеткізді. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының күйзеліске ұшырап, ыдырай түсу үрдісі салдарынан бүкіл өлкеде халықтың екі әлеуметтік тобы қалыптасты. Олар байлар және жал- дамалы жұмысшылар еді.

Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылары мен болыстар сияқты ауқаттылар байыған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кәсіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ даласында олар бай саудагерлер деп аталды. Олардың мал сойып, ет өндіруді кәсіп еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорындары болды. Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты.
Ұлттық сауда-өнеркөсіптік буржуазиясы өкілдерінің арасында қайырымдылық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Павлодар уезіндегі Қараөткел болысының басшысы А. Қазанғапов кедейлерге, мешіттер мен мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсіпкер Б. Шоқабасов Павлодар қаласында мешіт салдырды. Томск губерниясындағы бай қазақ Нұрекен Мекке қаласында жүз кісілік қонақүй салуға үлкен үлес қосты. Ол қонақүйге қажылыққа барған қазақтар жайғасып жүрді. Қазақтың бірқатар ауқатты адамдары газет-журнал шығару ісіне қаржылай көмек көрсетті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет