Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы



бет19/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
6. Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы. Әбілқайыр Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады. Бейне бір тізбекті реакция сияқты құбылыс пайда болды. Оның үстіне, Ресейдің қол астына өту бәлендей міндеттер жүктей қоймайтын еді. Патша үкіметі қазақтардың билеушілеріне ірі-ірі сыйлықтар берді. Әрбір шекаралық бекініске қазақтардың ақсүйектеріне «қолдау көрсету үшін» едәуір мөлшерде ақшалай қаражат бөлінді.
Патша үкіметі түрлі сыйлықтар жасауға, ақшалай және азық-түлік жағынан көмек көрсетуге сараңдық жасамады. Қазақтар шекаралық шептерде айырбас түріндегі сауда жасауға мүдделі болды. Ресейдің қол астына өту олардың жылдың қысқы мерзімінде шекараның ішкі жағына еніп, уақытша тұрақтауына мүмкіндік беретін еді. Ресей өзінің қол астына өткен хандықтардың ешқайсысының ішкі істеріне де, сыртқы істеріне де қол сұғып араласпады.
1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың араағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе — Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
Патша үкіметі Әбілқайырдың көмегімен Хиуа хандығын Ресейдің қол астына өткізуге әрекет жасап бақты. Бірақ Хиуа хандығы ол ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартты.
Патша үкіметі қазақ-жоңғар шапқыншылығын пайдалана отырып, Қазақ мемлекетінің солтүстіктегі жерлерін ашықтан-ашық одан әрі жаулап алу әрекетіне кірісіп кетті. 1752—1755 жылдары Орта жүз жерінің солтүстік аймағында Жаңаесіл шекара шебіндегі әскери бекіністер мен ұсақ-түйек дала бекіністерінің құрылысы жүріп жатты. Ол Үй шекара шебін Ертіс шекара шебімен жалғастырды. Оның бойында Звериноголовская, Петропавл, Пресновская және басқа бекіністер салынды. Оған едәуір көп әскер күші шоғырландырылды. Бұрынғы доға тәріздес Ескіесіл шекара шебі енді «тігінен түзетіліп», қазақтардың көшіп-қонып жүретін жерінің ішіне қарай 250 шақырым кіріп кетті.
Ескіесіл және Жаңаесіл аталған шекара шептерінің аралығында ежелден бері көшіп-қонып жүрген қазақтар одан күшпен қуып шығарылды. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан көші-қон жүйесін бұзды. Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Өйткені ол жерлер жаңадан белгіленген шекаралық шептің «ішкі жағында» қалып қойды. Қазақтардың қарулы қарсылығы басталып кетті. Бұл оқиғалар XIX ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің бірі Н. Петропавловскийдің еңбегінде жеткілікті дәрежеде жан-жақты суреттелген: «...Қорған, Есіл және Туқала округтерінде шаруалар қырғыздармен (қазақтармен) күрес жүргізді. Осы ең соңғы кезге дейін дерлік олар өздерінің қожайын ретіндегі құқығын қорғап қалуға тырысты, біздің ғасырымыздың (XIX ғасыр. - авт.) 40-жылдарының өзінде де шаруалар мен қырғыздар (қазақтар) арасында қанды қырғын қақтығыстар болып келді...»
Жаңа шекара шебі жаңадан басып алынған жерлерді оның күні кешегі заңды иелерінен, яғни қазақтардан қорғау үшін патша үкіметіне қызмет етті. Бір жағынан жоңғарлармен, екінші жағынан башқұрттармен жанталаса күрес жүргізген қазақтардың патша үкіметінің жерді тартып алу экспансиясына ұйымдасқан түрде қатты қарсылық көрсетуге мұршасы келмеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет