Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Абылайдың қазақ тарихында алатын орны



бет27/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
5. Абылайдың қазақ тарихында алатын орны. Абылай хан 1781 жылы дүние салып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленді. Абылай ханның қайтыс болғанын естіген Қытай өкіметі көңіл айтып, елшілік аттандырды.
Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды. Орыс ғалымы И. Крафттың сөзімен айтқанда, «Ол (Абылай. - авт.) қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бірде Ресейге, бірде Қытайға, енді бірде Жоңғарияға шын берілген болып көріне білді, ал шын мәнінде ешкімге де бас иген жоқ».
Абылай хан қазақтардың басын қосып біріктіру үрдісіне басшылық етті және ұлан-байтақ далада бір орталыққа бағынатын мемлекет құруға зор ықпал жасады. Жоңғар және Еділ қалмақтарын тас-талқан етіп, жеңіп шығуда ол аса маңызды рөл атқарды. Қытай әскерінің Қазақстан аумағымен ілгері қарай ішкі аймақтарға жылжуын тоқтатып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақтардың Тарбағатайдағы және Іле өзені өңіріндегі байырғы дәстүрлі мал жа- йылымдарын қайтарып алуына қол жеткізді. Алатау қырғыздарының қазақтарға шабуыл жасауын да тоқтатты.
Абылай хан қазақтардың өз арасында ғана емес, сонымен қатар көрші халықтардың арасында да орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді. «Қазақтар жауға аттанғанда оның атын «Абылай! Абылай!» деп ұран етіп шапты. Ә. Бөкейхан өзінің «Қырғыздар» (қазақтар. - авт.) деген еңбегінде Абылайдың атын тіпті Сібір казактарының ұран ретінде пайдаланатыны туралы былай деп жазды: «Абылай!» деп ұран тастау тіпті Сібір казак-орыстарында да бар. Олардың біреуі өзінің ұлын 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғысына аттандырып тұрып, оған бата ретінде: «Абылай! Абылайдеп атой сал... «Абылай деп шабуыл жаса!» дегенін көрдім». Ш. Уәлихановтың сөзімен айтқанда Абылай «қазақ даласына ұлы істер тындыру үшін жіберілген құдіретті билеуші болды».
Қазақстан қалаларының басты көшелері Абылай ханның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және дүниежүзі тілдері университетіне Абылай ханның есімі берілген. Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла орнатылған. Қазақтар аса көрнекті қазақ ханының есімін бүгінде өздерінің перзенттеріне зор ықыласпен қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет