Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері



бет35/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері. Көтерілісті халыққа кеңінен танымал батыр Сырым Датұлы басқарды.

Ол Кіші жүздің ішіндегі он екі ата Байұлы бірлестігінің Байбақты руынан шыққан ірі түлға болатын. С. Датұлы Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінің барысында өзін шебер дипломат, әскери қолбасшы әрі көрнекті ұйымдастырушы ретінде көрсете білді.
Көтерілісшілердің жетекшісі әрі шешен, әрі би ретінде өз даңқын асырған еді. Асқан ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында «Бала би» атанған болатын. С. Датұлы денелі, күшті, талай ерлік істерімен танылған, қайсар, өрмінезді адам еді. Замандастарының арасында ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен де ерекшеленетін. XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ағылшын журналисі Д. Ч. Бульжер былай деп жазды: «...Сырым батыр — жігерлі, терең ойлы, қайратты, батыл, тапқыр, айлалы ерекше тұлға. Ол халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық оған табынған десе де болады».
Көтеріліске қарапайым көшпелі қазақтардың едәуір бөлігі, старшындар, билер және батырлар белсене қатысты. Олардың бәрі де Кіші жүздегі барлық рулық бірлестіктердің, әсіресе Ресеймен шектес жерлердегі рулардың өкілдері болатын. Өйткені жайылым тапшылығының ауыртпалығын көтерген де, Орал казак әскерлерінің шектен шыққан озбырлығын көрген де солар болатын. Көтерілісшілердің арасында сұлтандар тобынан шыққандар да бар еді. Солардың бірі - атақты батырдың жақын серігі Айшуақ сұлтанның ұлы Жантөре.
Көтерілісшілердің қойған ең басты талабы - патша үкіметінің қазақ жерлерін тартып алуын тоқтату, сонымен қатар сұлтандардың, ханның және олардың айнала төңірегіндегілердің озбырлығына тыйым салу еді.
4. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері. Қалыптасқан жағдайда патша үкіметінің алдында тұрған ендігі міндет Кіші жүз қазақтарын басқарудың жаңа түрлерін ойлап табу еді.
1784 жылы Орынбор губерниясының бастығы болып О. А. Игельстром келді. Ол аймақты басқару жөніндегі икемді саясат жүргізуге қабілетті адам ретінде белгілі болатын. О. А. Игельстром қазақтар туралы «жаны жайсаң ақкөңіл халық» деген жағымды пікірде болды. Кіші жүз қазақтары арасындағы жағдайды тез түсініп үлгерді. Билікті билер кеңесіне беруді жақтаған Сырым батырдың ықпалын әлсіретуге тырысты.
1786 жылы О. Игельстром хан билігін реформалаудың жобасын ұсынды. Ол реформаның мәні хан билігін толығынан жою, Орынборда Шекаралық сот билігін орнату еді. Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойынша - Әлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу ұсынылды. Оның әрқайсысында сот билігін жүзеге асыратын әкімшілік органдар - ру ақсақалдары кіруге тиісті расправалар құрылатын болды. Оның құрамына төраға, оның ақсүйектерден тағайындалатын екі орынбасары және бір молда енгізілетін болды. Олардың атқаратын жұмысы үшін қазына есебінен жалақы төлеу көзделді. II Екатерина Игельстромның бұл ұсынысын қолдады. Кіші жүз аумағында екі не үш қала, бірнеше мешіт, ақсүйектердің балалары оқитын мектептер салынатын болды. Бұл шаралардың бәрі де Кіші жүз қазақтарының Ресей империясынан іргесін аулақ салып, саяси оқшаулануын жоюға тиіс еді.
Бірақ Игельстромның реформасы Кіші жүздегі сұлтандар мен старшындардың наразылығын туғызды. Өйткені олар қазақ даласындағы өз ықпалынан айырылғысы келмеді. Орта жүз бен Ұлы жүздегі Шыңғыс әулеттері де осылай ойлап, олармен ынтымақтастық танытты. Сондықтан да Игельстром ұсынған жаңа басқару органдары өмірге бейім болмай шықты. Әкімшілік орган - расправалар іс жүзінде бас қосып жиналған жоқ, ешқандай жұмыс та атқармады.
Хандықты қолдаушы сұлтандар Батыр сұлтанның ұлы Қайыпты хан сайлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет