Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


XVIII ғасырдың соңында ашылған мектептер



бет43/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

6. XVIII ғасырдың соңында ашылған мектептер. Ресейді императрица II Екатерина басқарып тұрған тұста зайырлы сипаттағы мектептер ашыла бастады. Ол мектептер империяның отаршыл аппараты үшін шенеуніктер, аудармашылар, мұғалімдер мен дәрігерлер дайындауға тиіс болды. Ондай мектептер басым көпшілік жағдайда негізінен шекара шебіндегі бекіністерде ашылды. Мәселен, 1765 жылы Сібір шекара шебінің бастығы генерал Шпрингер Омбыда, Петропавлда және Жәмішевте гарнизондық мектептер ашты. Қазақтар балаларымыз орыстанып, христиан дініне көшіп, шоқынып кетеді деген қауіппен алғашқыда ол мектептерге оқуға беруге онша ықыласты бола қойған жоқ. 1789 жылы Омбыда азиялықтарға арналған үкіметтік мектеп ашылды. Бұл мектептерде әдеттегі сауат ашу мен арифметикадан өзге татар, түрік, араб, парсы тілдері қоса оқытылды.


Ақын - өз жанынан өлең шығаратын сөз шебері.
Жырау - жырды көп білетін және жанынан өлең шығаратын жыршы адам.
Күй - қазақ халқының музыкалық шығармасының бір түрі.


Георги Иоганн Готлиб (1729-1802) - белгілі неміс этнографы, географы, табиғат зерттеушісі әрі саяхатшысы. 1768-1774 жылғы Орынбор академиялық экспедициясы құрамында Ресейдің оңтүстік-шығысында, Еділ бойында, Жайықта, Солтүстік Қазақстанда, Алтайда болған.
Ломоносов Михаил Васильевич (1711-1765) - орыстың көрнекті ғалымы, ақын, суретші, филолог әрі тарихшы.
Рычков Петр Иванович (1712-1777) - Ресей Ғылым академиясының бірінші корреспондент-мүшесі, белгілі экономист, географ және Орынбор өлкесінің тарихын зерттеуші.



«Татар казактары арасында Орфей табылып, бізге қырғыз (қазақ) флейтасында ойнап берді. Шығыңқы бөлігі ойық келген, төмен қарай тарыла түсетін, жартысына дейін қақпақпен жабылған екі шекті бұл музыкалық аспап лютнаға ұқсас келеді екен. Жылқының құйрық қылы керілген таяқшамен шекті ысқылағанда аққудың қиқуына ұқсас әуезді дыбыс шықты, аспаптың өзі де сыртқы түрі жағынан аққуды еске түсіреді».
Паллас. Ресей империясының өртүрлі провинцияларына саяхат// Деректер мен қүжаттар бойынша Қазақстанның өткен тарихы. 2-басылымы. Алматы, 1967, 246-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет