Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет44/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

& 12. Дәстүрлі билер соты


XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды. Билер соты ел бірлігін, жер тұтастығын сақтауда маңызды тарихи қызмет атқарды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын бірте-бірте жоя бастады.
1. Қазақтың билер соты — бірегей сот жүйесі. Ресей Қазақстан аумағына азаматтық жөне өскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.
Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би, біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек. Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі, түйткілді істің түйінін шешуде ұшқыр ойлы, тапқыр болуы қажет. Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін. Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады.
Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.
Сот процесі шағымданушының тілегі немесе хан мен сұлтан, старшындардың тапсыруы бойынша басталды. Дәстүрге сай ежелгі салт-жоралар қатаң сақталынды. Мәселен, белгілі бір бидің билік жүргізуін таңдау үшін сотқа қатысушылар оның алдына қамшы тастайтын. Билер соты әдеттегі ұсақ тәртіп бұзушылықтан бастап, ең ауыр қылмыс саналатын қылмысты істерді қарастырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет