Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет40/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

2. Қазақ әдебиеті. XVIII ғасыр қазақ халқы мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Көшпелі өмір салты жағдайында халықтың ауыз әдебиеті, жыраулық дәстүрі, музыка өнері ерекше дамыды.
Қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресі, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы дала тұрғындарының ұлт-азаттық қозғалысы сол кездегі ақын-жыраулардың негізгі тақырыбына айналды. Қазақ әдебиеті тарихында Ақтамберді Сарыұлы, Бұқар жырау Қалқаманұлы, Тәтіқара, Үмбетей Тілеуұлы сияқты көрнекті ақындар мен жыраулар ерекше орын алады.
Қазақтың көрнекті жырауларының бірі - Ақтамберді жырау Сарыұлы. Ол жоңғарларға қарсы көптеген жорықтарға қатысқан және батыр ретінде де белгілі болған жырау. XVIII ғасырдың 50-жылдарында жоңғарлардан азат етілген жерлерге қазақтардың қайта оралуын басқарды. Ақтамберді жыраудың бүкіл шығармашылығы елді ерлікке, қаһар- мандық пен батылдыққа үндеуге арналды. Оның кесенесі Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Жүрекжота шо- қысының баурайында осы уақытқа дейін бой көтеріп тұр.
XVIII ғасырда қазақтардың арасында атақ-даңқы кеңінен жайылған жырау, қазақтардың әдет-ғұрып заңдары мен шежіресінің ғажайып білгірі, би әрі данышпан дипломат, мемлекет қайраткері Бұқар Қалқаманұлы болды. Ол қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Далба тауының етегінде дүниеге келген. Әкесі Қалқаман батыр да ерлігімен және жаужүрек батылдығымен халыққа кеңінен танымал болған еді. Халық арасында Бұқар жырау «Көмекей әулие» атанды. Бұқар жырау көптеген терең ойлы, ғибрат аларлық өсиет өлеңдер шығарды. Олардың негізгі идеясы Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау мен нығайту мәселесіне арналды. Бұқар жырау Абылайдың тұсындағы данагөй билердің бірі. Ол Абылайдың ең жақын кеңесшісі әрі сенімді серіктерінің бірі болды. Өзінің толғауларында Абылайдың мінін ашық та батыл айтумен бірге оны прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде де мадақтады:

«...Хан Абылай атандың,


Дүниеден шыңпай еш мінің.
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың,
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділдікпен жүрдің сен,
Әдепті іске кірдің сен...»

Бұқар жырау шындықты бетің бар, жүзің бар демей, әрқашан тура айтқан. Болашақты болжай білетін көріпкелдік дарыны да болған. Ол өзінің жыр-толғауларында патша үкіметінің алысты көздейтін отаршылдық саясатының зардабы болашақта қандай болатынын күні бұрын сезіп, болжай білді. Бұқар жырау шығармаларының негізгі тақырыбы - туған елге, өскен жерге деген шексіз сүйіспеншілік, отаншылдық, қазақ батырларының ерлігін мадақтау. Сыртқы жаулардан қатер төнген кезде халықты жұмылған жұдырықтай бірлікке, топтасуға шақырды. Ол Қазақстанның өз алдына күшті, бір орталыққа бағынған әрі тәуелсіз мемлекет болуын армандап өтті.


Бұқар жыраумен замандас және оған идеясы жағынан жақын Үмбетей Тілеуұлы болды. Ол жоңғарларға қарсы жорықтардың бәріне де қатысты. Қазақ батырларының көрсеткен ерлігін жырлады. Қазақ халқының қас батыры Қанжығалы қарт Бөгенбайды жоқтау және оның өлімін Абылай ханға естірту сияқты жырлары халық жадында сақталған.
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде Тәтіқара, Шал, Көтеш жыраулардың жырлары халық арасында кеңінен таралды.
XVIII ғасырдағы қазақ ақындары мен жыраулары шығармаларының басым көпшілігі ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіліп келді. Тек ХІХ-ХХ ғасырларда ғана қазақ және орыс зерттеушілерінің ел аузынан жазып алуы арқасында баспа бетінде жарық көрді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет