Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет32/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Көтерілістің жеңілу себептері. Е. Пугачев бастаған, оған қазақтар да қатысқан шаруалар көтерілісі жеңіліске ұшырады. Қазақ жасақтарының арасыңда өзара келісілген жоспар болмады, сондай-ақ Е. Пугачевтың бас штабымен байланыс жасап, жалпы үйлестірілген іс-қимыл да болған жоқ.

Көтеріліске қатысқан, бір жағынан қазақтардың, екінші жағынан қалмақтардың, башқұрттардың, Жайық казактарының арасында бұрыннан келе жатқан ескі кикілжің бар болатын. Патша үкіметінің әскерлері жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен еді. Қазақ ақсүйектері, Нұралы хан мен оның төңірегіндегілер істің немен бітетінін аңдып, әліптің ақырын күтті. Олардың бұл қылығы қазақтардың көтеріліске қатысу белсенділігін әлдеқайда бәсеңдетіп жіберді.
Патша әкімшілігі көтерілісшілерді қатаң жазаланғаннан кейін, жергілікті басқару жүйесін қайта өзгертуді қолға алды. Орынбор өлкесіндегі қазақтарды басқару үшін Шекаралық экспедиция деген құрылды. Орал шекара шебі қайтадан қалпына келтіріліп, ондағы бекіністер әлдеқайда күшейтіле түсті. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысын халықтың есінен мәңгілік шығарып, біржолата ұмыттыру үшін 1775 жылы арнайы үкімет жарлығы шығарылды. Жарлықпен түркі тіліндегі Жайық өзенінің аты Орал, Жайық казактары Орал казактарының әскерлері, Жайық қалашығының аты Орал қаласы деп өзгертілді. Көтерілістің басшысы Емельян Пугачевтың аты-жөнін атауға қатаң тыйым салынды. Орал казак әскерлерінің саны көбейтілді. Қазақтардың Орал өзенінің оң жақ бетіне өтуіне тағы да өте қатаң тыйым салынды.

  1. Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуының тарихи маңызы. Қазақтардың Ресейдегі аса ірі шаруалар көтерілісінің біріне қатысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Көтерілістің барысында Еділ-Жайық аймағындағы орыс, башқұрт, қазақ және қалмақ сияқты халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына бірлескен күресінің мүмкіндігі айқын көрінді.

Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі көшпелі қазақ қауымын тыныштандыру үшін кейбір шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Мәселен, 1782 жылы Кіші жүз қазақтарының қысқы кезеңде Еділ мен Жайық аралығын жалға алу арқылы қыстап шығуына рұқсат етілді.
Қазақтардың бұл шаруалар көтерілісіне қатысуы көшпелі халықтың өз тәуелсіздігін қайтадан қалпына келтіруге, байырғы атамекенін әскер күшімен басып алуға жол бермеуге деген ұмтылысының күшті екенін көрсетті. Сонымен қатар көтеріліс Кіші жүзде хан билігінің беделі төмендегенін көрсетті. Көтерілістің сабақтары босқа кеткен жоқ. 1783 жылы қазақтар патша үкіметіне қарсы алғашқы әрі кең көлемді дербес ұлт-азаттық көтеріліске шығуына сабақ болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет