Кіші жүз аумағының әкімшілік бірлікке бөлінуі
Батыс округ
|
Орта округ
|
Шығыс округ
|
Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың латша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқашан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.
Дистанциялардыц құрылуы. Бұрын Кіші жүз қазақтары ресми құжаттарда шекара шебіне жақын және далалық жерлерде тұратындар деп екі топқа бөлінетін. Шекара шебіне жақын тұратындар кейін дистанцияларға, ал олар старшындықтар мен ауылдарға бөлінді. Дистанциялар жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктерге айналды. Оларды дистанция бастықтары басқарды. Уақыт өте келе дистанция бастықтарының билігі алыстағы ауылдарда да жүр- гізілетін болды. Дистанция бастықтары түтін салығы деп аталған салықты жинаудың барысын қатты қадағалады. Әр үй басына салынатын «түтін салығының» мөлшері 1,5 күміс ақшаға (сомға) тең болатын. Жалданып жұмысқа тұрушылар үшін айына 15 тиыннан алым енгізілді.
«Орынбор қырғыздары (қазақтары. - авт.) туралы Ереже» (1844 ж.). «Орынбор қырғыздары жөніндегі Жарғының» кемшілік тұстары көп еді. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы Ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясы аумағының бір бөлігі деп жарияланды. Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргізді.
Жаңа ереже бойынша билер сотына барынша шектеу қойылды, ол ұсақ-түйек мәселелерді ғана қарайтын болды. Үкіметке қарсы әрекеттер жасау, кісі өлтіру, қарақшылық жасап ел тонау, барымта алу сияқты қылмысты істерді әскери сот қарады. Ал ұрлық жасау, алаяқтық, бұзақылық, 50 сомнан жоғары мүліктік талап сияқты істер Ресей империясы шекара комиссиясының жанындағы жалпы заңдар негізінде қаралды. Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтардың жағдайы олардың Орта жүздегі қандастарына қарағанда әлдеқайда ауыр еді.
Достарыңызбен бөлісу: |