Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016


Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары және тарихи маңызы



бет95/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы

7. Оңтүстік Қазақстандағы халық көтерілістерінің жеңілу себептері мен салдарлары және тарихи маңызы. Көтерілісшілердің жеңіліс табуының басты себебі - олардың қару-жарағы нашар, күрес тактикасы ескі болатын. Арал маңындағы қазақтардың көтерілісі жергілікті сипат алды. Патша үкіметі бүл кезге дейін көптеген әскери бекіністер салып үлгерді, сондай-ақ Қоқан хандығының бекіністерін де жаулап алған болатын. Бұл аймаққа патша үкіметі қыруар қару-жарақ, соның ішінде зеңбіректерді де жеткізген еді. Аймақтағы Ресей әскерлерінің саны жыл сайын арта түсті. Кө- терілісшілердің бір мезгілде Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы күрес жүргізуі олардың күшін әлсіретті. Оның үстіне, Ресей әскері Жетісу жағына да келіп, патша үкіметінің бұл аймақтағы күш-қуатын арттыра түсті.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты.


Жасауыл - патша армиясындағы казак офицерлерінің шені.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) - Кіші жүздің әлім тайпасы шекті руынан шыққан белгілі батыр әрі би. Қазақтардың патша үкіметіне, Хиуа мен Қоқан хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
Есет Көтібарұлы (1807-1888) - Кіші жүздің белгілі батыры. Хиуа, Қоқан хандықтарына және Ресей империясына қарсы бағытталған көтерілістердің жетекшісі.



«Кенесары Қасымов қайтыс болғаннан бері бері сұлтандар хан билігін қайтадан қалпына келтіруге тырысқан әрекеттерін қойды және олардың халыққа ықпалы да қалмай бара жатыр. Бірақ бұрынғыдай бостандық жөніндегі мәселе әлі ұмыт болған жоқ. Бұрынғы сұлтандардың орнын соңғы кезде қырғыз (қазақ. - авт.) батырлары басып, олардың ісін жалғастыруда. Біздің бұл еңбегімізде сондай екі батырдың - Жанқожа Нұрмұхамедов пен Есет Көтібаровты атап айтудың маңызы зор. Бұл екі батыр да Арал теңізінің төңірегіндегі орасан зор кеңістікте көшіп-қонып жүретін үлкен ру - шектіден шыққан... Жанқожа мен Есеттің екеуі де қарапайым қырғыздардың (қазақтардың. - авт.) қалың бұқарасының арасынан ерекше көзге түскен тұлғалар. Екеуі парасатты ақыл-ойға, дене күшіне бай, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздар, оның үстіне, Жанқожа қара қылды қақ жарған әділ би ретінде де кеңінен танымал. Бұл екі батыр Кенесары Қасымов қайтыс болып, тарих сахнасынан кете салысымен-ақ шекті руын өздерінің қалаулары бойынша басқара бастады. Олар ешқандай да сыртқы билікке бағынбағандығымен қоймай, өздерінің ықпалын көрші руларға да күшейтуге, кеңінен таратуға тырысуда».
Добромыслов А. И. Торғай облысы. Тарихи очерк // Императорлық Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесінің хабаршысы. Тверь, 1902, №17, 405-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет